Табысты жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру бірнеше талаптар қатарын орындаумен байланысты.

Контекстіге қойылактын талап, жобалау пәнін бөлек елестетпей, анықталған контекстпен байланеыстыру. Білім беру жүйесінің дамуы мен жетілуі тек психология – педагогикалық мәселелерді ескерумен шектелмейді, ол философия, мәдениеттану, құқықтану, эканомика, әлеуметтану, психология, физиология және т.б. ғылымдардың мәселесін ескеруді талап етеді.Педагогикалық жобалау, ғылымның кең спекторын көрсететін, пән аралық блім сипатымен тығыз байланысты. Егер біз жобалаудың нәтижесінде білім берудің жаңа үлгісін алуды қаласақ, онда жоба соңында енгізілетін, тұтас әлеуметтік білім беру контекстін талдау қажет. Жобалау аймағында білім беру саласындағы әлеуметтік ситуациялар, білім берудің тұтас мазмұны, үлгіні жасау аймағындағы оқушылар тағдыры, білім берудің деңгейі, формалары, заңдылықтары, нормалары және т.б. көптеген мәселелер қарастырылады.

 

Мысалы: мақсаты ағылшын тілінен жаңа емтихан үлгісін жасау болатын, білім біру жобасының шеңберінде ең қажеттісе әлеуметтік-диактикалық контексті кең талқылау болып табылған. Оған оқушыларды дайындаудың тұтас циклы, оқушылар мен педагогтардың басқа пәндер бойынша тестермен жұмыс жасау тәжірибесі, оқу пособияларының жүйесі, административті қарым-қатынас жүйесі және т.б. енгізілген:

 

Қызығушылық танытқан білім беру жақтарының: тұлға, мемлекет, қоғам қажеттіліктерін ескеру. Білім беру мәселесі қоғам өмірінің ерекше орнын иеленеді, ол мемлекеттің қарқынды дамуын анықтауда да ерекшге мәнге ие. Білім беру жүйесінің тиімді жетілуіне мемлекеттің барлық азаматтары қызығушылық танытады. Олар алдымен білім беру ұйымдарында білім алады, кейін онда олардың балалары білім алады, ал өздері мамандықтарын жетілдіруге мүмкіндік алады. Бұл адамның өмір бойындағы үздіксіз білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруын қамтамасыз етеді.

 

Білім берудің сапасына мемлекет, қоғам да үлкен қызығушылық танытады. Оларға білім мен тәжірибені, мәдени дәстүр, құндылық пен ұлттық норманы өзіне сіңдіріп, болашақ ұрпаққа қалдыратын, мемлекеттің даму бағдарламасын жүзеге асыруға қабілетті, адамдар тізімі қажет. Өз тұрғысынан жұмыс берушілер, жұмысқа орналасқан әріптестеріне нақты талаптарды қойып, олардан белгілі бір білімділік деңгейін күтеді. Жобалау іс-әрекетімен айналысқанда, ең қажеттісі жобалау іс-әрекетіне қатысушылар бір – бірінің көзқарастары мен әрекеттеріне қолдау көрсетуі жәнеәртүрлі ғылым салаларының білім берудегі қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеру болып табылады. Бұлжағдай болмаса, жобалау іс-әрекетінің құрылымы бір – бірімен байланыспаған әрекеттер тізімі ретінде «ыдырайды». Жобаның авторлары мүмкіндігінше әртүрлі адамдар және қоғамның әр қабатының, тұтас білім берудің дамуына немесе оның белгілі бір бағыттың дамуына ұсынатын көптүрлі кейде қарама – қарсы талаптарын ескеру керек. Мысалы: білім алудың ақылы болуы туралы, ата-аналар мен білім беру ұйымдарының оқытушыларының ойлары қарама-қарсы; мектеп саласындағы жобалар нәтижелі болмайды, егер жобаны жасау барысында ата-аналардың ойлары ескерілмесе. Ал кәсіби білім берудегі жоба мазмұнында, көбіне жұмысшылардың талабы ескеріледі.

 

Жобаға қатысушылардың белсенділігіне қойылытын талап. Белсенділіктің бір көрінісі- жобада өзінің қатысуына эмоционалды уайымдауы және жобаға ерікті қатысуы. Жобаны жасау барысында тек жобаға қатысушылардың белсенділігі жеткіліксіз, оларға қоса жобаның мәселелеріні талқылауға дайын жобаға қатысты адамдардың да белсенділігі маңызды. Жобалау іс-әрекетінің ерекшелігі қабылданған шешімдер және ғылыми негізделген барлық ойлар мен ұсыныстардың ескерілу міндеттілігінде. Педагогикалық жобаның мәселесін талқылауға кәсіби мамандар, ғалымдар, қоғамдық ұйымдар белсене қатысатын болса, педагогикалық жобаның сапасы едәуір көтеріледі.

 

Шынайылық талабы жобаның мақсатына жетудегі кепілділікті қамтамасыз етумен байланысты. Бұл үшін жобаға қатысушыларда, өздері ойластырған мақсаттарына жету үшін белгілі деңгейде білім, біліктиері болуы керек. Бұдан бөлек жоба, ресурстармен қамтамасыз етілуі керек.

 

Басқарудағы талап. Жобалау іс-әрекетіндегі басқару тиімділігі көбіне жүзеге асырылатын процедуралардың мазмұндық және технологиялық айқындылығы, кез-келген әрекеттің уақыттық реглшаментінің қажеттілігі мен байланысты тәртіптің болуымен сипатталады. Басқарудың сәтті болуына, диагностикалық, эксперементтік және т. б. ақпараттарды қажет ететін, әрқайсы жобалау процедураларын ақпараттармен қамтамасыз етуде ү.лкен үлес қосады.

 

Жобалау іс - әрекетінің технологиялылығы бірлескен және регламенттелген кезеңдік әрекеттерді жүзеге асыру тиымдылығына негізделген. Жүзеге асырылған эффект бірлескен әрекеттің нәтижесі ретінде де, жобаға қатысушылардың жеке көрсеткіші ретінде де көрінеді.








Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 4245;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.