Көлік логистикасындағы ақпараттық технологияның қолданылуының маңызы мен келешегі.

Ақпараттық технологиялардың көліктік логистикадағы мәні және қолдану келешегі

 

Көлік логистикасындағы ақпараттық технологияның қолданылуының маңызы мен келешегі.

Логистиканы, ерекше көлік логистикасын, ақпаратты технологиялардың белсенді қолданылуынсыз елестету мүмкін емес. Тасымалдау үрдісінде тауар жеткізу жұмысын ұйымдастыру мен қалыптастыруда қатысушылар арасындағы қарқынды әрі жедел ақпарат алмасусыз, көлiк қызметтерiнiң нарық қажеттiгiндегi шапшаң қадағалану мүмкiндiктерінсiз елестету қиын. Бүгінде тасымалдау операцияларының тиімділігін, тұтынушыларды тиісті сапалы қызмет түрімен қамтамасыз етілуін, коммерциялық шешiмдердiң қабылдануын қолдауда, талдау және жоспарлауда ақпараттық жүйелерді, программалық кешендерді пайдаланбау іс жүзінде мүмкін емес. Сонымен қатар, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың дамуының арқасында, тасымалдау үрдістеріндегі типтік операциялардың автоматтандыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін, логистика көлiк қызметтерiнiң технология жағынан бәсекелестiгi жоғары тауар нарығының қозғалыс ұйымында үстем болатын түрге ие болды.

Брюссельде 2000жылдың май айындағы 27-ші авто тасымалдау қызметкерлерінің Халықаралық (ХКАТ) одағының бүкіләлемдік конгресінде тасымалдау үрдісін тиімділеу үшін ғаламдық ақпараттық технологиялар (мобильдік телефон байланысы, Интернет, мультимодалдiлiк) бизнесінін дамуы мен жетілдірілуінің маңызы баса айтылып өтілді. Сонымен бiрге, мультимодалдiлiк және транспорт логистикасының негiзiнде белсендi iстестiкке көлiк түрлерінiң арасындағы бәсекелестiктен ауысудың қажеттiлiгi туралы қорытынды жасалды. Шындығында, дамудың аталған бағыты жаhанданудың қазiргi тұжырымдамасы мен транспорт логистикасының үйлестiруiнде базистiк болып табылады.

Бұл құралымда көрсетіледі:

− бiртұтас еуразиялық тасымалдау жүйесі (Қазақстанның мультимодальді көлік коридорлары, Еуропадан Қытайға Кавказ арқылы ұлы жiбек жолын қайта өркендету жобасы және т.б);

− интернеттiң негiзiнде бiртұтас ашық ақпараттық кеңiстiк (тиісті жерге жіберудің вертуальды желілері, жүктердi бақылау, көлiк серiктестiктерiнiң ақпараттық қолдауы);

− адамдар мен тауарлардың тиiстi тұтастығын қамтамасыз ететін көлік бизнесін қолдайтын электрондық информациялық - коммуникациялық жүйелерiндегі бiртұтас стандарты.

Барлық заманауи бағыттар тасымалдау қызметтерінің нарық дамуында іскерлік операцияларын қамтитын электрондық әдістерін белсенді қолдануға бейімделген.

Бұл жаңа, ерекше және тиімді электрондық технологиялардың атаулары:e-mobility; e-business; e-logistics және т.б.

Көп жағдайда тасымалдау үрдістеріндегі ақпараттық жүйелер мен технологиялардың енгізілуінің одан арғы жетістіктері келесілермен байланысты:

− Жаһандық еуропа арқылы өтетін тауарларды бақылау мақсатында, Интернет және телематика негізінде, тасымалдаудағы ақпараттық интеграциямен қамту;

− дистанциялық есеп айырысу нысанылары бар жоғары жылдамдықты , ақылы магистральдардың желiсiнiң дамуы;

− көлік және көлік қызмет көрсету кәсіпорындары арасындағы ішкі және сыртқы құжат алмасудың жетілдірілуі;

− Интернетте тұтынушы (клиет) мен жеткізушілер арасындағы өзіндік ұйымдастырылған үрдістерді (өзіндік сұраныс жасау қызметі) қамтамасыз ету үшін, виртуальды желілерде көлік-экспедитор агенттерін құру;

− шекараларда тұрып қалатын мәселелерді шешу үшін белсенді , электронды құжат (EDI) айналымына негізделген «Green Custom» («жасыл кеден») технологиясын енгізу;

− Интернет-технология тұғырындағы тұтынушылары бар көлік -қызмет көрсетуші және тауар өтдіруші кәсіпорындардың ақпараттық интеграциясы ;

Дегенмен, коммерциялық қызметтiң жартылай информатизациясына қатысты оңтайлы түрлері, бүгiнде ресейлiк көлiк серiктестiктерiнде (мысалы, құжат айналымының автоматтандырылуы) қол жетімді, әрі жұмыстың тиімділігін арттыру жағдайын қамтамасыз етеді.

Көлік логистикасындағы табанды ақпараттық мәселелер келесi бағыттармен анықталады:

− жекеменшіктердің түрлері бойынша динамикалық өзгеріп отыратын, кәсіпорындардың диверсификациясы, көлiк қызметтерiндегі нарықтың ашықтығының күрделенуі және жоғарылатуымен ақпараттық ағындарды зерттеу;

− кәсіпорынды автоматты басқару үшін программалық жүйелер мен ақпараттарды өңдеу;

− көлiк, экспедитор және агенттiк серiктестiктердегi бизнес-жоспарлау есептерінiң шешiмi үшiн программалық - технологиялық кешендердiң әзiрленуi;

− көлiк үшiн жылжымалы байланыс жүйелерiнiң жетiлдiрілуi;

− ұйымдардағы интернет- технологиялар, тасымалдау үрдістерін басқару және жабдықтау;

Интернет желілерінің дамуы және көптеген виртуальды жұмыстардың белсендігінің артуы арқасында тауарларды соңғы тұтынушыға дейін жеткізу қызметі, транспортты -технологиялық түрге негізделген, ақпараттық және қаржы түрлеріндегі операциялар негізінде әбден нақтылана түсуде. Бұл логистика күшінде барлығы тығыз байланыста және күрделі жеткізу жобаларын тауарларды, ресурстарды бөлуде және әзірлеуде жиі ассоциацияланады. Мұндай жобаларды әзiрлеу және сату бойынша орталықтар құрылады. Және де жобаның заттық саласы әртүрлі болуы мүмкін, көлік-экспедиторлық компаниялардағы басқару жүйелерін әзірлеуден бастап, басқа елде, басқа континенттегi көрмелердің ұйымдастырылуына дейін қатысады. Басқаша айтқанда, қазіргі күндегі Интернет желілеріндегі ірі логистикалық жобалардың ұсынысының, ақпараттық, бағдарламалық-техникалық орталықтардың және фирмалардың жариялануы жаңа логистика дамуының және көп жағдайда көлік логистикасының жаңа кезеңінің басталғанына куәгерлік етеді. Бұл кезең Интернет-технологиясының классикалық логистикада кең қолданылуын ғана емес, сонымен қатар логистикалық жобалау саласындағы зерттеудің белсенділігін, реновациясын және логистикалық байланыстың өздігінен қамтамасыз етілуін сипаттайды. Жаңа сәтті жалпылаулардың бірі, дәстүрлі көлік логистикасын қалыптастыратын бағыттаушы ретінде макро уақыттық концепциясы көлік-логистикасының өмірлік циклы болып табылуы мүмкін.

 








Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 2855;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.