Монитор

Монитор - компьютердің жедел жадында өңделетін ақпаратты экранда көруге арналған құрылғы. Мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеуге арналған құрылғы дисплей деп аталады. Дисплей компьютердің жұмысын басқаратын болғандықтан, көбінесе оны монитор деп атайды.

Дисплейдің түрлері: сұйықкристалды(ЖК), плазмалық, электрондық-сәулелі түтікшелі (ЭЛТ), өздігінен сәуле шығарғыш, электро-люминесценттік. Экранда көрсетілетін ең кіші бейнесызбалық бірлік пиксель деп аталады. Дисплей экранының мүмкіндігі тік және көлденең бағытта орналасқан пиксельдер санымен анықталады.

Монитор экранының өлшем бірлігі: дюйм(1дюйм=2,54см.). Дербес компьютерлердің мониторларының өлшемі 15 немесе 17 дюйм болады.

Мониторды процессормен байланыстыратын қосқышы бар арнайы тақша бейнекарта немесе графикалық адаптер деп аталады. Бейнекарта – әртүрлі бейнемәліметтерді дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс жасауға арналған құрылғы.

Экрандағы кескін көрінісінің сапасы бейнекартаға байланысты. Ол монитордың графикалық және түрлі-түстілік мүмкіндіктерін анықтайтын VGA немесе EGA бейнестандарттарының біріне жатады.

Дисплей контроллері мәліметтерді экранға шығаруды басқарады. Дисплей экранына шығарылатын ақпарат дисплей контроллерінің жадысы – бейнежадыда сақталады.

 








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 3266;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.