Жыныс мүшелерінің жоғарғы бөлімінің бейарнамалы этиологиялы қабыну аурулары

 

Эндометрит (endometritis)

Эндометриттің дамуына (жатырдың кілегей қабатының қабынуы) асқынған аборттар, босанулар, жатыр қуысын диагностикалық қыру, гистеросальпинго- графия және басқа да жатыр ішілік манипуляциялар бейімдейді. Эндометриттің дамуына беімдеуші факторлар ішіндегі маңызды орынды жатыр ішілік контрацеп- тивтер алады. Бұл жағдайда жатырдың кілегей қабатының функциональды және базальды қабаты зақымданады. Қабыну процесі бүкіл кілегей қабатқа тарауы мүмкін немесе ошақтық сипатта болады. Эндометриттің ауыр түрінде процесс диффузды және ошақты түрдегі зақымданулар болып бұлшықетке тарайды.

Эндометрийді морфологиялық зерттеу кезінде көптеген плазматикалық клеткалардан және лимфоидты элементтерден, аз мөлшерде лейкоциттер мен гистиоциттерден тұратын қабыну инфильтраты анықталады.

Клиника. Аурулар дене қызуының артуына, іштің төменгі бөліміндегі және шап аймағындағы ауырсынуға, кілегейлі-іріңді сұйық, кейде жағымсыз иісті (ішек таяқшасы) бөлініске шағымданады; эндометрийдің эпителиальды жабындысының кейбір аймақтары күзеп, нәтижесінде іріңді-қанды бөлініс қосылады. Патологиялық өзгерген эндометрийдің ажырауының бұзылысы етеккір кезіндегі гиперполимено- рея белгісімен сипаталады.

Қынап арқылы зерттегенде жұмсақ консистенциялы, жатырдың сәл ауырсынуын анықтаймыз. Функциональды қабаттың сылынуынан жатыр қуысындағы микробтар сыртқа шығарылып, нәтижесінде кейде өздігінен жазылу болады. Жиі қабыну процесі лимфатикалық капиллярлар және қантамырлар арқылы бұлшықет және қоршаған май шел қабатына тарайды.

Диагностика. Ауруды анықтау қиындықтар тудырмайды. Анамнездік мәліметтер (жатыр ішілік манипуляциялар, кілегей астылық түйіннің некрозы), дене қызуының көтерілуі, зерттеу кезінде жатырдың ауырғандығы, іріңді бөліністер және етеккір циклінің бұзылысы дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді. Жатыр қуысындағы түзілісті бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеу микробтық флораның сезімталдығын анықтауға мүмкіншілік береді. Гематология лық көрсеткіштердің өзгеруі қабыну процесін көрсетеді.

Емі. Жедел эндометритте төсектік режим, іштің төменгі бөлігіне салқын қою, антибиотиктер мен сульфаниламидтер (дозасы процестің ауырлығына, аурудың ұзақтылығына, антибиотикке сезімталдығына байланысты), ауырсынуды басатын (напросен, налоксан, индометацин, кетанов және басқалар), седативті (сасықшөп тұнбасы, бромкамфора, валериана экстракты және тұнбасы, новопассит) және десенсибилизациялаушы (димедрол 0,05г, супрастин, пипольфен) заттар, қантамыр қабырғасының өткізгіштігін қалыптастыратын витаминдер (рутин 0,02г 3 рет тәулігіне, аскорбин қышқылы 0,25г 4 рет тәулігіне 3-4 апта бойына) тағайындалады; қанды бөліністерде жатырды жиырылтатындар (эрготал 0,001г тәулігіне 2-3 рет, хинин 0,15г тәулігіне 3 рет).

Созылмалы эндометрит ұзақ уақытқа созылғанда қабыну процесі бұлшықет қабатына тарайды; бұл кезде бұлшықет дәнекер тканімен алмастырылады (эндомиометрит). Жатыр тығыздау, ұлғайған, бөліністер кілегейлі-іріңді. Іштің төменгі бөлігіндегі, сегізкөзде, белде ауырсыну болады, жиі ұзақ және көп мөлшерлі етеккір (гиперполименорея), сирек - ациклді қан кету байқалады. Жатырды жабатын ішперденің және көрші мүшелерінің қабынуы (периметрит) әсерінен жатырдың қозғалғыштығы тежеледі.

Диагностика. Анамнездік мәліметтер, клиникалық көріністер, сонымен қатар жатыр қуысының түзілістері мен эндометрийден алынған жағынды нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді. Созылмалы эндометритте жиі ұзаққа созылған сальпинго- офорит бірігіп жүреді. Жатырдың қырындысында лейкоциттер жинағы және басқа да қабыну құбылысының белгілері анықталады.

Емі. Созылмалы эндометриттегі негізгі емдік фактор - физио-, бальнеотерапия. Бұл ем негізінде кіші жамбас мүшелерінің гемодинимикасын жақсарту, эндометрий мен аналық бездің қызметін күшейту, организмнің иммунологиялық қасиетін жоғарылату үшін тағайындалады. Жиі өзгертілген физикалық факторлар (сантимет- рлі диапазонды микротолқындар, УВЧ, магниттік ток, импульстік режимдегі ультрадыбыс, мыс және мырышпен электрофорез) қолданылады; тиімді ем болатын балшықтар, озокерит, парафин, сульфидтік және радонды сулар (ванна, шаю). Аналық бездер гипофункциясы бірікен кезде гормонотерапия қолданылады. Сонымен бірге аскорутин, димедрол, супрастин, пипольфен, седуксен тағайындала- ды. Етеккір кезінде кең спектрлі антибиотиктер еңгізіледі.

 

Сальпингоофорит (salpingoophoritis)

Сальпингоофорит - жатыр қосалқыларының қабыну ауруы, жыныс жүйесінің қабыну аурулары ішіндегі ең жиі кездеседі. Өрлемелі жол арқылы инфекция қынаптан, жатыр қуысынан жиі асқынған босануда және аборттардан кейін тарайды, сонымен қатар құлдилау - көрші мүшелерден (соқыр ішек, тік ішек және сигма тәрізді ішектен) немесе гематогенді жолмен таралады.

Қабыну процесі кілегей қабаттан басталып, жатыр түтігінің басқа қабаттарына терең тарайды. Қабыну процесі әсерінен жиналған экссудат жатыр түтігі қуысында жиналып, құрсақ қуысына төгіліп, жиі түтік айналасында жабысқақ тудырады, түтіктің ампуласы мен жатырлық бөлігінің тесігін бітеп тастайды. Түтіктер өткізгіш тігі жойылуы қапшықты қабынулық түзілістің дамуына соқтырады. Түтік қуысында серозды сұйықтық жиналуын гидросальпинкс деп атайды. Гидросальпинкс бір жақты және екі жақты болады. Сальпингиттің ауыр ағымында және микроорганизм- дердің вируленттілігі жоғары болғанда түтікте іріңді түзіліс (пиосальпинкс) пайда болады. Пиосальпинксте кіші жамбаста ішектермен, шарбы маймен, қуықпен жабысқақтар түзіледі. Науқастардың 2/3 қабыну процесі түтіктен аналық безге тарайды (сальпингоофорит).

Клиника. Сальпингоофорит жедел, жеделдеу және созылмалы болады. Жедел сальпингоофоритте белдегі және іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, қандағы өзгерістер қабыну процесіне тән, жатыр жалғамалары мен оны қоршаған тіндерінің инфильтрациясы және экссудациясы тән.

Жедел сальпингоофоритте клиникалық белгілері әртүрлі дәрежеде байқалуы мүмкін, ол қоздырғыш вируленттілігіне және организмнің иммундық күшіне байланысты. Ауырғандық сезімінің күші қабыну процесінің ішпердеде таралу деңгейіне байланысты. Ішперде қаншалықты қабыну процесіне ұшыраса ауырсыну реакциясы соншалықты айқын. Жатыр қосалқыларының ұлғаю деңгейі гиперемия, экссудация, тканьдердің лейкоциттермен инфильтрация деңгеіне, қоршаған тіндердің патологиялық процеске ұшырауына байланысты.

Кейде сальпингоофорит клиникасы беткей өтуі мүмкін, бірақ бұл кезде қосалқыларда айқын өзгерістер, тіпті іріңдеуге дейін жүріп жатады. Басқа жағдайда қабыну процесі ауыр өтіп, айқын клиникалық көріністермен, әсіресе пиосальпинкс кезінде байқалады. Жоғары температура, қалтырау, іштің төменгі бөліміндегі қатты ауырғандық, ішперденің тітіркену белгісі, қанның айқын өзгерістері байқалады (лейкоциттер санының көбеюі, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарылауы).

Созылмалы қабыну процесіне байланысты қосалқылардың ығысуы, ауырсынуы, қозғалысының шектелуі, тығыздалуы тән. Жатыр қосалқыларының созылмалы қабынуының рецидивті түрінде әдетті нервті, эндокринді, қантамырлық, асқорыту және зәр шығару жүйесінде функциональдық бұзылыстары дамиды. Созылмалы сальпингоофорит ұзаққа созылып, жиі өршиді. Өршу қоздырғыштың патогендік қасиетінің жоғарылауымен немесе екіншілік инфекциялануы кейде дененің салқын- дауымен, қызудың жоғарлаумен, шаршаумен, тұмаулатумен және басқа да организмді әлсірететін бейарнамалы факторлармен байланысты. Мұндай науқастар- да түтіктік бедеулік пайда болады.

Диагностика. Жатыр қосалқыларының қабынуы деген диагноз анамнез мәліметтеріне, аурудың клиникалық көрінісінің ерекшеліктеріне, жатыр қосалқысы ның екі немесе бір жақты ұлғаюына, гематологиялық көрсеткіштер өзгерісіне негізделіп қойылады. Кейде созылмалы қабыну процесінің өршу себебін анықтау қиындықтар туғызады. Кейбір ауруларда өршу аэробты немесе реинфекция белсенділігімен байланысты болса, келесі науқастарда бейарнамалы факторлардың әсерімен тығыз байланысты.

Жатыр қосалқыларының жедел қабынуың аппендицитпен, созылмалы сатыда - түтіктік абортпен екшеу қажет. Жатыр қосалқыларының жедел қабынуын аналық без ісігінің аяқшасының айналып кетуімен ажырату қиындықтар туғызады. Аналық безінің ісігінің аяқшасының айналып кетуіне аурудың кенеттен басталуы, анамнезінде қосалқылардың қабыну процесінің болмауы тән және қосалқылары аймағында ісік тәрізді, дөңгелек пішінді, қозғағанда ауырсынатын түзіліс анықталады. Параметральдық қабыну инфильтраты сальпингоофориттен тығыз консистенциялы болуымен ерекшеленеді: инфильтрат кіші жамбас қабырғасына өтеді, қынаптың кілегей қабаты инфильтрат астында қозғалыссыз.

 








Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 4326;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.019 сек.