ABROTANUM – ARTEMISIA

Қолданылатын өсімдік. Artemisia abrotanumL. – Емдік жусан (« Құдай ағашы»)

Синонимдері. Artemisia herbacea Willd., A.Paniculata Lam., A Procera Willd., A. Proceraeformis Krasch.

Тұқымдасы. Asteraceae (Compositae) – Күрделі гүлділер.

Таралуы.КСРО-ның, Европа, Кавказ, Батыс Сібір, Орта Азия, Орталық және Оңтүстік Европада, Кіші Азия региондарында. Өсетін жерлері өзен жағалаулары, сулы орталар, шабындықтар аймақтарында өседі.

Қолданылатын бөлімдері. Өсімдік гүлдеген кезде (шілде, тамыз), жапырақтары мен жас бұтақшалары жиналады.

Қолданылатын бөлімдерінің сипаты. Биіктігі 1-1,5 м болатын, сабағы қарапайым тік, тамыры ағашталған бұталар. Жапырақтары кезекпен, сабақшалармен орналасқан, төменгі беттері азғана үлпілі, төменгі жапырақтары сопақ бейнелі, ұзындығы 4-6 см, ені 3-6 см; өсімдіктің жағымды және сергітетін иісі бар.

Дәрілік қалып дайындау. §3 бойынша.

Эссенцияның сипаты. Эссенция жасыл-қоңыр түсті, жағымды, сергітетін, хош иісті, ащы дәмді. 1-3 ондық сұйылту ерітіндісінің 1 см қабаты жасыл түстен сары түске дейін боялған.

Эссенцияны капиллярлы талдаудағы көрсеткіштері.Салыстырмалы ылғалдылығы 45%, температурасы 16° С, сұйық көтерілуі 5 см. Жоғарғы бөлігі: 2,5 см- сулы орта, ашық сары-қоңыр түсті. Табанында ені 0,5 см аумақ мөлдір және күңгірттеу; 2 см аумақ дөңес сүреңсіз сары-қоңыр түсті. Төменгі бөлігі: 0,5 см аумақ сәуле өткізбейтін әлсіз жасыл түсті; 1 см аумақ сәуле өткізбейтін күңгірт жасыл түсті; 1 см – сәуле өткізбейтін жасыл түсті; табаны: әлсіз жасыл түсті.

Қолданылатын сұйылту. 3,6 ж.








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 897;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.