Жобалық іс-әрекетті мәселелендіру процедурасы.

Мәселелендіру процедурасы жобалық іс-әрекеттің ажырамайтын бөлігі болып табылады, оны жобаның мәселелік жүйесіндегі құндылықтық өзін-өзі анықтау ретінде анықтауға болады. Себебі, адамды, егер оның шындықты қайта құруға іштеу ұстанымы және жағымды мотивациясы болмаса, жобалық іс-әрекетке қосу өте қиын. Сондықтан педагог оқушыларға (студенттерге, тәрбиеленушілерге, тыңдаушыларға) тек қоршаған шындықтағы қарама-қайшылықты көруге ғана емес, сонымен қатар оның негізінде шешуі қызық болатын мәселені табуға және қалыптастыруға көмектесуі қажет. Ол үшін жобалаудың объектісі және пәні туралы жобалық іс-әрекеттің қатысушыларынының бастапқы түсініктерінің негізінде жағдаятты (мәселені, объектінің кжағдайын) жан-жақты талқылау ұйымдастырылады.

Талқылау барысында мәселелердің ортақ жағдайы қалыптасады. Олардың жиынтығының өнімді формасы миға шабуыл, «араның ызыңдауы», мәселелер пирамидасын құру; «баскет-әдіс», әдістемелік, ғылыми тексттерді контент-талдау және т.б сияқты тәсілдерді қолдану арқылы топтық немесе ұжымдық талқылау болуы мүмкін.

Өзі үшін жаңа мәселені табу жобалық іс-әрекетке қосылу мотивінің пайда болуына себеп болады.

Жобаның негізгі идеясы – зорлық-зомбылық, қаталдық, сатқындық, жамандық сияқты қасиеттер жоқ, кейіпкерлері біріктіруге бағдарланған басқа қасиеттерге ие ортақ күштерді жиып жаңа ғасырдың аңыздары мен мифтерін құруға талпыну.

Педагогикалық мән: гумандылық және қаталдықты ой елегінен өткізуге; гуманистік бастауды іске асыратын тарихи тұлғаларға және өзінің замандастарына мән беруге оятуға; адамзаттың дамуының жаһандану кезеңіне жауап беретін, адамдардың жасағандарын бағалаулдың жаңа критерийлерін жасауға стимул беру.

Жобаның тағы бір сызығы: мифтер мен аңыздардың ерекшеліктеріне әдеби жанр ретінде қарау; оларды жасау тәсілдерін меңгеру; осы бағыттағы бірлескен шығармашылық. Образды ойлаудың дамуы. Жоюшылық, әскерлік, бәсекеге қабілетті бастауы болмайтын сюжеттерді бірігіп құру және талдау.

Педагогикалық тұрғыдан алғанда процедураны жобалаудың тақырыбымен байланысты және олардың жалпы оқуын, жұмысын, өмірлік іс-әрекетін контекстте алғандағы қатысушылардың мәселесін анықтаудан бастаған мақсатқа сәйкес. Себебі адамды оның өзі сияқты басқа ешнәрсе қызықтырмайды. Сонда жобаны жүзеге асыру алғашында субъективті маңызды болады, себебі қандай да бір тұлғалық қарама-қайшылықтар мен қиындықтарды шешуге көметеседі.

Мәселені дұрыс қалыптастыру да өте маңызды. Бұл жерде дұрыстық қандай да бір қарама-қайшылықтың болуының формасы мен табиғаты, кәсіптік терминдер тілінде жасалған формулировканы анық түсінуді және көрсетуді білдіреді. Әсіресе, мәселені анықтауда әлі жасырын, бірігіп іздеуді қажет ететін белгісіз ретінде шындықтың ажырауы белгіленеді. Сонымен қатар барлық «толып жатқан мәселенің» ішінен шешімі, ең алдымен, жағдаяттың, процестің, жүйенің, тұлғаның және т.б. дамуына себеп болатын приоритеті мәселелерді бөліп алудың маңыздылығын көрсеткен жөн. Ол мәселелік жүйенің құрылымын жасау және мәселелер иерархиясын құрастыру барысында жүзеге асады.

Мәселелер жүйесі мүмкін болатын педагогикалық іс-әрекеттің шекаралары, сипаты, масштабы, көлемі және құрылымы туралы алғашқы түсініктерді береді. Сұрақтар мен қиындықтарды мәселелік кеңістіктің «ішіне» орналастыружобалаудағы актуалды приоритетерді анықтауға мүмкіндік береді.

Осылайша мәселелендіру процедурасына мәселелерді анықтау, оларды қалыптастыру, жүйелеу және иерархиялау әрекеттері кіреді. Осы жобалық іс-әрекет аяқталғаннан кейінгі қатысушыларлың күйін И. Лакатостың сөздерімен анықтауға болады: «Бастапқыда менде ешқандай мәселе жоқ еді, ал қазір мәселелер өте көп». Қазір кең тараған «мәселелерім жоқ» деген кезекші формулаға қарсы, жобалаудың көптеген қатысушыларында «менде мәселе бар» сезімі анық көрінеді және ол жобалық іс-әрекеттің барысында шешілуі мүмкін.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар:

1. Дж.Ван Гиг және В.М. Шепельдің еңбектерінде педагогикалық жобалау фазаларын бөлуде қандай ортақ ұқсастықтар бар?

2. Жобаалдылық зерттеуді не қамтамасыз етеді?

3. Жобаның негізгі идеясының мәні неде?

 

Әдебиеттер

негізгі:

1. Колесникова И.А. Основы технологической культуры педагога. М.;СПб.

2. Сериков В.В. Личностно ориентированное образование: концепция и технологии. – Волгоград, 1994.

3. Соколов В.М. и др. Проектирование и диагностика качества подготовки преподавателя: Монография. – М., 1993.

қосымша:

1. Ромишовский А.Д. Проектирование систем обучения: Пер. с англ. – Лондон; Нью-Йорк, 1981.

2. Педагогические основы проетирования образавательных систем нового вида. – СПб., 1995.

3. Громыко Ю.В. Проектирование и программирование развития образования. – М., 1996

 








Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 2816;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.