Атмосферадан тыс астрофизикалық зерттеулер

Дүние жүзінде бірінші рет Совет елінде жасанды Жер серігі ұшырылған ғарыштық кезеңнен (1957ж. 4-қазан) бастап аспан денелері-мен планетааралық кеңістікті зерттеудің жаңа әдістері дами бастады.

Жердің жасанды серіктері белгілі астрофизикалық мәселелерді шешуге арналған автоматтық ғылыми құралдармен жабдықталып жер бетінен 500-ден 12000 км дейінгі биіктікке элллипстік орбиталармен шығарылады. Осындай зерттеудің негізінде біз Күннің корпускулярлық ағыны, космостық сәулелер, Жердің магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің концентрациясы, аймақтағы метеор бөлшектердің ағыны және тағы басқа құбылыстар туралы қажетті мағлұматтар аламыз. Қүннің әртүрлі спектрлік диапазондарындағы сәулеленуін зерттеуге арнаулы орбиталық обсерваториялар жасалған. Осындай бақылаулардың нәтижесі Жерге радио және телебайланыстар каналдары арқылы автоматты түрде беріліп отырады.

Космостық кораблдер, орбиталды ғылыми станциялар және зерттеуші космонавтар көмегімен көптеген күрделі ғылыми жұмыстар жүргізіледі.

Ғылыми орбиталды станциялар өте жетілген аппаратуралармен және күшті рентген телескоптарымен жабдықталған болады. Мұндай аппаратураларда атмосферадан тыс аймақтағы аспан денелерінің спектрлері және фотосуреттері түсіріледі. Ғылыми жабдықтардың көпшілігі автоматтық режимде жұмыс істеп бізге керекті мәліметтерді береді.

6-сурет. Орбиталды Хаббл телескопы
Осындай зерттеулердің нәтижесінде планетааралық кеңістік, оның тығыздығы, метеор бөлшектердің концентрациясы, космос сәулелері туралы көптеген бағалы ғылыми жаңалықтар алынды.Көптеген ғылыми нәтижелерге үлес қосқан орбиталды телескоптар. Соның ішінде 1990 жылы орбитаға шығарылған АҚШ-

тың Хаббл атаулы ғарыштық

 

телескопы (6-сурет). Бұл телескоп Жерден 610 км биіктікте шеңбер бойымен қозғалады. Хаббл телескопы-ның көмегімен Әлемінің құрылысы, белгісіз галактика-лар, қызықты жұлдыздар, басқа жұлыдыздардың планеталары т.с.б. жаңалық-тар ашылған.

Космостық телескоптардың көмегімен жер атмосферасында жұтылатын электромагниттік сәулеленудің диапазонында зерттеулер жүргізілуде: ультракүлгін, инфрақызыл, рентген, гамма диапазондарында. 1966 жылдан 1972 жылға дейін ультракүлгін диапазонында ОАО (Orbital Astronomical Observatory) серіктер жұмыс атқарады. ОАО-3 «Коперник» диаметрі 80 см УК – телескоппен, 930-300 диапазондағы спектрометрмен және рентген телескоптарымен жабдықталған. 1978 жылы орбитаға IUE (International Ultrauiolet Explorer) космостық телескоп шығарылып 18 жыл жұмыс істеген. 1983 жылы диаметрі 80 см ССРО-ның «Астрон» телескопы орбитаға шығарылып көптеген жылдар жемісті жұмыс істеді.

Сұрақтар:

Атмосферадағы оптикалық сәулелер мен радиотолқындар «терезесі».

Радиотелескоптар. Радиоастрономияның ролі.

Аспан денелерін зерттеудің атмосферадан тыс жүргізілетін әдістері.

Негізгі обсерваториялар, аса ірі телескоптар.

Астрофизикада зерттелетін электромагниттік сәулелену.

 

Ші лекция.

Күн жүйесінің физикасы. Күн жүйесі жайлы жалпы мағлұмат. Күн өлшемі, массасы, тығыздығы. Остік айналу. Күннің температурасы, толық сәуле шығаруы. Күннің магнит өрісі. Күн энергиясының көздері. Күннің ішкі құрылымының моделі. Фотосфера, грануляция, алаулар, күннің дақтары. Күннің спектрі және химиялық құрамы. Хромосфера. Хромосфералық от алу. Протуберанецтар. Күн тәжі. Күннің радиосәулеленуі. Күн желі. Күн энергиясын қолдану прблемасы.Күн активтілігі, оның циклы. Гелио- және геофизикалық процестердің байланысы.








Дата добавления: 2017-02-20; просмотров: 1295;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.