Газ ұңғымасының түптік жабдықтары

 

Ұңғыма түбінің жабдықтары көптеген факторларға тәуелді болады: 1) тау жынысының литологиялық құрамына және газ коллекторын цементтеу материалына; 2) тау жынысының механикалық беріктігіне; 3) қима бойынша қабаттың коллекторлық қасиетінің біркелкі болмауына; 4) өнімді қабатта газ, мұнай және су қабаттарының санына; 5) газдылықтың құрылымында және ауданында ұңғыманың орналасу орнына; 6) ұңғыманың түріне (өндіру, айдау, бақылау).

Егер, газ кеніші қабатты немесе массивті түрде ал, газға қанығу коллекторы қатты жыныстарда болса, өнімді қимада су және мұнайдың қабаттары кездеспейді, ондай өндіру ұңғымалары ашық түпті болуы мүмкін (11.2-сурет). Бұл жағдайда пайдалану тізбегін өнімді қабаттың табанына дейін түсіреді, өткізбейтін қабатшаға башмак орнатады және тізбекті сағаға дейін цементтейді. Қатты түйіршік заттарды жоғары шығармау үшін сүзгілі аумаққа аралық шегендеу тізбегін (хвостовик) түсіреді.

Газға қаныққан қабат нашар цементтелген жыныстардан құралған болса, өнімділік қабатының қимасында мұнай және суға қаныққан қабатшалар болмаса, ұңғыманың ашық түбі тор тәрізді, керамикалық, металкерамикалық, қиыршық тасты, шыны пластикті және әртүрлі сүзгілермен жабдықталады, ал ұңғыманың түп аумағы жұмсақ жыныстардан құралса байланыстырғыш материалдармен бекітіледі. Кең таралғаны қиыршық тасты сүзгілер. Бұл жағдайда гидравликалық кеңейткіштің көмегімен қиыршық тас орнатылатын қабат аумағының диаметрі 146 дан 256 мм-ге дейін кеңейтіледі.

11.2-сурет. Ұңғыманың түп аумағы жабдықтары

Түп аймағы: а – ашық түпті; б – перфорацияланған; в, г – сүзгімен жабдықталған түп аймағы; 1 – ұңғыманың құбырмен бекітілмеген бөлігі; 2 – атылған тесіктер; 3 – сальник; 4,6 – аралық шегендеу тізбегі; 5 – цемент; 7 – манжет.

 

Бос жыныстан тұратын қабаттың түп аумағын органикалық полимерлі материал мен полимерленуші катализатормен әрекеттесуі кезінде қатыратын және бос жынысты цементтейтін сұйық байланыстырғыш затты айдау арқылы қатыруға болады. Байланыстырғыш химиялық заттар қабат пен коллектордың температурасы мен минералды құрамына байланысты болады, оларға:

1) органикалық шайыр (смола); 2) пластмасса; 3) "перматрол" түріндегі арнайы құрамды зат. Органикалық шайыр ретінде эпоксидті, фенолформальдегидті, орбамидті (М бекіткіші), шикі фенолды шайырлар және формалиндер, РР-1.

Егер ұңғыманың өнімді қимасында газды қабаттарда әртүрлі құрамдағы газдар болса немесе газ, мұнай және су қабаттары сазды қабаттармен кезектесіп кездессе, онда ашық түпті құрылысты қолдануға болмайды. Бұл шарттарда ұңғыма өнімді қабаттың табанына дейін бұрғыланып, шегендеу тізбегінің құбырлары бекітіліп, сағаға дейін цементтеледі. Ұңғыма және қабат осы немесе басқа түрдегі перфорация көмегімен байланыста болады. Егер, перфорациялық каналдар арқылы ұңғымаға құм келетін болса, онда оған жер бетінде жинақталған сүзгілерді түсіруге болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Ұңғыма түбінің жабдықтары қандай факторларға тәуелді болады?

2. Бос жыныстан тұратын қабаттың түп аумағын қалай бекітуге болады?

3. Газға қаныққан қабат нашар цементтелген жыныстардан құралған

болса оларға қандай сүзгілер қолданады?








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 2543;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.