Дәріс

Жануарлардың ұрықтарын транспланттау

Мазмұн: Транспланттау биотехнологиясының жұмыстары. Ұрықтарды жуып алу. Суперовуляциядан өткен донорлардан ұрықтарды алу.Ұрықтарды қайта отырту. Донордың, ұрықтың, реципиенттің, трансплантаттың қарым-қатнасуы.

 

 

Транспланттау биотехнологиясының жұмыстары

Ұрықтарды транспланттау биотехнологиясында келесі жұмыстарды өткізеді:

І. Донорларды, жасаушыларды, реципиенттерді іріктеу. Жануарларды іріктегенде олардың жасын, физиологиялық жағдайын, өнімділігін есепке алады.

ІІ. Аналарды таңдау: ана-донор және ана-реципиент. Олардың күйіттері синхронды болу керек. Донорлардан суперовуляциялық фолликулогенез, реципиенттерден – донорлармен синхрондалған күйіт алады.

Жұмыстың осы кезеңінде ұрғашыларға гормондармен әсер ету керек: донорлардан суперовуляциялы фолликулогенез, реципиенттерден донормен тепе тенделген күйіт алу үшін.

ІІІ. Донорларды ұрықтандыру. Суперовуляциядан өткен ұрғашы донорларды ұрықтандырғанда олардың ағзаларында гормоналдық препараттардың мөлшерін есепке алу керек. Гормондардың көптігі физиологиялық өзгерістер тұдырады:

а) күйіт уақыты узарады;

б) овуляциядан өткен фолликулалардың саны көбейеді;

в) фолликулалар тез піседі.

Сондықтан суперовуляциялық ұрғашы-донорларды ұрықтандырғанда келесі талаптарды орындайды:

1. Ұрықтандыруды бірден екі-үш ретке дейін көбейтеді.

2. Ұрықтандыру аралығы 10-12 сағат болу керек.

3. Жасанды ұрықтандыруда ұрықтың мөлшері екі есе болу керек.

І\/. Ұрықтарды транспланттау – келесі жұмыстардан тұратын әдіс:

1) Донорлардың мүшелерінен ұрықтарды жуып алу.

2) In vitro жағдайында ұрықтарды бағалап селекциялау.

3) Реципиенттердің репродуктивтық мүшелеріне биологиялық толық ұрықтарды отырғызу.

\/. Жынысқа байланысты трансплантаттардың өсүін және дамуын зерттеу. Трансплантаттардың дамуын бақылау топтағы жануарлармен салыстырады.

Сонымен, ұрықтарды транспланттау – көбейту биотехнологиялық әдісі – ұрғашы-донорлардан суперовуляция арқылы биологиялық толық ұрықтарды алып оларды ұрғашы-реципиенттердің репродуктивты мүшелеріне қайта отыртуға мүмкіншілік беретін.

Ұрықтарды транспланттау әдісіне жануарлардың ұрғашыларының ағзаларының келесі биологиялық ерекшеліктері себепкер болды:

1. Ұрғашылардың жұмыртқа жасұшаларында ооциттердің саны көп болу.

2. Ұрықтың ұрықтандырылған жерден тіркелу жеріне дейін дамып бару.

3. Ұрықтарды жуып алуға мүмкіншілік беретін репродукция мүшелерінің морфологиялық құрамы.








Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 2369;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.