Йел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары.

 

Гинекологиялық аурулардың 60-75% қабыну аурулары құрайды (әйелдер емханасына қаралғандардан алынған мәліметтер бойынша). Жыныс мүшелерінің қабыну аурулары пайда болғанда әйел мүшелерінің және жүйелерінің қызметі жиі бұзылады. Өткен ғасырдың аяғында В.Ф.Снегирев әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары кезінде әйел ағзаларының барлығы патологиялық процеске ұшырайты- нын көрсеткен.

Қабыну процестерін арнамалы және бейарнамалы деп ажыратады. Бейарнамалы қабыну процесін стафилококктар, ішек таяқшасы, стрептококктер, көк ірің таяқшасы қоздырады, екінші топты - трихомонадалар, гонококктар, кандидалар, вирустар, микоплазмалар, хламидиялар қоздырады. Дегенмен де бұлай ажырату салыстырмалы түрде, өйткені қабыну процестері аралас инфекциямен қоздырылады, сондықтан басқа қоздырғыштарға тән аурудың клиникалық ерекшеліктері жойылады. Қазіргі уақытқа дейін септикалық этиологиялы жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының негізгі қоздырғышы стрептококк болып табылады. Бірақ, қазіргі уақытта жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының қоздырғыштары ішінде антибиотикке тәуелді штаммдарын тез шығаратын шартты патогенді стафилококк- тар және Грамм-теріс бактериялар, әсіресе ішек таяқшасы кең орын алған. Стрептококктармен анаэробты бактериялармен соның ішінде споралар түзбейтін анаэробтармен (бактероидтар) және көк ірің таяқшасымен қоздырылатын аурулар сирек кездеседі.

Әйел жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының этиологиялық структурасының өзгеру себептері сан алуан. Емдік практикада антибиотиктерді кең қолдану қабыну процесін тудыратын микрофлорасының өзгерісіне алып келеді. Емдеу нәтижесінде қолданылған препараттар әсеріне төзімді микробтар пайда болды, микроорганизм- дердің биологиялық қасиеттері айтарлықтай өзгерді, сыртқы орта ұзақ өмір сүру қасиеті және вируленттілігі жоғарылады. Сонымен қатар диагностикалық техника- ның жаңартылуы қабыну процесінің жиі шынайы себебін табуға мүмкіндік береді (вирустар, микоплазмалар, кандидалар, т.б). Қабыну патогенезі қоздырғышы әсеріне қарсы және қоздырғыш микробты жансыздандырып жоюға, организмнен шығаруға бағытталған тіндердің қорғаныштық-бейімделу реакциясы.

Қабыну процесінің ағымын жедел, жеделдеу және созылмалы деп ажыратады, бірақ бұлай екшеу барлық уақытта мүмкін болмайды. Созылмалы қабыну процесі өз кезегінде жиі өршулермен өтеді немесе жыныс мүшелерінің тыртықтық-жабысқақтық өзгерісі түрінде жүреді.

Қабыну реакциясының маңызды жері – дәнекер тінінің өзгерісі. Бұлар алдымен қантамыр өткізгіштігін жоғарылатады, тонусын өзгертетін, микроциркуляцияны реттейтін биологиялық активті заттар және гистамин, серотонин құрамына кіретін клеткалар. Қабыну реакциясына қатысатын клеткалық элементтерге қорғану тосқауылын құрайтын нейтрофилдер, гистиоциттер, фибробласттар жатады. Қабыну ошағында күрделі биофизикалық өзгерістер жүреді: қан айналысың бұзылысы, тканьдік ыдырау өнімдерінің жиналуы, ацидоз дамиды, нуклеин қышқылдары, лейкотоксиндер түзіледі, көп мөлшерде серотонин, гистамин, ацетил- холин бөлінеді, олар қантамырлар өткізгіштігін арттырады. Әйел жыныс мүшелері тканіндегі жергілікті қабыну реакциясының түзілуі қоздырған микроб түріне, науқастың жалпы жағдайына және организмнің иммунологиялық қасиетіне байланысты.

Қабыну аурулары көбіне инфекциялық түрлі болады, сирек өнеркәсіп фактор- ларымен байланысты механикалық, химиялық, термиялық және басқада эндогенді әсерлер нәтижесінде дамиды. Дегенмен бұл кезде де ошаққа микробты фактор қосылып, қабыну инфекциялық көрініс алады. Зақымдаушы агент түріне байланысты (инфекция, иондаушы радиация, механикалық жарақат және т.б) қабыну ошағының клеткалық және субклеткалық құрылымында тін зақымдалуына (альтерацияға) тән жалпы өзгерістер анықталады. Кез-келген зақымдаушы фактор әсерінен дамитын қабыну реакциясын тізбекті биохимиялық реакциялар түрінде жүретін екі сатысын ажыратады. Бірінші сатысы - тез, 5-30 минутта өтеді және серотонин, гистамин, ацетилхолин және басқа биохимиялық белсеңді заттар ферментативті түілуі нәтижесінде дамитын венулалар өкізгіштігінің бұзылысымен суреттеледі. Екінші сатысы баяулаған, 1-8 сағат, кейде 1-7 тәулік ішінде дамитын кининдер, жоғары молекулярлы гистаминдердің және басқа брадикинин тәрізді заттардың капиллярларға әсері нәтижесінде қантамыр өткізгіштігі өзгеруімен байланысты болады. Қабыну процесс дамуы кезінде кейбір авторлар үшінші кезеңді ажыратады, оның құрамына қан ұйытушы жүйенің фибринолитикалық компонент- терінің белсендірілуімен, тромбоциттер агрегациясымен, фибрин полимеризация- сымен, тромб түзілуімен және микроциркуляция бұзылысынан кейін фибринолиз- бен бейалысты гомеостазды қалыпқа келтіретін факторлардың араласуымен жүреді.

Қоздырғыш микроб қабыну ошағының түзілуін және аурудың алғашқы процесс- терінің пайда болуын анықтайды. Созылмалы ағымда микробты фактор өзінің басты мазмұнынан айрылып аурудың дамуында басты болып функциональдық жалпы бұзылыстар табылады. Бұл өзгерістер аурудың клиникалық бейнесін суреттейтін нервтік және эндокринді, қан-тамыр және организмнің басқа да мүшелерінде айқынырақ білінеді.

Әйел жыныс мүшелерінің қабыну процесінің дамуы ағымының ерекшелігін тексергенде сонымен қатар қажетті ем қолдануда қабыну процесінің этиологиясын анықтау маңызды орын алады. Науқастардың 60-70% қабыну процесі септикалық микрофлорамен, 15% - созбен, 8% - туберкулезбен, 5-10% - вирустармен, кандидозбен және микоплазмалық инфекциямен байланысты.

Соңғы жылдар әйел жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының ағымы мен түрін де айтарлықтай өзгерістер байқалады. Өте сирек қабыну ошағында лимфоидты элементтер мен плазматикалық клеткалар жиналуы тән, қабынудың экссудативті түрі жиі кездеседі (пельвиоперитонит, параметрит). Әйел жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының бір ерекшелігі этиологиясымен байланыссыз қабыну процесі- нің созылмалы ағымға бейімділігі. Сонымен жатыр жалғамаларының қабыну процесінің жедел түрі науқастардың 1/3 ғана кездеседі.

Қабыну процесіне жиілігі мен қатар ең тән белгісі даму ағымының ұзаққа созылуы. Қабыну аурулары жиі тұрақты ауырсыну сезіммен өтеді. Қайталап өршуге және созылмалы түрге аусуға бейім және әйел организмінің арнамалы функция- ларын бұзылысын туғызады - етеккірлік, жыныстық, репродуктивті, секреторлы. Созылмалы түрінде жыныс мүшелерінің қабыну аурулары уақытша, кейде тұрақты еңбекке жарамсыздыққа себеп болады.

Жыныс мүшелерінде физиологиялық тосқуылдар бар. Олар әйелдің репродук- тивті функциясын бұзатын және қабыну процесін тудыратын микробтар енуіне табиғи тосқауыл құрайды. Физиологиялық тосқауылдың арқасында микробтар әйел жыныс мүшесіне енбейді немесе олардың енуі тоқтатылады. Физиологиялық қорғаныштық қасиеттер жасқа және етеккір цикліне, босанғаннан кейінгі кезеңге, абортқа байланысты өзгереді. Инфекцияның ішкі жыныс мүшелеріне енуіне көптеген физиологиялық тосқауыл кедергі болады, оған алдымен вульва жатады. Қынаптың сыртқы ортамен байланысты жыныс қуысының жабылған жағдайда болуын инфекция жолында кедергі деп есептеледі, бірақ бұл тосқауылды толық деуге болмайды, әсіресе көп босанушыларда жыныс тесігінің ашық тұруы мүмкін. Негізінде инфекцияның таралуында қынап маңызды рөл атқарады, оның тосқауыл- дық-қорғау фукциясы аналық бездердің гормональдық қызметінің деңгеіне байла- нысты. Эстрогендердің әсерінен гликогенге бай эпителиальды клеткалардың десквамациясы күшейеді. Дедерлейн таяқшалары ферментативті жолмен гликогенді сүт қышқылына айналдырады. Қынаптың қышқыл ортасы микробтарға жойғыш әсер етеді де өзін-өзі тазартады. Жатыр мойнының кілегейлі тығындысы және ішкі ернеу аймағында өзектің айқын тарылуы және жатыр мойнының шырыш тығыны-ның тығыздығы да микроб енуіне тосқауыл болады. Эндометрийдің функциональ- дық қабатының етеккір уақытында ретті сылынып түсуі жатыр қуысына енген микробтар шығуына оң әсер етеді. Инфекцияның таралуының шектеуіне түтіктер- дің перистальтикалық жиырылуы, жыбыр эпителий, кілегей қатпардың көп және қалың болуы бірігіп қабыну процесі дамуына кедергі жасайды. Ақырында аналық безінің ұрықтық эпителиі мен дәнекер тканьді қабат инфекцияның бұл ортаға өтуіне кедергі жасайды.

Ішкі жыныс мүшелерін инфекцияның енуінен иммунологиялық факторлар сақтаудың маңызы зор, жиі А және G класстарының иммуноглобулиндері эндометрий, жатыр мойны бездерінің секретінде және қынаптың кілегей қабатында кездеседі.

Жыныс мүшелерінің төменгі бөлімінің созылмалы нейрогуморальды аурулары және бейарнамалы этиологиялы қабыну процестеріне бірнеше аурулар жатады:

Вульвит (vulvitis)

Вульвит - әйелдің сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы. Біріншілік және екіншілік вульвиттер деп ажыратылады. Біріншілік вульвит жарақат әсерінен дамиды, кейін жарақаттанған жердің инфекциялануымен өтеді. Жарақат кезінде, диабетте, гельминтозда, зәрін ұстамауда, тері ауруларында (пиодермия, фурункулез, т.б) вульвит (қыздарда вульвовагинит - IV тарауды қара) кездесетін сыртқы жыныс мүшелерінің қышуы бейімдеуі мүмкін. Екіншілік вульвит - әйелдерде ішкі жыныс мүшелерінде қабыну процестеріне айланысты дамиды. Қынаптан, жатыр мойнынан патологиялық бөліністердің ағуы вульваның эпителиальды жабындысын бұзып, сонымен микробтың енуіне қолайлы жағдай туғызады (стафилококктар, ішек таяқшасы, стрептококк, т.б). Вульвит дамуына бейімдеуші фактор болып аналық бездер гипофункциясы жатады.

Клиникасы. Жедел және созылмалы вульвиттер деп бөледі. Жедел вульвиттер тканьдер ісінуімен, диффузды гиперемиямен, іріңді бөліністермен, шап қатпары мен санның ішкі бетінің гиперемиясымен, кейде сыртқы жыныс мүшелеріне қатынасты шап лимфа түйіндерінің ұлғаюымен жүреді. Вувьвит жиі тік ішекте және жыныс қуысында орналасатын жедел кандиломалармен бірігіп келеді. Науқастар сыртқы жыныс мүшелерінің ашуына және қышуына, әсіресе зәр шыққаннан кейін, іріңді бөліністерге, қозғалыс кезіндегі ауырсынуға шағымданады. Вульваның ішек таяқшасымен зақымданғанда бөліністері сұйық және жағымсыз иіспен, сарғыш -жасыл түсті, ал стафилококк зақымдағанда бөліністері қою және сары-ақшыл түсті.

Созылмалы вульвит қышумен, ашумен, гиперемиямен сипатталады, бірақ аурудың байқалуы беткей сипатты болады.

Диагностика. Диагноз анамнез мәліметтеріне (өндірістік шаңдар әсері, жыныс- тық гигиена бұзылуы, химиялық және физикалық әсер ету), шағымдарына, гинекологиялық қарау нәтижесіне, вульвадан бөлінген бөліністерді бактериология- лық және бактериоскопиялық зерттеу мәліметтеріне негізделіп қойылады. Диагноз кольпоскопия кезінде дәлелденеді.

Емі комплексті, құрамына жергілікті және жалпы әлдендіргіш заттар кіреді. Фонында вульвит дамитын қосымша ауруларын (диабет, іріңді зақымдану, гельминтоз, цервицит) емдеу қажет. Жедел вульвитте төсектік режим сақтау және жыныстық қатынастан бас тарту қажет, жылы (36-37°С) фурациллин ерітіндісімен (1:5 000), түймедақтың жылы тұнбасымен (1 ас қасық тұймедаққа 200,0 мл қайнаған су құйып, 20 минутқа тұндұрып қойып), вагил, диоксидин ерітінділерімен сыртқы жыныс мүшелерінің тәулігіне 2-3 рет өңдеүін жүргізу қажет. Қышу күшті болса вульваны 5% анестезин майымен аппликация жасалады. Шартты-патогенді микробтармен қоздырылған вульвитте жергілікті фуразолидонды, сульфат М полимиксинмен, лактоза қосып, ұнтақ ретінде қолданады. Жеделдеу ағымда антисептиктермен және шөптер тұнбасымен отырғыш ванналар жасау тәулігіне 2-3 рет 10 минуттан тағайындалады.

Болжамы қолайлы.

Алдын алу. Жеке бас гигиенасын сақтау, жалпы ауруларын, кольпит және цервициттерді мезгілінде емдеу.

 

Бартолинит (bartholiintis)

 

Бартолинит дегеніміз қынап кіреберісінің үлкен безінің қабынуы. Стафилококк- тармен, ішек таяқшасымен, стрептококк, протей, сирек гонококктармен, трихомона- далармен, микоплазмалар және басқа микроорганизмдермен қоздырылады.

Клиника. Микробтар бездің шығару өзегін зақымдауы мүмкін (каналикулит), бірақ каналикулитте әйелдің жалпы жағдайы аз зардап шегеді. Бездің сыртқы шығару өзегінің арнасының айналасында қызыл түсті валик анықталады: өзекті қысқан кезде іріңді тамшы көрінеді, осы тамшыны бактериоскопиялық зерттеуге алу керек. Шығару өзегінің бітелуі кезінде бездің жалған абсцессі пайда болады. Жалған абсцессте үлкен жыныс еріндерінің ортаңғы және төменгі 1/3-дегі шекарада овоид пішінді ісіну, гиперемия, көгеру байқалады, түзіліс үстіндегі тері қозғалмалы. Жалған абсцесс үлкен жыныс ернінің сыртқы, жиі ішкі бетінің ісіуін тудырып, кіші жыныс ерніне тарап, қынапқа кірісті жабады. Дене қызуы субфебрильді, жүрген кезде ауырсыну байқалады.

Емі. Каналикулиттің жедел сатысында антибактериялдық ем және мұз басу тағайындалады, салқынды 1 сағаттан 30 минуттық демалыспен 3-4 рет ұстау керек. Жалпы жағдайы жақсарғанда патологиялық ошақ аймағына УК-сәуле, УВЧ немесе сантиметрлі диапазонды микротолқындар тағайындайды. Жалған абсцесске операция жасалады: қынап кіреберісінің үлкен безінің шығару өзегін ашып, кілегей қабатын айналдырып, вульва кілегейіне тігіледі. Операциядан кейінгі бірінші күні жарақаттың тез жазылуына көмектесетін магниттік ем тағайындалғаны тиімдірек. Мұндай комплексті ем операциядан кейінгі кезеңде антибиотик тағайындамауға мүмкіндік беріп, бездің функциясын сақтап және рецидив санын төмендетеді. Микробтың без паренхимасына және қоршаған шел қабатына енуі қынап кіреберісінің үлкен безінің шынайы абсцессі дамуына әкеледі. Абсцесс жиі аралас микрофлорамен тудырылады.

Клиника. Науқастың жалпы жағдайы ауыр, дене қызуы жоғары, біртіндеп ұлғаятын үлкен және кіші жыныс еріндерінің ісінуі байқалады, өткір ауырсыну болады, әсіресе жүргенде, абсцессті пальпация жасау қатты ауырсынуды тудырады. Ірің көп жиналғанда флюктуация анықталады. Абсцесстің өздігінен жарылуы мүмкін: бұл кезде жалпы жағдайы жақсарады, дене қызуы төмендейді, бірақ кейін рецидив болуы беім.

Емі. Қынап кіреберісінің үлкен безінің шынайы абсцессі жедел оперативті араласуды талап етеді. Ұлкен жыныс ернінің бетінің сыртқы аймағынан ісіну үстінен іріңдіктің төменгі полюсіне дейін крест тәрізді тілік жасалады, кейін дренаж салынады, ол қынапқа микроб түсуін шектейді. Бір мезгілде антибиотиктер тағайындалады. Соңынан «салқын» сатысында бездің өзегімен бірге энуклеация істеледі.

Кольпит (colpitis)

 

Кольпит - қынаптың кілегей қабатының қабынуы. Бейарнамалы кольпит стафилококктармен, ішек таяқшасымен, стрептококктармен қоздырылуы мүмкін. Жиі кольпитті аралас инфекция, сонымен қатар трихомонадалар туғызады. Кольпит дамуына бейімдеуші факторларға қосалқылардың созылмалы қабынулары кезінде байқалатын аналық безінің эндокринді қызметінің төмендеуі, пубертатты және менопауза жаста эпителиальды жабындының бүтіндігінің бұзылуы, жатыр мойны өзегінен патологиялық бөліністің болуы қынаптың екіншілік қабыну процессіне ұшыратады. Қабыну реакциясы ошақты және диффузды болады. Жиі жатыр мойнының қынаптық бөлігіне және вульваға тарайды.

Клиника. Кольпиттің негізгі белгісіне аурудың жедел және созылмалы сатысына тән серозды-іріңді бөліністің болуы жатады. Жедел кольпитте науқастар қынап, вульва аймағындағы қышынуға және ашу сезіміне шағымданады, зәр шыққанда ауырсыну мен ашу күшейеді. Созылмалы сатысында бұл белгілер басылады.

Диагностика. Көтергіш және қасық тәрізді айна көмегімен қынапты қарағанда гиперемиясы байқалады, ол серозды немесе іріңді бөлініспен жабылады, қансырай ды. Ауыр ағымында ашық-қызыл түсті бұдыр пішінді эпителий жарасы (colpitis maculosa) немесе беткей орналасатын қынаптың емізікше қабатының нүктелі инфильтрациясы аймақтары (colpitis granulosa) байқалады. Кольпиттің созылмалы сатысында кілегейлі қабықтың гиперемиясы болар-болмас, әлсіз болады, ауырсыну сезімі азаяды. Кольпоскопиялық зерттеу қынаптың кілегей қабатының өзгерісін дәл анықтауға және диагноз қоюға мүмкіндік береді. Қынаптың, уретраның, жатыр мойны, үлкен бездер шықару өзегінің бөліністерін бактериоскопиялық, кейде бактериологиялық зерттеулер қабыну процесінің этиологиялық сұрағын шешеді.

Емі Бейарнамалы кольпитте жергілікті және жалпы ем жүргізіледі. Жергілікті емде сыртқы жыныс мүшелерінің өдеуін және қынапты антисептиктер ерітіндісімен шаюға негізделген. Қынапқа галаскорбинмен, облепиха майымен тампондар, шырақ таяқшалары енгізіледі. Қабыну белгілерінің айқын көрінісінде немесе емге резистенттілік болғанда кей жағдайларда жергілікті антибиотиктер қолданылуы мүмкін, бірақ алдымен микрофлораның сезімталдығын анықтау қажет, гормондар (эстроген, прогестерон), физиоеммен қоса (ультрадыбыс, синусоидты, модульден- ген токтар, озокерит, балшықтар), витаминдер (А, В, С, Р топтары және т.б), десенсибилизациялаушы препараттар қолданылады.

Міндетті түрде емді қажет ететін қосалқы гинекологиялық аурулар: осыған байланысты қынап эпителиіндегі гликоген деңгейі қалыпқа келеді және қалыпты қынаптық флора дамиды.

Атрофиялық кольпит (colpitis atrophica)- менопауза кезінде дамиды. Науқастар қан аралас бөлініске, кейде сыртқы жыныс мүшелерінің қышуына шағымданады. Кольпоскопиямен тексергенде атрофияланған ақшыл кілегей қабатта жиі күмбез аймағында және қынаптың қаптал қабырғасында жарықтар, эпителиальды жабындысынан айрылған аймақтар анықталынады, қол иә болмаса құралдар тиген кезде оңай қансырайды. Қынапқа қосымшы инфекция түскенде диффузды немесе жергілікті гиперемия, сұрғылт кілегей жабындылар, іріңді бөліністер анықталады.

Емі. Қынапты түймедақ тұнбасымен немесе сутегінің асқын тотығымен өңдейді. Осыдан кейін қынапқа антибактериальды және синестролмен тампон салынады. Ем апта бойы немесе оданда ұзақ жүргізіледі. Соңғы кезде жергілікті ем есебінде құрамында эстриол бар емдік шырақтар, қынаптық таблеткалар, гельдер, майлар қолданылады – Овестин, эстриол.

 

Жыныс мүшелер қышуы (pruritus genitalis)

 

Вульва қышуы әртүрлі себептерден дамиды және ереже бойынша өздігінен дамитын ауру емес, жалпы патологиялық процесстер белгісі. Вульва қышуын келесі себептер дамытады: а) сыртқы тітіркендіргіштер әсер етуі: инфекция, ластануы (өнеркәсіптік мекемелерде шаң бөлшектерінің әсері) және механикалық (қатты киім, онанизм, т.б) факторлар, химиялық тітіркендіргіштер (күшті әсер ететін дәрілік заттар); б) ішкі жыныс мүшелері жағынан тітіркендіргіштер әсері: бөліністер (қынаптық, өзектік), қынапты орынсыз тазалау, несеп-жыныс жыланкөздері кезінде сыртқы жыныс мүшелерін зәрмен тітіркендіру; в) зат алмасу бұзылысымен жүретін ішкі мүшелер ауруы: қант диабеті, гепатит (сарғаюмен жүретін), созылмалы нефрит (азотемиямен жүретін), қан өңдіргіш мүшелерінің кейбір аурулары (пернициозды анемия, лейкемия, лимфогранулема тоз), эндокринді бездердің функциональды бұзылыстарында (гипер- және гипотиреоз, гиперпролактинемия, жыныс бездерінің гипофункциясы). Қышу психогенді факторлардың әсерінен болуы мүмкін (операция алдындағы қорқыныш, күшті нервтік қайғыру). Психогенді сипатағы вульваның қышуы мінез-құлқы тұрақсыз әйелдерде жиі кездеседі.

Вульва қышуының себебін анықтағанда науқастың жасы маңызды орын алады. Жасөспірімдерде қышу пайда болғанда вульвовагинитті және саңырауқұлақты зақымдану туралы ұмытпау керек. Репродуктивті жастағы әйелдерде қышу болғанда қант диабетін және басқа да экстрагенитальды ауруларды іздеу қажет. Менопауза кезіндегі әйелдерде қышудың себебі болып жиі организмдегі эстроген- дердің күрт төмендеуі болады, ол жыныс мүшелерінің трофикалық өзгерістерін туғызады. Менопауза кезінде алғаш рет пайда болған қышу сыртқы жыныс мүшесінің терең дистрофиялық өзгерісін көрсетеді.

Клиника. Вульваңы қарағанда гиперемия мен ісіну байқалады. Қышу ұзақ уақыт болғанда қасудың және қабынудың әсерінен жарылулар мен сызықтар, кейде жара болуы мүмкін.

Диагностика. Диагноз анамнез бен аурудың клиникалық көріністеріне негізделіп қойылады. Ерте сатыларында кольпоскопия жасағанда терінің құрғақтығын және экскориациясы анықталады: ауырсыну пайда болғанда вульваның беті дымқыл, ақшыл түсті болады. Үлкен және кіші жыныс еріндерін пальпация жасағанда қалыптымен салыстырғанда тығыздау консистенциялы түзіліс байқалады. Диагноз қойылғанда барлық кезде де қышуға қосымша және бейімдеуші жалпы және жергілікті ауруларды жоққа шығару қажет.

Емі. Алдымен негізгі ауруды емдеу керек. Неврогенді қышуды емдегенде қиындықтар тууы мүмкін. Жалпы көрсетілетін көмектерге қосымша психотерапия, гипноз, бромидтер, ұйықыны қалыптастыратын және тыныштандыратын препарат-тар жатады. Емде басты орынды жеке бас гигиенасы алады, жыныс мүшелерінің түймедақ тұнбасымен тәулігіне 2-3 рет өңдеуі жасалады. Қышыған беттерді эстрогенді майлармен, кремдермен, гельдермен өңделеді. Кей жағдайларда новокаинді блокада жасалады. Менопауза жасындағы әйелдерге басқа терапия нәтижесіз болған жағдайда жалпы орын толтырушы гормональдық терапия (фемастон 1/5) тағайындалады. Ерекше жағдайларда дәрігер хирургиялық араласуға баруға мәжбүр болады - жыныс нервтерінің резекциясы жасалынады.

 

Вагинизм (vaginismus)

 

Вагинизм - неврогенді ауру, mm. Bulbocavernosus, levatоr ani және алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің құрысуына байланысты жыныстық қатынасқа мүмкіншілік болмайтын жағдай. Вагинизм вульваның, қынаптың қабыну процесінен кейін таза неврогенді ауруға аусады. Неврогендік түрінде ауру зорлап, күштеп жыныстық қатынастың әсерінен дамыған, ер адамның импотенциясының кесірінен де дамуы мүмкін. Бұлшықеттердің тырысуы әсіресе жас әйелдерді дөрекі гинекологиялық тексеру кезінде болуы мүмкін.

Кольпит және вульвит кезінде қабынуға қарсы ем жүргізіледі, неврогенді түрлі ауруда - психотерапия, гипноз, күйеуінің импотенциясын емдеу қажет.

 

Эндоцервицит (endocervitis)

 

Эндоцервицит - жатыр мойны өзегінің кілегей қабатының қабынуы. Қоздырғыштары: стафилококктар, стрептококктар, ішек таяқшалары, энтерококк- тар, гонококктар, вирустар, кандидалар болып табылады. Эндоцервициттің дамуына босану, аборт кезінде жатыр мойнының жыртылуы және жыныс жүйесінің басқа бөлімдерінің аурулары (кольпит, сальпингоофорит, жатыр мойнының псевдоэрозия- лары) бейімдеуші болады.

Клиника. Жедел сатысында науқастар кілегейлі-іріңді немесе іріңді бөліністерге, кейде іштің төменгі бөлігіндегі және белдегі сыздап ауырғандыққа шағымданады. Дене қызуының көтерілуі көбіне болмайды. Тексергенде сыртқы жыныс ернеуі айналасы гиперемияланғандығы және жатыр мойнынан аққан лайлы бөліністер анықталады (лейкоциттер жинағы).

Созылмалы сатысында аурулардың шағымы жоқ, сирек жыныс жолдарынан кілегейлі сипаттағы бөліністер көрінеді. Ауру ұзаққа созылса жатыр мойны гипертрофияланып, жиі жалған эрозия дамиды.

Диагностика. Диагноз клиникалық көрінісі мен кольпоскопия мәліметтеріне сүйеніп қойылады. Жатар мойнының өзгерісі бар жерінен алынған биоптатты морфологиялық және цитологиялық зерттеуге жолдайды.

Емі. Жедел сатысында антибиотиктер немесе сульфаниламидті препараттар, эквалиптпен немесе натрий бикарбонаты ерітіндісімен, созылмалы түрінде протаргол, колларголмен өңдеу, мырышпен электрофорез (эндоцервикальды) тағайындалады. Жатыр мойны жыртылысы фонында дамыған эндоцервицитте қабынуға қарсы емнен кейін жатыр мойнына пластикалық операция жасау қажет. Араласу сипаты жатыр мойны жарақатының ерекшелігіне байланысты.

Болжамы қолайлы.

 

Жатыр мойнының шынайы жалақ жарасы (erosio vera)

 

Шынайы жалақ жара - жатыр мойнының қынаптық бөлігіндегі эпителиалды жабындының белгілі бір аймағында болмауы. Эрозия сирек кездеседі, әсіресе үлкен жастағы әйелдерде.

Қабыну процесстері, ұқыпсыз тексерулер көп қабатты жазық эпителийдің десквамациясына әкеліп, гинекологиялық зерттеу кезінде анықталатын жатыр мойнының шынайы эрозиясының пайда болуына себепші жағдай.

Шынайы жалақ жара ұзақ уақытқа созылмайды (10 күндей), тез уақытта көп қабатты жазық эпителиймен жабылады. Шынайы жалақ жара дұрыс емес шеңбер пішінді, ашық қызыл түсті, тиген кезде жеңіл қансырағыш, көп қабатты жазық эпителийдің төменгі деңгейінде орналасады; кейде шеттерінде түлеген эпителий анықталады; түбінде дәнекер ткані көптеген субэпителиалды қан тамырларымен толған, ісінген, айқын ұсақ клеткалы инфильтрациямен. Шынайы жалақ жара толық эпителиймен жойылуы мүмкін немесе цилиндрлі эпителиймен жабылып псевдоэрозия түзіледі.

Диагностика. Диагноз клиникалық көрінісіне, кольпоскопия, цитологиялық зерттеулердің мәліметтеріне негізделеді. Жатыр мойнының өзгерген жерінен алын- ған биоптатқа морфологиялық зерттеу жасалады. Үлкен жастағы әйелдерде жатыр мойны рагін жоққа шығару қажет.

Емі. Шынайы жалақ жара ем бейімдеуші ауруларды емдеуге бағытталады. Жергілікті облепиха, балық майымен, қызыл майымен тампон қойылады. Бірақ консервативті ем 2-3 аптадан аспау керек. Нәтижесіздік жағдайында міндетті түрде электроконизация, электроэксцизия, лазерокоагуляция, азот тотығымен коагуляция жасалынады. Босанбаған әйелдерге жатыр мойнының эрозиясын солковагин ерітіндісімен өңдейміз.

Болжамы - қолайлы.

 








Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 23115;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.031 сек.