Логистикадағы ақпараттық жүйелердің құрылу принциптері

Жүйелік әдістің принциптеріне сай кез келген жүйе алдымен сыртқы ортамен, кейін өзінің құрылымының ішінде қарым қатынас жасауында зерттелінуі тиіс. Бұл принцип, яғни жүйені құраудың кезеңдері бойынша жылжудың бірізділік принципі логистикалық ақпараттық жүйелерді жобалау жағдайында орындалуы тиіс.

Жүйелік әдістің позицияларынан логистиканың үрдістерінде үш деңгейді көрсетеді, бесінші сурет.

Бірінші деңгей – материалды ағыны бар логистикалық операция орындалатын жұмыс орны, яғни материалды ағынның қосалқысы, элементі, жүк бірлігі жылжып, түсіріліп, қаптамаланады. Екінші деңгей, жұмыс орындары қаланатын, жүктерді көліктендірудің үрдістері жүретін жер бөлігі, цех, қойма болып табылады.

Үшінші деңгей – оқиғалрдың тізбегін қамтитын жалпы көліктендіру мен орын ауыстырудың жүйесі, оның басы ретінде жеткізушінің шикізат жүгін тиеп болу уақытын қарастыруға болады. Бұл тізбек дайын өнімдердің ақырғы тұтынуға түсуі жағдайында аяқталады.

Үшінші деңгей  
Екінші деңгей  
Бірінші деңгей
Материалды ағынның қосалқысы, элементі, жүк бірлігі жылжып, орнын ауыстыратын жұмыс орны
Көліктендірудің үрдістері жүретін жер бөлігі, цех, қойма
Жалпы көліктендіру мен орнын ауыстырудың жүйесі

 


Сурет 2 – Жүйелік әдістің позициялары тарапынан логистика үрдістеріндегі деңгейлер

 

Жоспарлы ақпараттық жүйелерде логистикалық жүйені жиынтықты материалды ағынмен байланыстыратын міндеттер шешіледі. Соған қоса, « өтім-өндіріс-қамту» тізбегінде толассыз жоспарлау жүзеге асырылады, ол өз кезегінде кәсіпорынды материалды техникалық қамту жүйесіне қажетті талаптарды ұсынумен бірге нарық талаптарының негізінде құрылған өндіріс кәсіпорынның тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді. Берілген әдіс арқылы жоспарлы жүйелер логистикалық жүйені сыртқы ортамен, жиынтықты материалды ағынмен түйістіреді.

Бейпозитивті және атқарушы жүйелер алған қойылған жоспарларды нақтылап, олардың бөлек өндірістік бөліктерінде, қоймаларда, сонымен қатар нақтылы жұмыс орындарында орындалуын қамтамасыз етеді.

Ақпараттық жүйелердің тік және көлденең түрлеріндегі интеграциясы. Логистика концепцияларына сәйкес түрлі топтарға жатқызылатын ақпараттық жүйелер ортақ АЖ –ге интеграцияланады. Интеграция тік және көлденең болып бөлінеді.

Тік ақпараттық ағындар арқылы бейпозитивті, ақпараттық және жоспарлық жүйелер арасындағы байланыс тік интеграция деп аталады. Ақпараттық, бейпозитивті және жоспарлық жүйелерді байланыстырушы принципиалды кесте алтыншы суретте келтірілген.

 

Есеп түрі Ақпараттық жүйенің түрі Жетекшілік етудің деңгейі Шешілетін міндеттер
жылдық есеп Жоспарлық Жоғары жетекшілік Мақсаттарды жүзеге асырудың тактикасы мен стратегиясын таңдау
Апта, ай сайынғы, тоқсанды есеп қисап   Бейпозитивті Орташа менеджмент Міндеттерді, ережелерді жүзеге асыру әрекеттерінің әдісін анықтау  
Күн сайынғы есеп Атқарушы Тікелей атқарушылар Инструкцияларды орындау, алғашқы ақпаратты өңдеу мен топтау  

 

Сурет 3 – Микрологистикалық жүйелердегі ақпараттық ағындардың принципиалды кестесі

 

Көлденең интеграция ретінде көлденең ақпараттық ағындар арқылы бейпозитивті және атқарушы жүйелердегі міндеттердің бөлек кешендері арасындағы байланыс қарастырылады.

Жалпы интеграцияланған ақпараттық жүйелердің артықшылығы келесіге негізделеді:

- ақпаратпен алмасудың жылдамдығы өседі;

- есептегі қателіктер саны азаяды;

- өнімді емес, «қағазды» жұмыстың көлемі азаяды;

- бір бірінен ажыратылған ақпараттық блоктар бірігеді.

ЭВМ негізінде логистикалық ақпараттық жүйелерді құрау барысында келесі принциптерді ұстану қажет.

1. Аппараттық және бағдарламалық модульдерді қолдану принципі. Аппаратты модуль ретінде жеке бұйым ретінде жасалынған радиоэлектронды аппаратураның функционалды унификацияланған түйіні қарастырылады. Бағдарламалық қамтудың модулі ретінде жалпы бағдарламалық қамтуда белгілі бір функцияны орындайтын жеке, бағдарламалық, унификацияланған элементті қарастыруға болады. Бағдарламалық және аппараттық модульдерді қолдану принципін ұстану келесі жағдайларға мүмкіндік береді:

- басқарудың түрлі деңгейлерінде бағдарламалық қамту мен есептегіш техниканың үйлесімділігін қамтамасыз ету;

- логистикалық ақпараттық жүйелердің қызмет ету тиімділігін жоғарылату;

- олардың бағасын төмендету;

- олардың құрылуын жылдамдату.

2. жүйені кезең кезеңдеп құру мүмкіндігінің принципі. ЭВМ негізінде құрылған логистикалық ақпараттық жүйелер басқа да автоматтандырылған жүйелер сияқты тұрақты дамып тұрушы жүйелер болып келеді. Бұл өз кезегінде, оларды жобалау кезінде ақпараттық жүйемен орындалатын шешілетін міндеттердің саны мен функциялар құрамының кеңеюі және автоматтандыру обьектілерінің санын тұрақты түрде ұлғайту мүмкіндігін ескеру керек екенін білдіреді. Оған қоса, жүйені құрудың кезеңдерінің анықталуы, яғни бірінші кезектегі міндеттерді таңдау логистикалық ақпараттық жүйенің келесі дамуына және оның қызмет ету тиімділігіне үлкен әсер етеді.

3. Жанасу орындарының нақты орнығуының принципі. «Жанасу орындарында материалды және ақпараттық ағындар жеке кәсіпорындардың шекаралары арқылы немесе кәсіпорынның бөлек бөлімдерінің жауапкершілік пен құқықтарының шекаралары арқылы өтеді».

4. Нақтылы қолданыстың ерекшелікті талаптарының көзқарастары тарапынан жүйе иілімділігінің принципі.

5. «Адам-машина» диалогының тұтынушысы үшін жүйе тиімділігінің принципі.

Заманауи электронды жүйелердің негізінде құрылған логистикалық ақпараттық жүйелер басқарудың басқа автоматтандырылған жүйелері сияқты әрдайым дамып тұрушы жүйелер болып табылады. Бұл өз кезегінде оларды жобалау барысында автоматтандырудың обьектілер санын тұрақты түрде ұлғайту мүмкіндігін, ақпараттық жүйемен жүзеге асырылатын функциялар құрамын немесе шешілетін міндеттер санын кеңейту мүмкіндігін қарастыру керек екенін білдіреді.







Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 3362;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.