Күн жүйесі жайлы жалпы мәліметтер.

Күн жүйесі физикалық сипаттамалары түрліше келген кептеген аспан денелеріне құралған. Осы жүйенің физикалық центрі – Күн. Күнді айналып үлкен планеталар, планеталар серіктері, ергежейлі планеталар, астероидтар, кометалар, планетааралық ортаның бөлшектері қозғалады. Үлкен планеталардың бесеуі (Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер, Сатурн) жай көзбен байқалатындығынан ертеден белгілі болған. Уран планетасын 1781 жылы В.Гершель ашқан, Нептун планетасын 1846 жылы ашылып, ең соңғы планета Плутон 1930 жылы фотографиялық әдіспен бақыланған. Үлкен планеталардың серіктері, астероидтар, кометалар әлі де ашылып жатыр. Соңғы жылдары күн жүйесіне жататын ірі денелер де ашылды. Осыған байланысты 2006 жылы Халықаралық астрономиялық одақ шешімімен ергежейлі планеталарға Плутон және төрт аспан денесі жатқызылды.

Үлкен планеталар өздерінің физикалық сипаттамаларына байланысты екі топқа бөлінеді. Меркурий, Шолпан, Жер, Марс жер тобына жатқызылады. Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, алып планеталардың тобын құрады. Жер тобының планеталарының радиустері шағын, өз остерінен айналуы баяу, орташа тығыздығы жоғары, атмосфераның массалары көп емес, серіктерінің саны аз. Меркурий және Шолпанның серіктері тіпті де жоқ. Жердің серігі біреу, Марстың екі серігі бар. Алып планеталардың радиустері үлкен, өз осінен айналуы жылдам, тығыздықтары аз шамалы, атмосфералы қалың және массивті, серіктерінің саны көп болады. Мысалы, Сатурн планетасының 17 серігі және бірнеше сақинасы бар. Осы екі топқа жататын планеталардың химиялық құрамында көп айырмашылық бар. Жер тобындағы планеталарда ауыр элементтер көбірек, алып планеталардың керісінше – ауыр элементтері аздау, жеңіл элементтер басым келеді.

Планеталардың зерттелу тарихын бірнеше периодтарға бөлуге болады.

1. Ерте заманнан телескоп пайдалануына дейін планеталардың қозғалыстары бақыланды және талдаулар гелиоцентрлік дүние жүйесіне келтірді.

2. Телескопты бірінші пайдалануынан ХІХ ғасырдың ортасына дейін көзбен көрінбейтін планеталар ашылды, Юпитердің үлкен серіктері, Сатурнның сақиналары, Ай бетінің күрделі құрылымы, Марстың полярлық ақшыл аудандары, т.с.б.

3. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақыт аралықта телескоптардың оптикалық қасиеттері жоғарлады, осыған байланысты планеталар әлемінде көп жаңалықтар ашылды: Марстың серіктері, алып планеталардың көптеген серіктері, Марстың бетіндегі жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістер, планеталардың спектрлері, температуралары, химиялық құрамдары.

4. 1950-1970 жылдар аралығы. Астрофизикалық инфрақызыл спектроскопия, радиоастрономия, радиолокация әдістері іске асып планеталардың физикалық құрылысы жөнінде көптеген мәліметтер берді. Ай, Меркурий, Венера, Марс ғарыштық кемелер көмегімен зерттеле басталды. Ай бетіне астронавтар жетіп планеталарды автоматты ғарыштық планетааралық станциялардан зерттеді. 1967 жылы Венера бетіне ғарыштық аппарат қондырылып оның атмосферасының физикалық күйін тікелей өлшеді.

5. 1970 жылдан қазіргі уақытқа дейін күн жүйесіне жататын денелерді ғылыми зерттеу ғарыштық аппараттардың көмегімен жүргізіледі. Көптеген күн жүйесіне жататын денелердің бетіне жер бетінде жасалған құралдар жетті: Ай, Марс, Юпитер, Титан, кометалар, астероидтер.

Ғарыштық аппараттардың көмегімен планеталарды зерттеу қазіргі уақытта негізгі әдіс болса да жер бетінен зерттеу әлі де көптеген қызықты мәліметтерді береді.








Дата добавления: 2017-02-20; просмотров: 2275;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.