Микрофильтрацияның физикалық негіздері

Ерітінділер мен суспензияларды микрофильтрация әдісімен бөлу бөлінетін молекулалар мен бөлшектердің гидродинамикалық мөлшеріне негізделген. Бөлу процесі жартылай өткізгіштік теория мен механизмі мембрана арқылы өтетін бөлшектердің физико – химиялық, молекулааралық факторларына байланысты сипатталады.

Процестің анализі мен есептеулері бірыңғай позицияда жүргізіледі. Бұл процестердің барысында мембаранада әдетте тұнба қабаты түзіледі де бөлу кезінде қиындықтар туғызады.

Ерітіндінің және еріген заттың құрылымы ультра – микрофильтрация процесіне маңызды әсер етеді.

Микрофильтрацияның қолдану обьектісі – дисперсиялық ортасы мен дисперсті фазасы бар коллоидты жүйелер. Бұл фазаларды бөлуде көбінесе сұйықтықты микрофильтрациялау мақсаты тұрады.

Бөлудің барлық процестерінде басты рөлді бөлшектердің адгезиялық және электростатикалық әрекеттестігі алады.

Биологиялық жасушалық обьектілер лиофильді жүйені көрсетеді. Олар үшін лиофобты жүйеге қарағанда дисперсті фазаның заттарының дисперсті ортамен молеклааралық әрекеттесуі тән. Мұндай әрекеттесу дисперсті фаза бөлшектерінің айналасына гидратты қабықшаның түзілуіне әкеледі. Сонымен қатар микроағзалар жасушасының заряды болады. Зарядтың көлемі әр түрлі болады. Бір түрлі микроағза үшін ортаның жағдайына байланысты зарядтың көлемі өзгеріп отырады. Жасушада зарядтың болуы биологиялық суспензияны электролиттердің ерітіндісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.








Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 1855;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.