Ылыми-техникалық және патенттік мағлұматтар.

Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы ғылыми техникалық мағлұматтардың жылдам көбеюіне жағдай жасады. Ғалымдардың айтуынша әр жеті жылда мағлұматтар көлемі екі есе өсіп тұрады екен. Бұл жаңа техника салалары үшін мағлұматтардың жаңа сериясының ылғи шығарылып тұратынына байланысты. Баспадан шығатын журналдар мен ғылыми-техникалық мағлұматтар саны үнемі жылдан-жылға артып тұрады. Керек мағлұматтарды, соның ішінде әлемдегі тіркелген өнертабыстары мен ашылған жаңалықтарды іздеп табу жылдан-жылға қиындап барады.

Патенттік құжаттама мен іздеген материалдардан хабардар болу үшін 1954 жылы Өнертабудың Халықаралық жіктемесі (ӨХЖ) жасалды. 1958 жылдан бастап Өнертабудың Халықаралық жіктеме жинағы шыға бастады. КСРО-да Өнертабудың Халықаралық жіктемесі 1970 жылдан бастап пайдаланыла бастады.

Өнертабудың Халықаралық жіктемесі негізгі сегіз бөлімнен тұрады: А-адамның өміріне қажеті қанағаттандыру; В- түрлі технологиялық процестер; С- химия және металлургия; Д - текстиль,қағаз; Е - құрылыс, тау-кен жұмыстары; F- қолданбалы механика, жарық және жылу, қозғалтқыштар, сораптар, қару-жарақтар және оқ дәрілер, қопару жұмыстары; G-техникалық физика; H-электр.

Әр бөлімде 115 класс, 607 класс тармағы бар. Әр класс тармағы бөлшектеліп, топ және топ тармақтарына бөлінеді. Мысалы өнертабудың «Газ тазалайтын қондырғы» В01Д47/10 В деген белгісінде В-бөлім, 01-бұл бөлімдегі өнертабу класы; Д - өнертабудың класс тармағы; 47-топ; 10-топ тармағы . Негізгі топтың текстінде техниканың қай саласында іздеу керек екені анықталады. Сонымен техникалық нысан бойынша соңғы өнертабыс жөніндегі мағлұматты табу үшін халықаралық өнертабудың жіктемесі бойынша негізгі топты анықтап, техникалық кітапханада топтарға бөлініп қойылған барлық патенттер мен авторлық куәліктерді қарап шығу керек.

Ғылыми-техникалық мағлұматтардың материалдарына төменгі мағлұматтар жатады: техникалық әдебиет деп аталатын оқулықтар, техникалық баспалар, шолулар, рефераттық баспалар, жедел-мәліметтер, бюллетендер (өнертабысты, технико-экономикалық мағлұматтарды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын тіркеуді баяндау), библиографиялық баспалар, картотекалар, баяндамалар тезистері.

Өндірістік-техникалық мағлұматта ғылым және өндіріс саласындағы ең соңғы жетістіктер туралы мәліметтер және мына төмендегі басылымдар бар.

Шолулардаөндіріске енгізілген прогрессивтік техникалық шешімдер мен өндіріс орындары, мекемелердіәң жұмыстарын жетілдіру туралы іс-шаралар келтіріледі. Аналитикалық шолуға өндірістің кейбір салалары туралы жүргізілген талдау мен бұл салалардың даму бағыты туралы мәліметтер келтіріледі. Рефераттық шолуларда мақалаларға онша көп талдау жасалмайды, тек қысқаша мағыналары ғана келтіріледі.

Рефератифтік басылымдарда машиналардың жаңа конструкциясы, прогрессивті-технологиялық процесс, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалау-конструкторлық шешімдер, машина жасау өндірісінің озат тәжіриебелері туралы қысқаша мазмұндама беріледі.

Жедел мәліметтеай сайын ғылыми зерттеу институты (ҒЗИ) конструкторлық бюро (КБ) және өндіріс пен шет ел техникасының өте маңызды өндіріс пен техникадағы жетістіктері туралы қысқаша рефераттардың жинағы түрінде шығатын басылым.

Библиографиялық мағлұматтардамағлұмат материалдары мен техникалық әдебиеттердің жаңалықтары туралы аннотация жасалған көрсеткіштер.

Ғылыми-техникалық және экономикалық мағлұматтардың материалдарығылыми-техникалық және экономикалық тәжрибелердің мәнін статья, реферат және аннотация түрінде баяндайды.

Техникалық-экономикалық мағлұматтардың бюллетеніндеозат техникалық-өндірістік тәжрибелер туралы дайындалған мағлұмат материалдары аннотация және реферат түрінде келтіріледі.

Өнертабыс бюллетенінде- өнертабысының мәнін тісіну үшін қажет формулалармен суреттер келтірілген жинақ..

Өнертабысты бейнелеуде – тіркелген өнертабысы жөнінде толық мәлімет келтіріледі. Авторлық куәлік пен патентке жазылады.

Конференция материалдарында баяндаманың, ұсыныстардың, шешімдердің, есептердің тезистері келтіріледі.

Каталогтар және жобалардабұйымдардың, машиналардың, жабдықтардың техникалық – экономикалық және пайдалану сипаттамалары, суреттері, сызбалары келтіріледі.

Өндірістік – техникалық мағлұматтарға шет елдердің ресми бюллетендерінің мақалалары мен әртүрлі мағлұматтардың жинақтары (рефераттардың, мақалалардың, қолайлы ұсыныстардың, стандарттардың, ғылыми – зерттеулердің, институттар еңбектерінің, тематикалық жинақтардың және т.б); жұмыс сызбаларының көшірме түріндегі толық жинағы; бұйымдардың жалпы көрінісінің альбомы; техникалық сипаттамалары жатады.

Өндіріс үлгілерінің фототекасында өндірісте шығарылатын өнертабысының үлгісі келтіріледі.

Типті және жетегішті материалдар типті конструкциялы машиналар мен механизация мен автоматизация құрлдарын құрастыру,жеке тораптар мен механизмдерді типті түрлермен жинау ; нақты типті мөлшерлі элементтердің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін келтіреді.

Анықтама мтериалдарконструктордың анықтамасынан (салалық, сала аралық), энциклопедиялардан, прейскуранттардан, анықтама картокекадан, машиналар мен жабдықтардың типажынан тұрады.

Нормативтік-техникалық құжаттамаларға мемлекеттік стандарт (МемСТ), салалық стандарт (ССТ), өндіріс орнының стандарты (ӨСТ), техникалық шарттар (ТШ) және т.б. кіреді.

Графикалық материалдарға жұмыс сызбаларының жинағы, жалпы көріністің альбомдары, типті конструкциялар, типтік схемалар, типтік жобалар және т.б. кіреді.

Көретін мағлұматтарға эталондар, жүріп тұрған үлгілер (модельдер), көрме экспонаттары, ғылым мен техника туралы кинофильмдер жатады.

Ауызша айтылатын мағлұматтарға конференциялардың материалдары, дәрістер (лекциялар), радио мен теледидар хабарлары, мамандармен жеке сөйлесу, кеңестер жатады.

Республиканың мағлұмат органдары мәліметтерді жинап, оларды жергілікті ҒЗА органдарынан рефераттық журнал, жедел мәлімет, шолулар ретінде таратады. Мемлекеттік ҒЗА-дің орталықтарына Қазақстан Республикасының мынадай мекемелері жатады:

1. Қазақ мемлекеттік ғылыми –техникалық мағлұматтарының ғылыми – зерттеу институты. (Білім және Ғылым министрлігі)

2. Ұлттық патент ведомствосы ҚАЗПАТЕНТ.

Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық мағлұматтарының ғылыми-зерттеу институты мынадай материалдар таратады:

1. ҒЗЖ және ОКР тіркейтін бюллетень. Техникалық және қолданбалы ғылымдар;

2. Рефераттық журналдар 2-серия. Геология. Энергетика. Электроника. Металлургия.Машина жасау.Көлік;

3. ҒЗЖ және ОКР рефераттарының жинағы. 3-серия. Техникалық қолданбалы ғылымдар.Экономика салалары.

4. Депоненттелген ғылыми жұмыстар. Рефераттар жиынтығы.

5. Қазақстан ғылымының жаңалықтары. Жедел мәлімет.

 

 

8.3. Патенттік-лицензиялық іздеу

 

Жалпы мағлұматтар ағынында патенттік мағлұматтар маңызды орын алады. Өнертабысқа немесе авторлық куәлік пен патентке берілген мәлімдемелерде келтірілген ғылыми-техникалық жетістіктердің нәтижелері туралы мәліметтер патенттік мағлұматқа жатады. Патентте келтірілген мағлұматтар – болашақ жаңа техниканың практикасы. Өнертабыстың негізі эксперименталдық жұмыстар мен зертханалық зерттеулер. Машина жасаудың алғашқы сатыларында, мысалы техникалық тапсырма дайындағанда патенттік мағлұматтар маңызды роль атқарады. Ол дайындау, зерттеу жұмыстарына ғылым мен техниканың ең жаңа, ең прогрессивтік жетістіктерін енгізуге мүмкіндік береді. Патенттеудің динамикасы нысанның нақты дамуының болашақта қандай болатынын бағалауға мүмкіндік береді. Ол үшін осы нысанға қатынасы бар патенттер саны көп пе аз ба соны білу қажет. Мұндай патенттердің көбею тенденциясы және мұндай патенттерді бекіткен елдер санының көбеюі жобаланып жатқан нысанның болашақта жақсы болатынын көрсетеді.

Патенттік материалдар конструктордың көп мәселелеріне жауап бере алады. Патенттік мағлұматтар бойынша бұл салаға қандай елдердің, қандай ірі мамандардың, қандай бағытта зерттеулер жасап жатқанын білуге болады. Бұл жаңадан жүргізілетін зерттеулерді жоғарғы техникалық деңгейде орындауға мүмкіндік береді. Патенттік шешімдерді қолданылып жүрген конструкциялардың бөлшектері мен тораптарын жетілдіру, қолданылып жүрген конструкциялардың бөлшектері мен тораптарын механизация мен автоматизацияның жаңа деңгейіне көтеріп, жетілдіру және айрықша жаңа техника мен технологиялар жасау үшін пайдалануға болады.

Патенттік мағлұматтардың негізгі құрамы – патенттік құжаттама. Патенттік құжаттамаға алдымен Патенттік Ведомствалардың ресми басылымдары жатады. Бұл басылымдарда авторлық куәлік пен патентке жазылатын өнертабыстың мазмұны, ашылған жаңалықтардың мазмұны, ресми патенттік бюллетендер, жаңалықтар мен өнертабыс туралы алғашқы жазылған мәлімдемелер жазылады. Негізгі құжат болып оқырмандар тобына түсінікті етіліп жазылған бірінші материал - өнертабысын суреттеп, баяндап жазған мәлімдеме. Басқа мағлұматтарға қарағанда патенттік мәлімдеменің бірқатар артықшылығы бар. Онда өнертабысының негізгі ерекшеліктері мен құрамы туралы мәліметтер келтірілген. Өнертабысының мәні формула түрінде берілген. Өнертабысының формуласы деп оның түрін сөз арқылы баяндау,суреттеуді айтады. Патент құжаттамасының маңызды ерекшелігі ондағы материалдардың бір түрде, біркелкі жазылғандығы. Өнертабысы туралы жазғанда белгілі стандарттық сөйлемдер құрылады және арнаулы ғылыми терминдер қолданылады. Бұл басқа саланың мамандарының да өнертабысының шын мәнісін дәл түсінуді қамтамасыз етеді.Патенттелген өнертабыстар авторына да, оны ұсынған мекемеге де белгілі пайда әкеледі.Бірақ, өнертабыс «Ноу-хау»-ға негізделсе, өндіріс құпиясын сақтауға болатын жағдайда патенттегенде ондай мүмкіндік болмайды. «Ноу-хау» принципі өз саласында ең соңғы жаңа мағлұматтарды игерген патенттің ролін біраз кемітеді.

Патенттік құжаттар 150-200 жыл ішіндегі ғылыми-техникалық шешімдердің толық және жүйелі жинағы деп есептеледі. Әр жаңа зерттеудің алдында патенттік мағлұматтарға талдау жүргізу керек. Патенттік іздеу МемСТ 15.011-82 талаптарына сәйкес жүргізілу керек. Техникалық тапсырма дайындау үшін жүргізілетін ғылыми зерттеулер мен материалдар жинау стадиясында-ақ патенттік құжаттар мен патенттік мағлұматтарды пайдалану арқылы патенттік зерттеу басталады. Патенттік зерттеулер мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) іздеу үшін тапсырма жасалады;

2) жұмыс тәртібі жасалады;

3) іздеу жүргізіледі және жиналған материалдарды бір жүйеге келтіреді, талдайды;

4) нәтижелер қорытындыланылады;

5) патенттік сипаттамалар толтырылады;

6) тақырып бойынша мағлұмат дайындалады.

Патенттік іздеудің бірнеше түрі болады: тақырыптық іздеу, атаулы іздеу, құжаттың номері бойынша іздеу, құжаттың түрі бойынша іздеу. Тақырыптық іздеу ең басты жиі кездесетін іздеу процедурасы болып есептеледі. Тақырыптық іздеуде тәртіп көрсеткіштері пайдаланылады (күнделікті, жылдық, қорытынды) Тақырыптық іздеуге мамандық мағлұмат – іздену жүйесі де пайдаланылады. Мұндай жүйелерге МКИ, УДК, ұлттық классификациялар жатады.Мағлұмат қызметінің анықтама мағлұмат қорының негізі және патент қорында сақталатын патенттік құжаттар патенттік іздеудің деректі материалы болып саналады. Жаңа өнертабыс, өнертабыс туралы берілген мәлімдеме туралы белгі мәлімет шығарылады. Патенттік ізденіс әуелі отандық қорларда жүргізіледі.Онан кейін минимум патент құжаттары бар қорда іздеу жүргізіледі. Өзгеше мамандықтар бойынша іздеуді бұл салада алдыңғы қатарлы деп есептелетін елдердің қорларында жүргізу керек болады.

 

 








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 2748;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.012 сек.