ACIDUM FORMICICUM – АЦИДУМ ФОРМИКУМ

Қолданылатын зат.Құмырсқа қышқылы, меншікті салмағы 1,061-1,064. Құрамы - 24-25% НСООН, м.с. 46,02.

Дайындалуы. Химиялық фабрикаларда.

Қолданылатын зат сипаты.Құмырсқа қышқылыөткір иісті, ащы дәмді және қатты сұйылту кезінде де қышқылды реакциялы мөлдір, түссіз сұйықтық. ужәне спиртпен араласады.

Негізділікке сынама. 1 мл препаратты 5 мл су және 1,5 г сары сынап оксидімен араластырады және тез-тезден шайқау арқылы қайнаған сулы моншада қыздырады. Осы кезде газдың бөлінуі және сұр түсті металл сынаптың тұнбасы түзіледі.

Тазалығына сынама. Алдыңғы реакциядағы қоспаны газдың түзілуін тоқтатуға дейін қыздыруды жалғастырады және сұйықтықты тұнбадан сүзіп алады. Сүзгі қышқыл реакцияда (сірке қышқылы) болуы керек. Препарат ерітіндісін (1:6) бірнеше тамшы азот қышқылымен қышқылдайды. 10 мл алынған ерітінді хлорид және сульфат реакцияларын бермеуі керек.

Аммиак ерітіндісімен бейтарап реакциясына дейін жеткізілген, с ерітіндіауыр металдар реакциясын бермеуі керек. 5 мл препаратты сулы моншада буландырады және қалдықты кептіреді. Қалдық 0,02% аспауы керек.

Сандық анықтау.Препараттың 3 г ( өлшем) 30 мл сумен сұйылтады және 1 н. күйдіргіш натрий ерітіндісімен қызғылт түске дейін титрлейді (индикатор - фенолфталеин).

1 н. күйдіргіш натр ерітіндісінің 1 мл 0,04603 г құмырсқа қышқылына сәйкес келеді, препаратта құмырсқа қышқылы 24-25% болуы керек.

Бейтарапталған ерітінді күйген немесе өткір иіс (күйген зат, акролеин) болмауы керек (МФ, 8 шығарылым, 24-бет).

Дәрілік қалыпты дайындау.1 ондық сұйылту үшін құмырсқа қышқылының 10 салмақты бөлшегі судың 15 салмақ бөлшегімен араласады. 2 ондық сұйылту суда дайындалады, одан жоғары сұйылту - 45° спиртте жүргізіледі.

1 ондық сұйылтуды шыны тығыны бар тарда шығару керек.

Дәрілік қалыптардың сипаттамасы.1-5 мл 1-6 ондық сұйылту спиртті буландырғаннан кейін және күміс нитраты ерітіндісінің бірнеше мл мен араластырғанда және уақыт аралығында қайнатқанда қарадан қоңырға дейінгі түс береді.

Сандық анықтау. Егер 1 г немесе 2-ші ондық сұйылтудың 10 г-ын 10 немесе сәйкес 50 мл су және 3 тамшы фенолфталеин ерітіндісімен араластырса, түзілу үшін 0,1 н. күйдіргіш калий ерітіндісінің 20,8-21,8 мл керек. Егер 3 ондық сұйылтудың 10 г-ын 50 мл су және 3 тамшы фенолфталеин ерітіндісімен араластырса, онда ерітіндінің қызыл түзілуі үшін 0,1 н. күйдіргіш калий ерітіндісінің 208-218 мл керек (1мл 0,1 н. күйдіргіш калий 0,004602 г құмырсқа қышқылына сәйкес кел).

Ерітіндідегі дәрілік заттың мөлшері. 1/10.

Шығарылуы. Тек қана сұйық қалыпта.

Сақталынуы. Иісті сақталатын шкафта.

Қолданылатын сұйылту. 3х3.

Стандарт. 3.

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1235;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.