Газ ұңғымаларын меңгеру әдістері

Көрсетілген әдістердің бірімен, өнімді қабатты ашқаннан кейін пайдалануға дайындауға дейінгі келесі саты, ол меңгеру, яғни қабаттан сұйықты немесе газ ағынын шақыру және қабаттан қажетті көлемде газ өндіре бастаған кезіндегі түп аумағының шарттарын қамтамасыз ету болып табылады. Ұңғыманы меңгеру процесі толық зерттеулердің жиынтығын жүргізумен, оның ішінде жұмыс жасап тұрған әрбір қабат аралығының өнімділігін және сүзілу параметрлерін, сонымен бірге барлық ұңғымалардың өнімділік сипаттамаларын бағалаумен анықталады.

Ұңғыманың қозуы түптегі қысым қабат қысымынан төмендегенше, сұйық (жуу сұйығы немесе су) бағанының тудыратын қысымды төмендетуден тұрады.

Ұңғыманы меңгеру кезінде қысымның төмендеуіне, жуу сұйығын сумен ауыстыру жолдарымен жетуге болады. Егер ұңғымада сұйықтың деңгейінің төмендеуіне байланысты қабат қозбаса, суды жеңіл ерітіндімен ауыстырады, мысалы, мұнай немесе ұңғымаға суды және ауаны (газды) айдайды.

Ұңғыма бағанындағы сұйық қабатқа қысым береді, ол келесі формуламен анықталады:

, (11.6)

мұндағы Н — сұйық бағанының биіктігі, м (жоғарғы перфорацияланған тесікке дейін); gж сұйықтың бірлік салмағы, т/м3.

Ұңғымадағы ерітіндінің өзгермеген бірлік салмағында рз = рпл шартын қамтамасыз ету үшін, оның деңгейін төмендетуге болады:

(11.7)

Ұңғымаға газдың ағып келуі сұйық бағанының гидростатикалық қысымы қабат қысымынан төмен болғанда басталады. Бұл қысымды тізбектегі сұйықты басқа тығыздығы төмен сұйыққа ауыстыру арқылы (мысалы, бұрғылау ерітіндісін суға, содан кейін мұнай немесе газсұйық қоспасына ауыстыруға болады) немесе басқа техникалық жолдар арқылы ұңғымада сұйық бағанының биіктігін төмендетуге болады.

Көп жағдайда газ ағынын шақыруда компрессорлы әдіс қолданылады. Бұл әдісте құбыраралық кеңістікке жылжымалы компрессор көмегімен сұйық шығару үшін ауа немесе газ айдайды.

Ұңғыманы «тербелу» әдісімен меңгеруге болады. Бұл әдісте алғашқыда құбырарлық кеңістікте газ бен ауаның қысымы түзіледі, осыдан кейін фонтанды құбыр арқылы сұйықтың бір бөлігі жоғары қарай шығарылады. Фонтанды құбыр арқылы сұйықтың ағуы тоқтағаннан кейін атмосферамен жалғастырады. Содан кейін компрессордан немесе газжүйесінен келетін арынның жүйесін қайта қысым беру үшін фонтанды құбырмен жалғайды. Нәтижесінде осындай бірнеше тербелістен кейін, ұңғыма түбіндегі сұйық бағанының қысымы қабат қысымынан төмендейді де, ұңғымадан сұйық фонтандай бастайды.

Сонымен бірге, ұңғыманы меңгеру үшін жұмыс жасап тұрған ұңғымадан газ жүйесімен берілетін газ қолданылады.

Ұңғыманы меңгеруден бұрын, сүзгінің төменгі бөлігін сазды ерітіндінің шөгінділерінен тазалау үшін, түп аумағының төменгі белгісіне дейін мұқият жуады, олай болмаған жағдайда меңгеру процесінен кейін өнімді қабаттың ашылған аралығына дейінгі жоғарғы бөлігін ғана пайдаланады.

Егер, сұйықтың құрамында белгілі мөлшерде қатты қоспалар болса, онда ұңғыманы меңгеру кезінде бұл қоспаларды толықтай тазарту мүмкін болмайды да, таза газбен фонтандауға ауыса алмайды. Керісінше жағдайда, бағанда тығындар пайда болып, фонтанды құбырды қысып қалуы жағдайы болуы мүмкін.

Ұңғыманың түп аумағын тазалап болғаннан кейін, ұңғыманы газ атмосфераға шыққанша жуу сұйықтарымен немесе басқа қоспалармен айдап үрлейді. Бұл процестің ұзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін баруы мүмкін. Жыныстарды шығару қарқындылығы мүмкін болатын ұңғымаларда, жоғары депрессияда процестің ұзақтығы аз болуы керек. Газдың өнімі үрлеп айдау кезінде қабат пен жер бетіндегі жабдықтардың сипаттамасына байланысты болады.

Кен орнын игерудің соңғы сатыларында, қабат қысымы гидростатикалық қысымнан төмен болғанда, бұл процестің тиімділігі төмендейді. Сонымен бірге, айдау кезінде көптеген газ жоғалып шығындалады. Сол себептен бұл әдісті мүмкіндігінше қолданбаған жөн. Бұл сатыда, ұңғыманың түбіндегі сұйықты жою үшін плунжерлі лифтіні және ОП-5, ОП-7 немесе басқа да түрдегі беттік активті заттар қолданылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Ұңғыманы меңгеру процесі қалай анықталады?

2. Ұңғыма бағанындағы қабатқа қысым қайдан беріледі?

3. Ұңғыманы меңгеруден бұрын қандай шаралар орындалады?

 








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 3298;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.