Фукусима-1» атом электр станциясындағы радиациялық жағдай

Наурыздың 11-і күні Жапонияның солтүстік-шығысындағы «Фукусима-1» атом электр станциясында орын алған апат әлемді дүр сілкіндірді. Ұлттық діңгегін берік қалыптастырған Күншығыс елінің қайғысы күллі адамзат баласын қара жамылдырды. Қазір радиация деңгейі мөлшерден тыс жоғарылап кеткен «Фукусима-1» атом электр станциясының жұмысшылары қауіпсіз жерге көшірілді. Ал, ел үкіметі «Фукусима-1» аймағындағы барлық жұмыстарды тоқтатты.Темірден түйін түйген тапқыр халықтың апатты өз күштерімен залалсыздандыруға қауқары жетпеді. Осы АЭС-тің қожайындары апат зардабын жоюда Франция мамандарынан көмек сұрауға мәжбүр болды. Ал, бұдан бұрын Жапония Министрлер кабинетінің хатшысы Юкио Эдано АЭС реакторларын салқындату шарасына атсалысуға американдық әскерилерден көмек сұрауы мүмкін екендігін айтқан-ды. Кім қол ұшын созса да, фирмаға келген 29 млрд доллардың орнын толтыру оңайға соқпайтындығы болжалып отыр.

Қазір аталған АЭС-тің операторы – «Токио Электрик Пауэрс» компаниясының акция сатылымдары 18 пайызға төмендеп, соңғы 30 жылда болмаған құлдырауға ұшырады. Компания басшысы М.Симидзу өз-өзіне қол жұмсады, елден қашып кетті деген сөздер қауесетке айналды: Таяуда ғана Жапонияның БАҚ Симидзудың қан қысымы жоғарылап, ауруханаға жатқызылғандығы туралы ақпарат таратты.Алғашқы апаттан бері айға жуық уақыт өтсе де, станциядағы жарылыстар әлі азаймай отыр. АЭС-тің бірінші реакторындағы өзекшелердің 70 пайызы, екінші реактордағы 33 пайызы зақымдалған.

Фукусимадағы радиация мөлшерінің адам денсаулығына қауіпті деңгейге жетуі Жапон үкіметін тығырыққа тіреді. «Токио Электрик Пауэрс» компаниясы жуырда радиоактивті сутегіні Тынық мұхитына ағызуға мәжбүр болды. Ел үкіметі осы әрекетке наразылық білдірген Оңтүстік Корея мемлекетінен кешірім сұрады. Дегенмен, Жапонияның Сыртқы істер министрі Т.Мацумото бұл іске шарасыздықтан барғанын және радиоактивті сутегіні Тынық мұхитына ағызу ешқандай халықаралық заңға қайшы келмейтіндігін атап өтті.

АЭС – адамзаттың электр өндірісі үшін ойлап тапқан ең арзан, бірақ, ең қауіпті жолы. Қазір әлемде әкелер зардабы «Фукусиманың» қаупіне пара-пар 436 атомдық реактор бар. Ал, 13 мемлекетте 56 реактордың құрылыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар Фукусиманың жағдайын қалпына келтірумен қатар, аталған атом реакторларында жарылыстардың орын алмауын бақылауға тиісті.Бұрын электртогынан таршылық көрмеген Токио қаласында мүлгіген тыныштық. «Токио Электрик Пауэрс» компаниясы қала аудандарын кезек-кезекпен электр қуатынан ажыратып отыр. Қаладағы дүкендер электр қуатын үнемдеу мақсатымен кешкі алтыда жабылатын болған. Темір-терсектерден Терминатор құрастырып, төрткүл дүниенің төресіне айналған Жапонияны мұншалықты мүшкіл халге түседі деп кім ойлаған?

Апат айтып келмейді… Ал Қазақстанда 14 АЭС салу жоспарлануда.

 

 

Әлем бойынша атомдық электростансалар.

Атом электр стансасы (АЭС), ядролық электр станса — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен жұмыс істейді. Ядролық реакторда жылу шығарғыш элемент — цилиндр немесе пластинка түріндегі ядролық отын, нейтрондарды баяулатқыш және бөлінген жылуды тасушы (су, газ, сұйық металдар) заттар орналасады. Реакторда бөлінген жылу жылуалмастыру қондырғысына беріледі. Соңғы екі қондырғы АЭС-ның ішкі тұйық контурын құрайды. Жылуалмастырғыш арқылы жылу сыртқы контурға бу түрінде беріледі. Бу турбинаны қозғап, электр генераторын жұмысқа келтіреді. Осы заманғы АЭС-ларындағы турбиналар аса қыздырылған бумен жұмыс істейді. Ядролық отын ретінде уран (233U, 235U, 238U), плутоний (239Pu ), торий (232Th) изотоптары пайдаланылады. Бұлардың жылу шығарғыштық қабілеті өзара бірдей, ал кәдімгі отыннан (көмір, мұнай, газ) бірнеше млн. есе артық. Мыс., 1 кг уран 2.1010 ккал энергия береді. Бөліну реакциясының үздіксіз жүріп отыруына қажет ядролық отынның ең аз мөлшері кризистік масса деп аталады. Реактордың типіне, конструкциясы мен отынның түріне қарай кризистік масса 1 кг-нан бірнеше тоннаға дейін жетеді. Дүние жүзіндегі ең алғашқы АЭС 1954 ж. Обнинск (КСРО) қ-нда салынды. Оның қуаты 5Мвт болды. Кейін Колдерохоллда (Англия) қуаты 60 Мвт, Шиппингпортта (Америка) АЭС-тары жұмыс істей бастады. Америкада тұтынуға қажетті барлық электр энергиясының 23е-ін, Францияда 75--ін, Жапонияда 48--ін АЭС береді. Кейбір елдерде жедел нейтронмен жұмыс істейтін тиімді реакторлар іске қосылған. Оның ең алғашқыларының бірі Қазақстанда салынған. Ол Ақтау қаласын тұщы сумен, электр энергиясымен қамтамасыз етеді (қ. Энергия комбинаты). 20 ғ-дың ақырында дүние жүзіндегі АЭС-тердің жалпы қуаты 500 000 Мвт жетті. Ядро энергиясынан электр тогын тікелей (турбинасыз, электргенераторсыз) алу жолдары да зерттелуде. Әсіресе, термоядролық энергияны игеру ісіне халықар. қауымдастықтар ат салысуда. Ондай АЭС-тер адам баласының тұтынуына қажет энергия мәселесін түпкілікті шешетін болады.








Дата добавления: 2017-06-02; просмотров: 1136;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.