Мәтінді форматтау сұхбат терезесі

Қасиеттік тақтада және меню арқылы жасай алмаған түзетулерді Мәтінді форматтау сұхбат терезесінде орындауға болады. Мәтінді форматтау сұхбат терезесінде бес бүктеме(вкладка) арқылы мәтіннің барлық параметрлерін (символ, қаріп, түрту(вычеркивание), жылжу(смещение), кллонна, текст бағыты, кернинг, теңестіру, абзац) өзгертуге болады. Мәтінді форматтау сұхбат терезесіне қасиеттік тақта арқылы барады.

Мәтінді түзеу(редактирование).Мәтін режимінде мәтінді түзеу Windows-тың колданбалы программаларындағыдай. Егер кімде-кім Windows-тың мәтіндік прцессорларында мәтінді түзей алса, онда Corel Draw-да мәтінді түзеу оп-оңай. Мәтінмен жұмыста Ctrl, Shift, Ÿ, , ž, , PgUp, PgDown, Home, End пернелерін комбинациялар көмегімен жұмысты жеңілдетуге болады.

Егер мәтінді бөлек керек болса, онда қасиеттік тақтадағы мәтінді түзеу батырмасын басып, ашылған Мәтінді түзеу сұхбат терезесінде мәтінді түзейміз.

Мәтінді түзеу сұхбат терезесі

Қарапайым мәтінмен жұмыс.Қарапайым мәтін блокке жазылады. Блок үзік сызықпен қоршалып көрінеді және ол мәтіннің шекарасы болып анықталады. Қарапайым мәтін блогы маркерлерден тұрады.

Маркерлер арқылы блоктың өлшемін өзгерту, басқа блокпен қосу басқа да қызметтер атқарады. Блокты блокқа қосу дегеніміз бірінші блоктағы мәтінді қосылатын блоктағы мәтінмен қатынас жасау. Блоктарды қосу үшін төменгі не жоғарғы қосу маркерлерін басып, қосылатын блокті көрсету арқылы жүзеге асады. Қосылатын блоктар әртүрлі беттерде орналасуы мүмкін.

Фигуралық мәтінмен жұмыс.Фигуралық мәтіннің әрбір символымен жұмыс жасау үшін Форма құралын пайдаланған дұрыс.Ол арқылы символды жылжытуға болады. Ctrl+K пернелер комбинациясы арқылы мәтінді символдарға бөліп тастайды. Осыдан кейін Форма құралын таңдаймыз. Белгіленген символға КомпановкалауҚисыққа айналдыру (Компановать→Преобразовать в кривую) командасын қолданса, онда символ

көп түйіні бар объектіге айналады.Сол түйіндерді тару, қысу, керу арқылы керекті пішінге келтіре аламыз.

Мәтінді барлық фигуралардың(қисық, тіктөртбұрыш, эллипс, жұлдыз, көпбұрыш) контурында жазуға болады. Мәтін құралын таңдағаннан кейін ішіне немесе жиегіне жазуға болатын фигураға жақындатсақ мына суретегіні көреміз. белгісінде фигура жиегіне, белгісінде фигура ішіне жазамыз.

Дұрыс жазу құралдары.Қазіргі барлық графиктік және мәтіндік редакторладың бәрі орфагафияны тексеру жүйесі бар, бірақ Corel Draw орфагафияны тексеру жүйесінен басқа грамматиканы тексеру жүйесі – тезарус бар. Бұл құралдар арқылы орфаграфиялық дұрыс, үлкен сөздік қоры бар, грамматикалық стилдегі мәтінді алуға болады. Бұл құралдарға Мәтін→Жазу құралдары командасы арқылы баруға болады.








Дата добавления: 2019-02-07; просмотров: 1259;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.