Арр Store магазинімен танысу

Mac OSX Ш.6.6-та көрсетілген Арр Store программасы Мас программалық қамтамасыз етілуімен сәйкес келетін негізгі көзді көрсетеді; ол Apple-дің жаңа программалық қамтамасыз етілуінің жалғыз көзі болады. Арр Store бірыңғай интерфейске жаңа ПҚ-ге ие болу мен орнату бойынша барлық қадамдарды біріктіреді. Осы сабақта ары қарай қарастырылатын бұл қадамдар жаңа ПҚ қарау мен іздеуден, ПҚ жүктеу мен орнатудан, ПҚ-ді сатып алу үшін қолданылатын тіркеу жазбаларын басқарудан, орнатылған ПҚ-ді жаңарту мен сатып алынғандарды басқарудан тұрады.

Mac OS X 10.6.6 қолданудан басқа, Арр Store арқылы ПҚ-ді орнатуға тағы бірнеше талаптар қойылады.

► Интернетке қосылу. Арр Store құрамына қолжеткізу үшін Интернет желісіне қосылу керек. Жылдам кеңжолақты қосылуды пайдалану ұсынылады, бірақ ақырын қосылулар да жарайды, бірақ ұзақ уақыт күту керек.

► Apple ID идентификаторы. Бұл идентификатор ақылы немесе тегін Арр Store кез келген ПҚ-ді орнату үшін керек. Егер сіз программаны сатып алуды жоспарласаңыз, онда Apple ID идентификаторымен қызмет жасап тұрған төлем ақы картасын байланыстыру керек. Apple ID тіркеу жазбасын басқарудың барлық сұрақтары осы сабақта ары қарай қарастырылатындай, “ Арр Store тіркеу жазбасымен басқару” бөлімінде айтылғандай, Арр Store программасында шешіледі.

► Администратор ретіндегі авторландыру.

Арр Store программасын ашу үшін администратордың өкілеттілігіне ие болу міндетті емес. Бірақ Арр Store арқылы қосымшаны орнату үшін администратордың тіркеу мәліметтері көрсетілуі керек. Бұл Арр Store құрамын тек жүйе мен администратор өзгерте алатын Программалар (/Applications) папкасында жаңа қосымшаны орнатумен түсіндіріледі.








Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 836;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.