Дәріс. Тақырыбы: Физиологиялық қызметтердің негізгі құрастыру принциптері және реттеруі.

Тақырыбы: Физиологиялық қызметтердің негізгі құрастыру принциптері және реттеруі.

 

Мақсаты: адамның жүйелік ұйымдастыру қызметі жайлы білім беру, өзіндік жаңару, реттелу, шығару механизмдерін сипаттайтын түсінік қалыптастыру, физиологиялық қызметтердің жүйелік ұйымдастырылу процесін түсіну. Физиологиялық ойлауды үйрету.

 

Дәріс тезистері: І Тірі организімді басқару.

 

И. П. Павлов бойынша тірі организім – күрделі жекеленген жүйе, яғни ондағы ішкі күштер әрдайым сыртқы орта күшімен теңеседі. Теңесудің негізінде физиологиялық қызметтерімен басқарылатын реттелу процесі жатады.

Басқару немесе реттелуі

Бүл тірі организімдегі бейімделудің нәтижелері организім үшін пайдалы немесе анық бір мақсатқа жетудегі қызметтенудің қажетті тәртібін қамтамасыз ететін, процестердің жиынтығы. Басқарылу организімдегі мүшелер мен жүйелердің өзара әрекеті кезінде мүмкін. Басқарылу заңдылығын күрделі жұйеде кибернетика зерттейді. Кибернетика - қоғамдығы және тірі жиелердегі басқарылудың жалпы принциптері. Медициналық, физиологиялық кибернетика тірі организімдегі басқару процестерін зерттейді.

 

1. Басқарудың принциптері.

Басқару принциптері. Медициналық кибернетика бойынша тірі организімдегі басқару, басқарылушы жүйемен жүзеге асырылады. Бұл жүйенің құрылымдарына;

  1. Жүйедегі шығушы (орындаушы құрылымның рецепторлары) және кіруші (сенсорлы рецепторлар) құрылымдардың ақпараты қабылдайтын тасмалдағыштары;
  2. Шығушы және кіруші байланыс каналы ( организімнің сұйық ортасы , жүйкелік өткізгіштер);
  3. Басқарылушы құрылым (ОЖЖ). оның бөлімі болып есте сақтау құрылымы (ес аппараты) табылады.

 

Басқарылу екі негізі принциппен жүзеге асырылады;

1) ауытқы бойынша;

2) қарсылық бойынша

Мысалы: белгілі бір физиологиялық жағдай тыныс алу О2 мен СО2 жүзеге асырылса; жүректің қызметі пульс пен іске асырылады да, осы қызметтер іске аспаса, оның нәтижесі қажетті деңгейде болмаса, онда физиологиялық жағдай туады.

 

2. Басқарудың жолдары.

Қызметінің атқарылуының үш жолы бар:

1. Қызметтердің басталу реакциясы - Бұл реакция ішкі ортадағы жағдайларды қандай бағытта өзгеретіндігін, өзгергендігін анықтап, басқару жүйелеріне ақпарат жіберіп, соның арқасында осы өзгерістерді қалпына келтіруге қатысатын физиологиялық процестердің басталуын қамтамасыз етуі.

2. Коррекция – қателікті табу, оны түзеу. ОЖЖ-не келіп түскен сигналдар арқылы, сигналдардың талданылуының барысында, соған байланысты қандай өзгерістер болып жатқандағын анықтаудың арқасында механизмнің көлемі мен саны анықталып, дәл осы процесс жүзеге асырылады.

3. Қалпына келтіру – қалпына келтіру басталады.

 

3. Реттелудің түрлері.

 

Әрбір ағзаның атқаратын қызметтерінің үш түрлі жолдары бар:

1. Жергілікті өзін-өзі реттелетін;

2. Гумаральдық реттелу жолы;

3. Жүйкелік реттелу жолы;

Жергілікті реттелуі - зат алмасу барысында пайда болатын метаболиттердің өздері қүрастырылған ағзаларға әсер етеп, солардың қызметтерін белгілі бір бағытта өзгертуді қамтамасыз етеді. Гуморалдық түрде әсер ететін заттар өздерінің тізілген жерінен, түзілген ағзасынан әсер етпей , олар организімге жалпы әсер жасайды. Мысалы: бүйректүсті безінің милы қабатында тұһүзілетін адреналин қанға түседі де, организімге тарайды, содан соң жүрек, бұлшықет, бронхтарды кеңейтеді, ал тамырларды.

Гумаральдық реттелу – бұл гармондардың биологиялық белсенді заттардың; химиялық, биологиялық(яғни, бұл заттар зат алмасудың барысында пайда болады), бездердің қан арқылы тасымалданып, содан осы аталған заттардың тканьдерге жан-жақты әсер етеді, яғни ұзақ уақыт әсер етеді. Оның белгілі көлемдері бар . Мыс; 1 мг адреналин жоғары түрде жүректің қызметін атқарады.

Гумаральдық реттелу жолы мен жүйкелік жолдар бірігіп, нейрогумаральды деп аталады.

Жүйкелік реттелу - эвалютция барысында кейінен дамыған . Жүикелікретелудің ерекшілігі;

1. Өте жылдам өтетін жол ;

2. Тікелей белгілі бір ағзаға әсер етеді.

3. Олардың әсер ету мерзімі – қысқа.

4. Негізгі ерекшілігі жылдамдықта.

Өйткені организімнің реакциясы немесе оның жауаптары әртүрлі әсерге өте жылдам. Сондағана организім бейімделеді , қорғаныштық қызметтер іске асады. Мыс; үтік жүйкелік жолдар реакцияны реакцияны бастайды. Ал гуморалдық барлық реакцияларды жалғастырады. Осы атлған екі жол бір-бірімен тығыз байланысты.

 

Реттеу түрлері:

1) Аутокриндік түрі;

2) Паракриндік;

Аутокриндік түрі — клетка белгілі бір затты өзінің сырты ортасына бөліп шығарып , сол бөлінген метаболиттердің әсері, сол тканьдердің аймағына әсер етеді (яғни клеткааралық кеңестікте )

Паракриндік түрі—белгілі бір клеткада немесе ағзада бөлінген заттар , сол бөлінген орыннан ткань аралығындағы сұйықтыққа түсіп , жан-жақты әсер етеді.

 

ІІ Физиологиялық қызметтің өзін-өзі реттелуі.

 

Француз ғалымы К. Бернар тірі организмнің бос тәртібінің жағдайы, ол ішкі ортаның тұрақтылығы болып табылады – деп жазды.

Гомеостаз – организмнің физиологиялық қызметтердің және ішкі ортаның салыстырмалы динамикалық тұрақтылығы. Гомеостаздың тұрақтануының негізгі жолы – ол, Өздігінен реттелу.

Өздігінен реттелу – бұл басқарылудың бір түрі, яғни ішкі ортаның контанталары немесе қандай да бір физиологиялық қызметтің ауытқуында тіршілік әрекетін қалыпты түрде қамтамасыз ету.

Кез – кеген константаның сәл ғана ауытқуы алмасу процесінің бұзылуына әкеп соғады. Бұл қатаң константалар. Оған мысалы: осмостық қысым, рН, қанда О2 ,СО2, глюкозаның болуы жатады. Ал басқа константалар – пластикалық, яғни қанның формалық элементтерінің қатынасы, қан айналу көлемі, эритроциттің тұну жылдамдығы жатады. өздігінен реттелу тікелей және қайтымды байланыстармен жүзеге асырылады.

Тікелей байланыс - константалардың ауытқуы жөніндегі ақпараттың негізінде басқарушы әрекеттің құрастырылуын қарастырады. Мысалы: тері терморецепторын суықпен тітіркендіру жылудың өндірілуін күшейтеді.

Қайтымды байланыс - басқару жағдайы туралы реттеуші сигнал шығушыдан жүйенің кірісіне беріледі. Бұл байланыс екі түрі бар:

1. Оң - байланыс энергетикалық ресурстарды қолдана отырып, энергия ағысымен басқаруды мүмкін ететін басқарушы әрекетті күшейтеді. Мысалы: коагуляция гемостаздың бастапқы этапында тромбиннің түзілуін жылдамдатады.

2. Теріс – қайтымды байланыс басқарушы әрекет басқару обьектісінің жұмысына қарсылық фактордың әсерін төмендетеді және өзгерген көрсеткіштің қалпына келуін қамтамасыз етеді. Мысалы: бұлшық еттік қозу.

 

Тірі жүйе - Тірі жүйе деген не? , Оның реттелу деңгейлері;

Тірі жүйе - тірі организім бір жағынан көп элементті жүйе, екінші жағынан басқа жүйе түрде байланысады. Организімніңфизиологиялық қызметіреттеулі жүйесі үш деңгейден тұрады.

1. Бірінші немесе төменгі деңгей – физиология константа-ды ұстап тұрады. Мысалы: қанның осмостық қысым; ткан кроватог ЦНС сигналдың қажеті жоқ, бұл механизімнің іске асуы үшін жергілікті реакциялар әсер етуі к/к, сондықтан олар жергілікті өзін-өзі реттеу деп аталады.

2. Екінші деңгей- сыртқы орта өзгеріске бейімделу реакциясы. Мысалы: қара жұмысқа немесе соған дайындық – бүлшықет О2 деген күшін артады, сыртқы тыныстың жоғары қанға эритроциттердің келуімен және АД жоғары қамтамасыз етіледі.

3. Үшінші немесе жоғарғы деңгей – сыртқы және ішкі ортаның жағдайын бағалау критер-ң болумен қамтамасыз етеді.

Тірі жүйенің ретт-ң үш деңгейі реттелу екі түріне бөлігеді.

А) Келіспеушілік бойынша реттеліс - сыртқы ортамен байланыстыбар тек ашық жүйеге тән. Бұл реттелу түрі-тірі жүйеге оның тіршілік ету жағдайын өзгертетін сыртқы фактор әсер еткенде ғана іске қосылады. Мысалы: бұлшықет клеткалары қатты жұмыс істеп, О2 жетіспеген сезе бастағанда тыныс алу жүйесі активті түрде жұмыс істеп, О2 аштығын жібермеуге тырысады.

Б) Сөну бойынша реттеліс өзі атап айтқандай екіге береді қайтымды ( -; +) б-с ( + ) қайтымды б-с қандай бір қызметінің активтігі- реттеу механизімінің одан сайын өте жоғары реттелуін шақырады. Мыс; тағамды ішу асқазан асқазан сөлін бөледі.Ол сол заттарды гидролиздеуге қажетті гидролиз продуктілері қанға сіңіріліп сілекей бөліндіріп, әрі қарай ас қортылуын жоғарылатады.








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 5117;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.011 сек.