Ақпараттық логистиканың анықтамасы. Зерттеу объектісі мен пәні.

Ақпараттық логистика – ақпараттың алмасуы үрдісінде материалдық ағынды жолдамалайтын ағынның жүруін ұйымдастырушы логистиканың бір бөлігі. Ақпараттық логистика қамту, өндіру және кәсіпорындағы өнім өткізу үрдістерінің арасында байланыстырушы буын болып табылады. Ақпараттық логистика кәсіпорындағы тауарларды қоймалау мен олардың қозғалу үрдістерін басқара отырып, қолайлы қызмет көрсету және минималды шығындарды ұйғарумен, өндіру орнынан тұтыну орнына дейін талап етілетін қажетті сапалық көрсеткіштер мен кешендеуді ескеріп, тауарлардың қажетті көлемде және уақытында жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Ақпараттық логистиканың негізгі түсініктері:

Ø Ақпараттық ағын;

Ø Ақпараттық жүйе;

Ø Ақпараттық технология.

Ақпараттық логистиканының негізгі міндеті ақпараттың белгілі бір кәсіпорынмен басқару жүйесіне не одан кері қарай жеткізілуіне, сонымен қатар барлық иерархиялық деңгейлерде күллі логистикалық тізбек бойынша ақпараттық ағынның координациясы мен қамтамасыз етілуіне негізделеді. Ақпараттық логистика келесі қызметтерді атқарады:

Ø Қалыптасқан ақпаратты жинайды;

Ø Ақпаратты талдайды;

Ø Ақпаратты ауыстырады;

Ø Ақпаратты жинақтап, сақтайды;

Ø Ақпарат ағынын тазартады; (басқарудың белгілі бір деңгейі үшін құжаттар мен мәліметтерді іріктейді);

Ø Ақпараттық ағындарды біріктіріп, ажыратады;

Ø Қарапайым ақпараттық өзгерістерді орындайды;

Ø Ақпараттық ағынды басқарады.

Ақпараттық ағын – дегеніміз логистикалық операцияларды басқаруға қажетті, сонымен қатар логистикалық жүйелердің ішінде және ішкі жүйелер мен сыртқы ортаның арасында циркуляцияланатын хабарламалардың жиынтығы.

Өз кезегінде, ағынмен байланысатын жүйелердің түрлеріне байланысты ақпараттық ағындардың келесі түрлері бөліп көрсетіледі:

Ø Тік – басқарудың бір деңгейіндегі шаруашылық қатынастары бойынша әріптестерінің арасындағы хабарламалардың ағыны;

Ø Көлденең – басшылықтан логистикалық жүйенің бағынушы бөлімдеріне түсетін хабарламалардың жиынтығы.

Шығу тегіне байланысты:

- сыртқы – логистикалық жүйеге қарағанда, сыртқы ортада өтетін ағын;

- ішкі - логистикалық жүйенің ішінде немесе кез келген ішкі жүйелердің ішінде циркуляцияланатын хабарламалардың ағыны.

Ағынның бағытына байланысты:

- кірісті – логистикалық жүйеге немесе оның ішкі жүйелердің біріне кіретін хабарламалардың ағыны;

- шығысты – логистикалық жүйенің немесе оның ішкі жүйелердің бірінің шеңберінен шығатын хабарламалардың ағыны.

 

Жеделдігіне байланысты: қарапайым, жедел, өте жедел

Құпиялылық дәрежесі бойынша: қарапайым, коммерциялық құпияны құраушы, мемлекеттік құпияны құраушы.

Пошталық хабарламалардың маңыздылығына байланысты: қарапайым, тапсырмалы, құнды.

Жіберілім жылдамдығына байланысты: дәстүрлі(пошта); жедел (факс, эл. пошта, телеграф, телефон).

 

 

Қамту саласы бойынша: жергілікті, басқа қалалық, алыс сапарлық, халықаралық.

Тоқсаныншы жылдары әлемдік экономика басынан рецессияны кешірген болатын. Кәсіпорындар прогрессивті өндірістік концепцияларды ендірудің арқасында тиімділіктерін асып түсіру керек еді. Бұл концепциялардың құрамына ресурс бойынша минималданған өндіріс, жұмыс уақытының менеджменті, сапаны толық басқару, жақсы көрсеткіштердің әдісі, шаруашылық үрдісінің ренжирингі және т.б кіреді. Осы концепциялардың қолданылуы шығындарды азайтып, өнімділіктің дәрежесін көтермелеуге, өнім мен қызмет көрсетулердің сапасын жақсартуға, өндірісті реттеп, ақырғы есепте нарықтың талаптарына төтеп беруге мүмкіндік береді.

Шаруашылық үрдісі ренжирингінің перспективалық құралы ретінде компьютерлік технологияның базасында ақпараттық логистиканы басқаруды білдіретін жұмыс ағындарының менеджменті қарастырылады. Компьютерлік технологияның дамуы ақырғы уақытта баламалы бағдарламалық құрылғылардың қолданылуымен қатар бөлектенген жүйелер мен желілердің көмегімен ақпараттың өңделуін тиімді тұрғыдан түзете алады.

Жұмыстар ағыны менеджментінің негіздері. Жұмыстар ағынының менеджменті компьютерлер өнімділігінің жылдам өсуі, оларды пайдаланудың процедураларын жеңілдету, тиімді коммуникациялық технологияның өңделуі нәтижесінде бөлек пән болып қалыптасты. Бұл пән негізінен кәсіпорындардағы өндірістік шаруашылық үрдістерін басқару мен электронды жоспарлау үшін стандартты бағдарламаларын өңдеуге бағдарланған.

Бұл пәннің перспективтілігі тәжірбиемен дәлелденіп келеді. Мысалға, Остин қаласындағы ІВМ компаниясының компьютерлерін өндірумен айналысатын зауыт 1990 жылы жаңа өнім мен жалпы өндірісті өңдеу саласына компьютерлік қамтуды енгізу мақсатымен жұмыстар ағынының менеджменті жобасы бойынша жұмыс істей бастады. Соның өзінде ақпаратты фирманың бөлімдері мен бөлек шаралары бойынша бөліп тастаудың дәстүрлі тәжірибесімен салыстырғанда, жұмыскерлер әрекеттерінің интеграциясы көрініс тауып, олардың жігерлерін координациялауға деген бастамалары, талпыныстары ынталандырылды.

Жұмыстар ағынының менеджменті жүйесінің арқасында ақпаратты өңдеудің мерзімдері қысқартылып, көптеген мәселелер алдын ала шешіліп, қателіктер тез анықталып, содан соң жойылып, қызмет көрсетулерге риза тұтынушылардың қатары кеңейе бастады. Өндіріс саласында тікелей түрде келесі нәтижелер жүзеге асырылған болатын:

• өнімді даярлаудың циклы 7,5 тәуіліктен 1,5 тәуілікке дейін қысқартылды.

• шығарылатын өнімнің номенклатурасы 19 дан 85 түрге дейін кеңейтілді.

• жаңа өнімді өңдеудің мерзімі екі жылдан сегіз айға дейін төмендетілді;

• жұмысшылардың саны 1 100 адамнан 423 адамға дейін қысқартылды;

Өндірістік негіз:

Кәсіпорын экономикасының теориясына сай, ішкі фирмалық үрдістер нақты анықталған міндеттерді шешуге бағытталған. Талдау нәтижелерінен шыға отырып, ұйымдастырушы ережелердің шеңберінде қаланатын шешімдер өңделіп шығарылады. Соның өзінде жоспарлау мен басқаруға, белгілі бір міндеттерді атқаруға қажетті ақпарат түгелімен қолдану керек (мысалға, еңбек заттарын, яғни бұйымдарды, құжаттарды, мәліметтерді өңдеу үшін).

Ақпарат бұл жағдайда өндіріс факторы ретінде қарастырылуы тиіс. Сол себептен ақпараттық логистика барлық иерархиялық деңгейлердегі логистикалық тізбектің ақпараттық қамтылуымен байланысты қызметті қамтиды.

Үрдісті ұйымдастыру мен ақпараттық логистиканың арасындағы айырмашылықтар бірінші суретте көрсетілген. Ұйымдастыру өз кезегінде тек жүйелік әзірлеуден, яғни үрдісті құрау, еңбек құрамын анықтау, формулярларды, құжаттарды өңдеу, аппараттық және бағдарламалық қамтуға қатысты шешімдерді шығарудан тұрады. Ақпараттық логистика сонымен қатар, еңбек заттарын технологиялық өңдеуді қоспағанда, жүйелік эксплуатацияны да қамтиды.

Ақпараттық менеджменттің жалпы қабылданған түсінігіне қарағанда, ақпараттық логистикада ішкі және фирма аралық координациялар бойымен жүретін әрекеттер арасындағы ақпараттық ағындар бірінші орынға қойылады. Бұл жағдайда қызметтік функция талқыланады, ол өз кезегінде стратегиялық тұрғыдан маңызды болып келіп, тауарлардың өндірісі мен қызмет көрсетулерді керекті уақытта, керекті жерде барлық логистикалық тізбек бойынша қажетті ресурстармен қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Ақпараттық логистиканың саласында бұл өз кезегінде шаруашылық міндеттерін шешу үшін қажетті жұмыс орындарының ақпаратына қатысты болып келеді.

Жұмыстар ағыны менеджментінің құрамы

Ақпараттық логистиканың менеджментін компьютерлердің міндетті қолданылуынсыз жұмыстар ағынын басқару ретінде сипаттауға болар еді. Компьютерлерді қолдану жағдайында бірінші орынға ақпараттық технология қойылады. Әрине, жұмыс ағыны менеджментінің шеңберінде физикалық, қағаз құжаттары қолданыла алады. Дегенмен, тек «бейқағаздық» кәсіпорын концепцияның ақырғы мақсаты болып келеді. Мұндай жағдайда материалды тауарлар мен материалды емес ақпаратқа бөлу мүмкін бола алмайды. Бірақ, материалды ағындардың дәстүрлі логистикасымен баламалылығы әлі күнге дейін сақталады.

Бағдарламалық құрылғылардың интеграцияланған жиынтығын білдіретін жұмыстар ағыны менеджментінің жүйесі тұтынушыны негізгі артықшылықтармен бөлейді: үрдістерді жоспарлау, олардың бақылануы жеңілденеді; үрдістің ұйымдастырылуы жағдайға тез бейімделіп кетуі мүмкін; ақпарат жиналып, тапсырманы орындаушыға жіберіле алынады. Ең маңыздысы, жүйе ішкі фирмалық және коммуникациялы құрылымға енгізіледі. Оны өндірістік үрдістердің бағдарламалық қамтылуымен біріктіруге болады, ол өз кезегінде олардың қиындықсыз интеграциясына кепілдік береді, екінші сурет.

Электронды қолдау еңбекті үрдіске бағдарлай отырып, ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Еңбектің топтық әдістері ерекше мәнге иеленеді, өйткені, компьютерлік қамту жұмыс орындары арасында коммуникацияны жақсартуға мүмкіндік береді. Соған қоса, олардың функцияларын қиып өтумен байланысты мәселелер жойылып, ол өз кезегінде үрдістің жалпы тиімділігін жоғарылатады.

Жұмыс ағындары менеджментінің мақсаты

Негізгі мақсаты шаруашылық міндеттері бойынша қызметті баламалы түрдегі, көлемдегі, сападағы қажетті ақпаратпен керекті мерзім мен керекті орында қамтамасыз етуіне негізделеді. Соның өзінде ақпараттық қамтамасыз ету минималды уақытта, қызмет көрсетудің максималды жоғары деңгейінде минималды шығындармен орындалуы тиіс.

Жұмыс ағынының менеджменті шеңберінде осы мақсаттарды жүзеге асыру жұмыс орынның ұйымдастырылуын, жалпы еңбек үрдісін қолайландырып, міндеттерді шешуде жұмысшылар бағдарлағын жоғарлату мен бақылауды жақсартуға мүмкіндік береді. Әдеттегідей, жұмыстар ағыны менеджментінің мақсатты қалыптары өндірістік үрдістерді қалыпты ұйымдастырудың түбірлі өзгерістері көрінген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Жағдайлардың көбінде өзгерістер осы үрдістерді жеңілдету мен унификациялаумен байланысты, ол өз кезегінде шығындарды азайтып, барлық еңбек үрдісін бақыланатындай қылып ете алады.

Компьютерленген ақпараттық логистиканың ұйымдастырылуы мен қолданылуы

Компьютерлер негізіндегі ақпараттық логистиканың және өндірістік үрдістерінің ұйымдастырылуы, әдетте, мәселелерді кезең кезеңдеп шешуді талап етуші күрделі жоба болып табылады. Жоспарлау барысында әдетте, баламалы процедураның түрлі нұсқалары белгіленіп қояды. Бұл ретте ақпаратты өңдеудің дәстүрлі түрінен электронды түріне ауысуы шаруашылық үрдісінің ренжирингі ретінде сипатталатын қызмет көрсетушілердің қайта бағдарлануымен байланысты болып келеді.

Ұйымдастырушы фазасы

1. Жоспарлау. Ақпараттандыру құралдарын қолданумен жұмыс үрдісінің ұйымдастырылуы анықталады. Ол өз кезегінде келесі кезеңдер бойынша жүреді:

1 –ші кезең – шаруашылық жағдайды талдау мен мақсаттардың қойылуы. Өндірістік үрдістің әрекеттегі ұйымдастырылуы негізінде кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтары талданып, ол өз кезегінде мақсаттарды тұжырымдау мен үрдісті ұйымдастырудың жалғасуы үшін негіз құрайды. Мақсаттар, ең алдымен, мерзім, өнімділік, сапа мен шығын сияқты факторларға қатысты болып келеді.

2-ші кезең – алдын ала жобалау. Енгізу ерекшелігін ескермей отырып, шаруашылық үрдісінің жалпы сипаттамасы беріледі. Соның өзінде келесі сұрақтар бірінші орынға қойылады:

- еңбек заттарын өңдеудің қай орындарын құру қажет;

- өңдеудің түрлі орындары үшін қандай ақпарат қажет;

- өңдеудің қай орындары талап етілген ақпаратты даярлайды;

- өңдеудің бөлек орындары нені өндіріп шығарады.

Нәтижесінде өңдеу орындары арасындағы өзара әрекеттілікке ерекше көңіл аударумен, үрдісті ұйымдастыру жобалап модельденеді.

Компьютерленген ақпараттық логистиканың шеңберінде құжаттар үшін жартылай ресми және ресми графикалық немесе текстік тіл қолданылады. Графикалық сипаттамаға арналған заманауи құрылғылар модель элементтерін енгізу және олардың өңделуін қамтамасыз ететін қолайлы бағдарлама редакторларға иеленеді.

3-ші кезең – түпкілітік жоспарлау. Енгізілмелі мәліметтер,ақпараттық ағын мен өңдеу процедурасының барлық қосалқы бөліктері реттелмегенге дейін, енгізу шарттарын ескерумен нақтыланып, айқындалады. окончательное планирование. Түпкілікті жоспарлаудың нәтижелері, әдеттегідей, келесіге негізделеді:

- үрдісті ұйымдастырудың нақты айқындалуына – жұмыс пен қатысушылардың бірізділігі, бірізді және параллельді процедуралар, функцияларды ауыстыру мен делегациялаудың шарттары;

- өңдеуқұрылғыларының (функционалды деңгей) үрдіспен (мысалға, тексттерді өңдеу, таблицаларды, графиктерді, мәліметтер базасы үшін бағдарламаны құрау) үйлесімділігі. Идеалды жағдайда құрылғылар тікелей түрде жүйемен жұмысқа енгізіледі;

- мәліметтер ағынын нақты анықтауда - мәліметтердің жолданушысы мен қайнар көздері, сонымен қатар бақылау мәліметтері орнатылуға міндетті. Мәліметтер ағыны идеалды түрде өңдеудің сәйкес құрылғысына түсуі үшін, кейін міндетті орындап болғаннан кейін белгіленген бағыт бойынша жүруге сай ұйымдастырылады. Өңдеуші мәліметтерді іздеп, оларды жіберумен айналыспауы керек;

- сыртқы ортамен жанасудың салаларын қалыптастыру ( жүйелік қоршаудың деңгейі);

- адамның компьютермен жанасу салаларын анықтау.

Мұндай жоспарлық қызмет баламалы ақпараттық құрылымның болуын ұйғарады. Бірінші кезекте, бұл жұмыс станциялары және жоғары өндірістік қызмет көрсетуші станциялармен қамтылған желілер болып келеді ( негізінен жұмыстар ағынының қызмет көрсетулерімен және мәліметтер банкісімен).

2. Бағалау. Ол өз кезегінде үрдіс нұсқаларын талдау мен бағалауға негізделеді.

1-ші кезең – статистикалық және динамикалық әдістермен келтірілетін үрдіс нұсқаларының талдануы:

- статистикалық талдау аудиторлық бақылау мен ревизиялар арқылы үрдісті тексеруден тұрады;

- динамикалық бақылау барысында жұмыстар ағыны менеджментінің құрылғыларының мүмкіндіктерін, бірінші кезекте үрдістердің имитациясын, ал қажеттілік жағдайында олардың шынайы қалыптасқан жағдайға жақындатылу мүмкіндіктерін қолданады. Мұндай әдістер уақыт бойынша үрдістер әрекеттілігін зерттеп, талдауға, шығынды қуаттар мен дефициттерді болдырмауға, жұмыстардың орташа мерзімдерін және стохастикалық ауытқуларды есептеуге, аса зор тапсырыстарды бөлек реттеуге мүмкіндік береді.

2-ші кезең – үрдіс нұсқаларының өнімділік, артықшылықтар мен кемшіліктерге, шығындар мен табысқа қатысты бағалануы. Бұл өз кезегінде табыс көлемінің талдауы немесе жақтасатын және жақтаспайтын аргументтердің қарапайым балансы болуы мүмкін. Егер қойылған мақсаттарды жүзеге асыра алатын нұсқа табылса, онда енгізілу мен үрдісті тестілеуге кірісе бастайды.

3. Енгізу мен тестілеу келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

- жүйенің қажетті машиналық және бағдарламалық алғышарттарын құру;

- шешімнің жұмыстар ағыны бойынша қызмет көрсету мен бөлек жұмыс станцияларының жүйесіне енгізілуі;

- үрдіс тестілері, техникалық және концептуалды қателіктердің анықталуы. Бірінші жағдайда – бұл енгізу нәтижелерін тексеру (үрдіс ойлағандай жұмыс істей ме), екінші жағдайда – логикалық қателіктерді іздеу (оларға өз кезегінде үрдістің жобаланған ұйымдастырылуының жалпы шешімі сай келе ме).

Көп жағдайда жұмыстар ағыны бойынша алдымен критикалық мәнге иеленбейтін, кішігірім жобалар шеңберінде енгізу орынды шешім болып қарастырылады, өйткені, бұл жағдайда техникалық мәселелер жеңіл табылып, жойыла алады. Сонымен қатар маңыздылығы төмен жобалар компьютерленген ақпараттық логистика жүйесінің әрі қарай кеңеюіне арналған құнды тәжірибені меңгеруге мүмкіндік береді.

Эксплуатациялы фаза

Жүйенің пайдалануы шаруашылық міндеттерін өңдеу үшін бағдарламалық қамтуды талап етеді. Үрдіс менеджері міндеттің қойылуын бастамалап, оның атқарылуын бақылап, тұтынушымен байланысқа түсе бастайды, үшінші сурет. Ақырғылары міндеттерді өңдеу үшін қолданбалы бағдарамаларды қолданып, кейбір операцияларды қолмен орындайды. Шаруашылық міндетін өңдеп біткен соң жұмыс жалғаса береді ( идеалды жағдайда электронды құрылғылармен) және жүйе жаңа жұмыс қалпына көшеді.

Жұмыс ағыны менеджменті жүйесінің өнімді пайдалануы жағдайында компьютерлік қолдаудың мүмкіндіктері айқындала бастайды, соған байланысты бұл жүйе келесі қасиеттер бойынша қарастырылады:

- құжаттаманың құралы ретінде – өңдеушілердің өзара әрекеттілігі мен барлық жүйе шеңберіндегі графикалық түсіндірме үрдісті толығымен құжаттамалауға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде стандарттарды Халықаралық әзірлеу сертификациясын ескере отырып, зор мәнге иеленеді.

- өндірісті визуалдаудың құралы ретінде – мониторларда өңдеу орындарындағы дерексіз қорлар анық көрсетілген, ол өз кезегінде сәйкес түзетулерді енгізе отырып, тар жерлерді анықтап, жоюға мүмкіндік береді;

-мониторинг жүйесі ретінде – әрбір тапсырыс кез келген уақытта талап етілуі тиіс, соның арқасында тапсырыстар портфелінің жағдайын бағалап, оны өңдеу бойынща келесі қадамдарды қолдануға болады;

- бақылау жүйесі ретінде – үрдістердің хаттамалдануы ерекшеліктерге иеленетін ақпарат алуға мүмкіндік береді (өңдеу уақыты, жұмыстардың басталу мен аяқталу уақыты, келеңсіздіктер, мәселелердің пайда болу себептері, келесі өңдеу және т.б.);

- сапаның ақпараттық жүйесі ретінде – қызмет көрсетушілердің жиналған ақпараты мен білімдері Kaizen жапондық жүйенің рухындағы «сапа айналымында» қарастырылуы мүмкін;

- мәліметтерді басқару қызметтерінен босатылатын тұтынушыларды қолдаудың құралы ретінде. Жүйе автоматты түрде өңдеудің баламалы құрылғысын іске қосып, іздеуді атқарып, өңдеуге жатқызылатын мәліметтерге деген қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, шешілетін міндеттердің толыққандылығына кепілдеме береді.

Компьютерленген үрдісті үзіліссіз бақылау оны жүйелік тұрғыдан жетілдіруге мүмкіндік береді. Өйткені, үрдісті ұйымдастыру жайлы барлық негізгі ақпарат машиналық формада келтірілген, ол өз кезегінде копьютердің қолдануымен тез арада жедел бағалануы мүмкін. Тұтынушылардың өздері қолда бар құралдардың көмегімен жүзеге асырылатын үрдістерге өзгерістерді енгізуге мүмкіндік береді. Соған орай, адами факторда міндетті түрде ескеру қажет. Шаруашылық үрдістерінің техникалық ұйымдастырушылық бейімделуі әрдайым кадрлық шаралармен үйлесе отырып, жүзеге асырылуы тиіс. Қызмет көрсетушілерді қалыпты оқыту үрдістің қазіргі жағдайда жетілдірілуінің маңызды құрамдас бөлігіне айналуы тиіс.

Жұмыс ағыны менеджментінің жобасының шеңберінде қызмет көрсетушілер даярлау ең бастапқы кезеңнен басталады. Қызмет көрсетушілерді ұйымдастыру фазасындағы үрдістерге қатысуларын бауулу оқытудың белгілі бір эффектісін береді. Дегенмен, оның өзі жеткілікті емес. Жүйенің енгізілуі, әдетте, еңбекті дәстүрлі түрде ұйымдастырудан бас тарту дегенді білдіреді. Жаңа жүйені максималды қолайлы жағдайда ғана қолданып қоймай, бірінші кезекте келесі сұрақтарға қатысты болып келетін қызмет көрсетушілерді интенсивті түрде даярлау керек:

- компьютерлік жүзеге асырылым шарттарында үрдісті тұтастай түсіну;

- әрбір жұмыс орнында жүйені пайдаланудың логикасы;

- міндеттерді өңдеуге қажетті қолданбалы бағдарламалық қамтуды пайдалану.

Қорытындыда жұмыстар ағыны менеджментінің жүйесінің жоспарлануы, енгізілуі және пайдаланылуы тек техникалық аспектілермен ғана байланысып қоймаған маңызды қиыншылықтармен жолдамаланатынын тағы да белгілеп өту қажет. Мұндай жүйенің сәтті түрде іске асырылуы үшін адами алғышарттар өте маңызды – оқу қабілеттілігі,топтық жұмыс мәдениеті, жаңа енгізулерге деген қарым қатынастың ашықтылығы және т.б.

2. Логистикадағы және микродеңгейдегі ақпараттық жүйелердің түрлері.Көп жағдайда АЖ екі жүйешікке бөледі: функционалды және қамтамасыз етуші. Функционалды жүйешік мақсаттарының ортақ көрсеткіші бойынша топталған шешілетін міндеттердің жиынтығынан тұрады. Қамтамасыз етуші жүйешік келесі элементтерден тұрады: техникалық қамту, яғни ақпараттық ағындардың өңделуі мен жіберілуі үшін жауап беретін техникалық құрылғылардың жиынтығы; түрлі анықтамалықтардан, классификаторлар, кодификаторлар, мәліметтерді ресми сипаттаудың құралдары, математикалық қамту, яғни фунционалды міндеттерді шешу әдістерінің жиынтығынан тұратын ақпараттық қамтамасыз ету.

Ақпараттық жүйе– бұл материалды ағындарды басқару бойынша міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін бағдарлаудың қажетті құрылғылары мен түрлі анықтамалықтардың, есептегіш техниканың өзара байланысты құралдарының белгілі бір жағдаймен ұйымдасқан жиынтығы.

Ақпараттық жүйе екі жүйешікке бөлінеді: функционалды және қамтамасыз етуші:

Функционалды жүйешік мақсат ортақтығының көрсеткіші бойынша топтасқан шешуші міндеттердің жиынтығынан тұрады. Қамтамасыз етуші жүйешік өз кезегінде келесі элементтерден тұрады:

- техникалық қамту, яғни ақпараттық ағындардың өңделуі мен жіберілімін қамтамасыз ететін техникалық құралдардың жиынтығы;

- түрлі анықтамалықтардан, классификаторлар, кодификаторлар, мәліметтерді ресми сипаттаудың құралдарының жиынтықтығынан тұратын ақпараттық қамту;

- математикалық қамту, яғни функционалды міндеттерді шешу әдістерінің жиынтығы.

Логистикадағы ақпараттық жүйелер бөлек кәсіпорынның деңгейінде материалды ағындарын басқару мақсатымен құрылады және аймақтар, мемлекеттер және мемлекеттер тобының территориясындағы логистикалық үрдістерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, төртінші сурет.

 

Ақпараттық жүйелер
Микродеңгейдегі ақпараттық жүйелер (бөлек кәсіпорын)
Макродеңгейдегі ақпараттық жүйелер (аймақ, мемлекет, мемлекеттер тобы)
жоспарлық
диспозитивті
атқарушы

 


Сурет 1 – Логистикада қолданылатын ақпараттық жүйелердің түрлері

 

Бөлек кәсіпорынның деңгейінде ақпараттық жүйелерді өз кезегінде үш топқа бөледі:

• жоспарлық ;

• диспозитивті (немесе диспетчерлік);

• атқарушы (немесе оперативті).

Логистикалық ақпараттық жүйелер логистикалық үрдістерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін білдіреді. Сол себептен логистикалық ақпараттық жүйелердегі математикалық қамту – техникалық құралдардың қызмет етуі мен анықтамалық мәліметтерді алу, тексттерді өңдеу, материалды ағынды басқару міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін бағдарлау құрылғыларының жиынтығы мен бағдарламалардың кешені.

Логистикадағы ақпараттық жүйелер нарықтың талаптарына деген жедел бейімді реакцияны, жіберілім уақытын бақылауды, заманауи қамту мен сапалы жіберілім мақсатында функцияларды қолайландыруды ұйғарады. Логистикалық ақпараттық жүйелерді үш топқа бөледі.

Жоспарлық ақпараттық жүйелер. Бұл жүйелер басқарудың әкімшілік деңгейінде құрылып, стратегиялық сипаттағы көпмерзімді шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді. Шешілетін міндеттердің арасында келесілер болуы мүмкін: логистикалық тізбек бөлімдерінің құрылуы мен қолайландырылуы; шартты – тұрақты, яғни аз өзгермелі мәліметтерді басқару; өндірісті жоспарлау; қорларды жаппай басқару; резервтерді басқару мен тағы басқа міндеттер.

Бейпозитивті ақпараттық жүйелер. Бұл жүйелер цехты және қойманы басқарудың деңгейінде құрылады және логистикалық жүйелердің кейінге қалдырылған жұмысын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Мұнда келесі міндеттер шешіледі: қорларды қосалқы бөлшекті түрде басқару ( қоймалау орындарын); ішкі қоймалық көлікті басқару; тапсырыстар бойынша жүктерді іріктеу және оларды кешендеу, жіберілетін жүктерді ескеру мен басқа да міндеттер.

Атқарушы ақпараттық жүйелер. Әкімшілік және оперативті басқару деңгейлерінде құрылады. Осы жүйелердегі ақпараттың өңделуі оның ЭВМ ге түсу жылдамдығымен анықталатын темптермен орындалады. Басқару обьектісіне деген сәйкес әкімшілік және басқару ықпалдарын өз уақытында анықтап, уақыттың жүріп жатқын сәтінде жүктердің қозғалысы жайлы қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік беретін уақыттың шынайы масштабында атқарылатын жұмыс. Мұндай жүйелермен материалды ағындарды бақылау, өндіріске қызмет көрсетудің оперативті басқарылуы, орын ауыстыруларды басқарумен байланысты түрлі міндеттер шешіледі.

Логистикалық ақпараттық жүйелерді құру жағдайында белгілі бір принциптерді ұстану керек.

- аппараттық және бағдарламалық модульдерді қолдану. Бағдарламалық және аппараттық модульдерді қолдану принципінің орындалуы келесі жағдайларға мүмкіндік береді: басқарудың түрлі деңгейлерінде бағдарламалық қамту мен есептегіш техниканың үйлесімділігін қамтамасыз етуге; логистикалық ақпараттық жүйелердің қызмет етуінің тиімділігін жоғарылатуға; олардың бағасын төмендетуге; олардың құрылуын тездетуге.

-жүйені кезеңдеп құру мүмкіндігінің принципі. Заманауи электронды жүйелердің негізінде құрылған логистикалық ақпараттық жүйелер басқарудың басқа автоматтандырылған жүйелері сияқты әрдайым дамып тұрушы жүйелер болып табылады. Бұл өз кезегінде оларды жобалау барысында автоматтандырудың обьектілер санын тұрақты түрде ұлғайту мүмкіндігін, ақпараттық жүйемен жүзеге асырылатын функциялар құрамын немесе шешілетін міндеттер санын кеңейту мүмкіндігін қарастыру керек екенін білдіреді.

-жанасу орындарын нақты қалыптастыру принципі. Жанасу орындарында материалды және ақпараттық ағын жеке кәсіпорындардың шекаралары немесе кәсіпорынның бөлек бөлімдерінің жауапкершілігі мен құқықтарының шекараларынан өтеді. Жанасу орындарын баяу түрде деңдетуін қамтамасыз ету логистиканың маңызды міндеттерінің бірі болып келеді.

- нақтылы қолданудың ерекшелікті талаптары көзқарастары тарапынан жүйе иілімділігінің принципі.

- «адам машина» диалогын тұтынушы адам үшін жүйенің тиімді болу принципі.

Ақпараттық ағындардың қолданылатын түрлері

Материалды ағындарды басқарудың басты шарты ретінде логистикалық жүйелерде циркуляцияланатын ақпараттың өңделуі қарастырылады.

Ақпараттық ағын материалдыдан асып түсіп, онымен бірге немесе кейін жүре алады. Соның өзінде ақпараттық ағын материалдымен бір бағытта немесе оған қарама қарсы жүре алады.

Ақпараттық ағын жүретін жол жалпы жағдайда, материалды ағынның жүру жолымен үйлеспеуі мүмкін. Ақпараттық ағын келесі көрсеткіштермен сипатталады:

- пайда болуының қайнар көзі;

- ағын қозғалысының бағыты;

- жіберу мен қабылдаудың жылдамдығы;

- ағын интенсивтілігі және т.б.

Қарама қарсы бағытта келе жатқан ағын әдетте тапсырыс жөніндегі мәліметті сақтайды. Тікелей бағытта озып келуші ақпараттық ағын жүктің келуі жайлы алдын ала жүргізілетін хабарламаларды білдіреді. Материалды ағынмен қатар соның сапалы және сандық параметрлері жөнінде мәлімет беретін тікелей бағыттағы ақпарат жүріп отырады. Материалды ағыннан кейін қарама қарсы бағытта сандық параметрлер бойынша жүкті қабылдаудың нәтижелері жайлы ақпарат, түрлі шағымданулар мен бекітулер туралы ақпараттың өтуі байқалады.

Ақпараттық ағынды келесі операциялардың арқасында оперативті және сапалы тұрғыдан басқаруға болады:

- ақпараттық ағынның қайыра жолдануы;

- қабылдаудың тиесілі жылдамдығы үшін жіберілім жылдамдығын шектей отырып;

- ақпарат өтуінің бөліктерінде ақпараттың көлемін ұлғайта немесе азайта отырып;

- бөлек түйін немесе жол бөлігінің өткізілімді мүмкіндігінің ауқымдылығы үшін ағынның көлемін шектей отырып.

Логистикадағы ақпараттық жүйелер бөлек кәсіпорынның деңгейінде материалды ағындарды басқару мақсатымен құрылып, ал кейбір жағдайларда аймақтар,мемлекеттер, мемлекеттер топтарының территориясында логистикалық үрдістерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бөлек кәсіпорынның деңгейінде ақпараттық жүйелер, өз кезегінде, үш топқа бөлінеді: жоспарлық, диспозитивті және атқарушы.

Жоспарлық ақпараттық жүйелер басқарудың әкімшілікті деңгейінде құрылып, стратегиялық сипаттағы ұзақ мерзімді шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді. Шешілетін міндеттердің арасында келесілер болуы мүмкін:

· Логистикалық тізбек бөлімдерінің құрылуы мен қолайландырылуы;

· Шартты тұрақты, яғни аз өзгермелі мәліметтерді басқару;

· Өндірісті жоспарлау;

· Қорларды жалпы басқару;

· Қорларды басқару және басқа да міндеттер.

Бейпозитивті ақпараттық жүйелер қойманы немесе цехты басқару деңгейінде құрылып, логистикалық жүйелердің кейінге қалдырылған жұмыстарын атқару үшін қызмет етеді. Мұнда келесі міндеттер шешілуі мүмкін:

· Қорларды қосалқы бөлшекті тұрғындан басқару;

· Іщкі қоймалық көлікті басқару;

· Тапсырыстар бойынша жүктердің іріктелуі және олардың кешенделуі, басқарылатыг жүктерді ескеру және басқа да міндеттер.

Атқарушы ақпараттық жүйелер әкімшілік немесе оперативті басқару деңгейінде құрылады. Осы жүйелердегі ақпараттың өңделуі бағдарламалық қамтудың мүмкіндіктерімен анықталатын темптермен орындалады. Басқару обьектісіне деген сәйкес әкімшілік және басқару ықпалдарын өз уақытында анықтап, уақыттың жүріп жатқын сәтінде жүктердің қозғалысы жайлы қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік беретін уақыттың шынайы масштабында атқарылатын жұмыс. Мұндай жүйелермен материалды ағындарды бақылау, өндіріске қызмет көрсетудің оперативті басқарылуы, орын ауыстыруларды басқарумен байланысты түрлі міндеттер шешіледі.

Микродеңгейде ақпараттық жүйелердің үш түрін анықтайды:

1) жоспарлық АЖ ұзақ мерзімді шешімдерді қабылдау үшін әкімшілік деңгейде құрылады: логистикалық тізбек бөліктерін құру мен қолайландыру; өндірісті жоспарлау; қорларды жаппай басқару, резервтерді басқару;

2) бейпозитивті немесе диспетчерлік АЖ қойманы немесе цехты басқару деңгейінде АЖ нің кейінге қалдырылған жұмысының атқарылуын қамтамасыз ету үшін, орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға шешімдер қабылдау үшін, ішкі қоймалық немесе ішкі зауыттың көліктерін басқару үшін, жүктерді тапсырыстар бойынша іріктеу мен оларды кешендеу үшін; жіберілетін жүктерді ескеру үшін, қорларды қосалқы бөлшекті тұрғыдан басқару үшін құрылады.

3) атқарушы АЖ шынайы уақыт режимінде күнделікті жұмыстарды атқару үшін оперативті немесе әкімшілікті басқару деңгейінде құрылады: МА бақылау; өндіріске қызмет көрсетуді оперативті тұрғыдан басқару; орын ауыстыруларды басқару.

Жоспарлық ақпараттық жүйелерде ЛЖ ді жиынтықты МА-мен байланыстырушы міндеттер шешіледі. Соған қоса, « өтім-өндіріс-қамту» тізбегінде толассыз жоспарлау жүзеге асырылады, ол өз кезегінде кәсіпорынды материалды техникалық қамту жүйесіне қажетті талаптарды ұсынумен бірге нарық талаптарының негізінде құрылған өндіріс кәсіпорынның тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді. Берілген әдіс арқылы жоспарлы жүйелер логистикалық жүйені сыртқы ортамен, жиынтықты материалды ағынмен түйістіреді.

Бейпозитивті және атқарушы жүйелер алған қойылған жоспарларды нақтылап, олардың бөлек өндірістік бөліктерінде, қоймаларда, сонымен қатар нақтылы жұмыс орындарында орындалуын қамтамасыз етеді.

Ақпараттық жүйелердің тік және көлденең түрлеріндегі интеграциясы. Логистика концепцияларына сәйкес түрлі топтарға жатқызылатын ақпараттық жүйелер ортақ АЖ –ге интеграцияланады. Интеграция тік және көлденең болып бөлінеді. Көлденең ақпараттық ағындар арқылы бейпозитивті, ақпараттық және жоспарлық жүйелер арасындағы байланыс тік интеграция деп аталады. Ақпараттық, бейпозитивті және жоспарлық жүйелерді байланыстырушы принципиалды кесте төртінші суретте келтірілген.

Көлденең ақпараттық ағындар арқылы бейпозитивті және атқарушы жүйелердегі міндеттердің бөлек кешендері арасындағы байланыс көлденең интеграция деп аталады.

Логистикадағы ақпараттық технологиялар. Байланыс пен ақпарат құралдары саласындағы,логистикалық басқару идеяларын тәжірибеде жүзеге асыруға мүмкіндік берген ҒТҮ-дің басты жетістіктеріне келесілер жатқызылады:

1) логистикалық жүйелердің басқарудың компьютерленуі, нақты:

- ЭВМ құрылуы және жаппай қолданылуы,

- жоспарлау, болжамдау, шешімдерді қабылдау, мәліметтер базасын енгізу, қолайландырылған міндеттерді шешу үрдістерін автомандыратын қолданбалы бағдарламалық жүйелердің құрылуы;

2) мәліметтерді жіберу құрылғыларының дамуы:

- ақпаратты жіберу стандарттарының жасап шығарылуы,

- ақпаратты жіберу құрылғыларының құрылуы (факс аппараттар, EDI – мәліметтер алмасуының электронды түрде жүруі, компьютерлік желілер), оның ішінде жылдам әрекет етуші құрылғылар ( ғарыштық телекоммуникациялы жүйелер).

Ол өз кезегінде шикізат, қосалқы бөліктер, КА қозғалыстарының барлық кезеңдерін бақылауға мүмкіндік беріп, нәтижесінде ол МА басқарудың баламалы кестелерінде ірі шығындарды нақты анықтауға мүмкіндік жасайды. Сол себептен кәсіпорындардағы ағындардың барлық түрлерін ұйымдастыру мен басқарудың жаңа, тиімді әдістерін жасап шығарудың қажеттілігі туындады. Сонымен қатар принципиалды жаңа мүмкіндіктер пайда болды:

- жартылай фабрикаттардың болуын, КА шығарылымын, өндірісті қорлардың жағдайын, МР жеткізілімдерінің көлемдерін, өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолдағы жүктер орналасуының мекен жайын автоматты тұрғыдан бақылау;

- көліктендірілетін жүктердің реквезиттары жайлы ақпараттың оперативті жіберілімі;

- шынайы уақыт режимінде өнім қозғалысының фазаларын басқару мен мониторингін жүзеге асыру, өз кезегінде шикізаттың бастапқы қайнар көзінен аралық өндірістік, қоймалық және көліктік үрдістер арқылы ақырғы тұтынушыға дейін жүреді;

- өтім нарықтары, фирманың қызметі, оның бәсекеге қабілетті қалпын бағалау жайлы ақпаратты оперативті тұрғыдан алу, өңдеу және талдау;

- «қағазсыз» технологияларды қолдану: электронды жазба, электронды төлемдік жүйелер, жүктерді көліктендіру, келісім шарттарды жасау, банк есептерін әзірлеу барысында электронды жолдамалаушы құжаттаманы жіберу;

- электрондық коммерция жүйелерін құру.

Ақпараттық технологияларды қолдану материалды ағындарды басқарудың тиімділігін принципиалды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.








Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 7716;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.089 сек.