Базалық фигуралар.

Базалық фигураларҚұралдар жиынында орналасады. Құралды таңдау құралдар жиынынан белгілеу немесе тышқанның оң жағы→объектті жасау →құралкомандасы арқылы орындалады.

1.3.2 Тіктөртбұрыш.Тіктөртбұрышты таңдап, бір төбесін тышқанды шертіп белгілеп жібермей диагональ арқылы қарама-қарсы төбесін көрсетіп тышқанды жібереміз.

 

Тіктөртбұрыштың төбелерін дөңгелектеуге болады.

1.3.3 Үш нүктелі тіктөртбұрыш.Үш нүктелі тіктөртбұрыш салу үшін бірінші бір төбесін белгілеп сол арқылы тіктөртбұрыштың бір қабырғасын саламыз, сосын тышқанды жібергеннен кейін биіктігін көрсету арқылы тіктөртбұрышты салуды бітіреміз.

1.3.4 Эллипс. Тышқанды бір шертіп жібермей, қалаған жаққа қарай тарсақ салынатын эллипстің контуры көрінеді, тышқанды жіберсек келтірілген формаға келеді.

 

Құралдың қасиеттік тақтасынан салынған эллипсті доғаға не секторға ауыстырып, бұрыштарын келтіруге болады.

1.3.5 Үш нүктелі эллипс.Үш нүктелі эллипс үш нүктелі тіктөртбұрышты салғандай етіп салады.

1.3.6 Көпбұрыш.Көпбұрыш салу тіктөртбұрыш сияқты оңай. Қасиеттік тақтада бұрыштар санын , көпбұрыштық не жұлдыздық режимін және бұрыштардың сүйірленуін көрсетуге болады. Көпбұрыш арқылы 3-тен 500 бұрышты көпбұрыш салуға болады.

­­

1.3.7 Спираль.Спираль салынғаннан кейін қасиеттік тақтада орама санын, симметриялық не логарифмдік спираль қылып өзгертуге болады.

 

1.3.8 Диаграмдық тор.Қасиеттік тақтада тордың қатар мен баған санын және тордың шаршысының өлшемдерін өзгертіп, сан түрлі торлар салуға болады.

 

.3.9 Автофигуралар.Автофигуралар– бұл динамикалық объектілер. Автофигураларды сырт көрінісінін бір не бірнеше контрольдық нүктелер (маркерлер) арқылы өзгертуге болады. Автофигуралар беске: негізгі фигуралар, бағдар, блок-схема, жұлдыз және шығарылған сөздер(выноски) болып бөлінеді.

 

 

1.2.10 Түзу салу құралдары.Түзу салу құралдары -Қисық(свободная рука), Безье қисығы, Көркемдік түзу(живопись), Қылқалам(перо), Сынық (Ломаной), Үш нүктелі қисық, Өлшемдік және Интерактивті түзу қосқыш (инструмент интерактивного соеденения ) құралдары.

 

 

Түзу салу құралдарының мақсаты бір болса да, қолданатын жері мен қолдану ережелері әртүрлі. Барлық түзу тышқанды шетіп жібермей сызылады. Бұл құралдардың кейбірі бірнеше құралдардан тұрады. Төменде кейбір бір-біріне ұқсастығы бар құралдарға сипаттама берілген.

Көркемдік түзу. Көркемдік түзу әртүрлі “көркемдік түзулер”түрін салуға өте ыңғайлы.Көркемдік түзу құралы режимінде 5 түрлі: Дайын штрихтар(загатовка), Бояғыш(кисть), Бүріккіш(пульверизатор), Каллиграфиялық қылқалам, Қысқышы бар қылқалам(перо с нажимом).

 

Дайын штрихтар қалыңдығы 0,03-тен 10 дюймге дейін жететін 23 түрлі штихтарды пайдаланып түзу сызуға болады.

 

Бояғыш арқылы дайын штрихтар тізімінен әртүрлі штрихті пайдаланып түзулер сызуға болады.

 

 

 

Бүріккішпен жұмыс істеу қиындау. Ол сызылған түзу орнына дайын объектілер тобын салады. Мысалы, шарлар, шөп, гүлдер, адамдар, жапырақтар және адамның ізі – объект бола алады.

 

Каллиграфиялық қылқалам мен қысқышы бар қылқаламның қалыңдықтарын және бұрышын өзгертуге болады.

 

 

 

Осы құралдарды пайдалана отырып алынған түзуді дайын штрих ретінде сақтауға болады. Оны көп пайдаланатын түзулерге қолданған жөн.

Қисық және сынық құралдары.Екеуі де қисық сызық не түзу сызық сызуға көмектеседі. Екеуінің айырмашылығы Қисық құралымен түзудің басын тышқанды шерту арқылы бастапқы нүктесін белгілеп жібермей соңғы нүктесінде тышқанды жіберсек, түзуді сол жерде үзіп аламыз.

 

Ал Сынық құралында түзудің соңғы нүктесінде түзу үзілмейді, жалғасып сызыла береді, үзу үшін екі рет шерту керек. Екеуінің де қасиеттік тақтасы бірдей десек те болады.

 

Үш нүктелі қисық құралы. Тышқан арқылы түзудің бастапқы нүктесін көрсетіп тышқанды жібермей соңғы нүктесін көрсеткеннен кейін тышқанды қозғау арқылы керек қисықты аламыз.

Безье қисығы және қылқалам құралдары.Бұлекеуіде дәл қисықтарды салуға арналған. Бірақ Безье қисығы құралымен қисықты үлкен дәлдікпен салуға болады.

 

Осы екі құралмен салынған қисықтар түйіндерден тұрады. Түйіндерді қозғау арқылы қисықты қисайтуға болады. Түйіндермен жұмыста Форма құралы арқылы жүзеге асырылады. Қасиеттік тақтадағы түйіндермен жұмыс батырмалармен керек қисықты аламыз.

 

 

 

 

Өлшемдік құрал.Өлшемдік құрал инженерия, архитектура, электромеханика және тағы басқа салаларда жұмыс істейтіндерге қажет. Қасиеттік тақтаны пайдаланып, объектінің ұзындығын, енін, бұрышын және тағы басқаларының өлшемдерін көрсетуге болады.

Интерактивті түзу қосқыш құралы. Бұл құрал блок-схема, ғылыми және техникалық диаграмма сызуға арналған.

1.3.11 Жиектеу қаламы құралы.Жиектеу қаламы құралынан бұрын фигураның жиегі(обводка) туралы бір-екі сөз жазсақ. Әрбәр фигураның жиегінің түсі, қалыңдығы, стилі болады. Оларды басқару (өзгерту) қасиеттік тақтада орындалады.

 

 

 

 

Мұнда объектіге қолданылған өзгерістерді бірден көре аламыз. Ал Жиектеу қаламының сұхбат терезінде жасалған өзгерістерді Ok батырмасы арқылы бекітеміз. Жиектеу қаламының сұхбат терезінде жиектің түрін, түсін, қалыңдығын, бұрышын және тағы басқаларын өзгерте аламыз.

 

 

 








Дата добавления: 2019-02-07; просмотров: 1021;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.013 сек.