Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы.

Мемлекетгің орталықтандырылған ақша қорын қалыптасты-румен және пайдаланумен башіанысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар қүндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объекгивті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы боладьк кірістер мемлекетті қажетгі ақша қаражатгарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеггіліктерге сәйкес бөледі.

Кірістер мен шығыстардың қүрамы мен қүрылымы нақты әлеуметгік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекетгік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бүл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысаңцары мен әдістерін пайдаланады.

Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақііш жинақтарына негізделіп кедді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% қүрады және негізінен екі төлемнен - айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден түрды. Бүл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түріндегі пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытгалып отырды.

Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің қүрамы мен қүрылымы салық төлемдерінің қодцаныстағы жүйесімен жөне салыстырмалы түрақ-сыз сипатгағы салықтық емес қаражатгардың түсімдерімен айқын-далады.

Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан түрады:

1) түсімдерден: кірістерден;

альшған ресми трансфертгерден (грантгардан); бүрын бюджетген берілген несиетер бойынша неіізгі борыш-ты өтеуден;

2) шығыстардан және несие беруден: шығыстардан;

несие беруден;

3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);

4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржы-ландырудан.

Өз кезегінде кірістер:

салықтық түсімдер;

салыққа жатпайтын түсімдер;

капиталмен жасалатын операцшшардан алынатын кірістер бо-льш бөлінеді.

Бюджеттік түсімдердің бүл үш категориясы алынған ресми трансферттер бөлігімен (және бір уақытга санатымен) яғни тауарларды немесе қызметтер керсетуді сатып алуға, несиетер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады.

Бюджеттен берілген несиетерді өтеу санаты бюджеттік кре-диттер бойынша (қайтару негізінде берілген - бүрынғы жылдардағы несиелендіру) мемлекетгік шаруашылық жүргізуші субъекгілер тарапынан ақшалай қаражатгардың түсуі болып табылады.

Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың шы-шстарын қаржылаңдыруға жүмсалады.

Мемлекетгік борышқа қызмет ету жөніңцегі шығыстар “борышқа қызмет ету” функционалдық тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекетгік мекемелерін - әкімдер аппаратын және кіші бағдарламалар - қарыздар бойынша сыйақы-лар (мүдделер) телеу және қарыздарды орналастырғаны үшін комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша Қаржы министрлігін бөле отырып жүргізіледі.

Кейін бюджетке өтеу түрінде қайтаруға жататын, басқа эко-номикалық бірлікгерді несиелендіруге арналған қаражаттар тиісті бөлікте - функционаддық топ болып табылатын несиелендіруде көрсетіледі.

Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджетген қайтарымды негізде бөлінген несиегер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуін қамтып көрсетеді. Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының көлемі үлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Аста-на және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы үлтгық ва-лютамен көрсетіледі. Ал бюджет профициті - бұл бюджетке түсегін кірістер мен ресми трансферттер түсімдерінің және бүрын бюд-жегген берілген несиетер бойынша негізгі борышты өтеудің жал-пы сомасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық негізде бөлінетін кредштердің ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің көлемі де үлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге пайызбен есептеледі.

Мемлекеттік бюджеттің соңғы бөлігі - бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты өтеу жөніндегі шығыстарды қамтып керсетеді. Оның қос арналымы бар:

1) тапшылық болған жағдайда - ішкі көздерден (Ұлтгық банктен, коммерциялық банктерден, бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойынша, шығыстарды жабуға бағытталатын жыл басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары) және сыртқы қарыздардан қаражатгар тарту;

2) профицит кезінде - жоспардан тыс түсімдерді, бірінші кезекте мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі бюджеттік бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға пайдалану.

Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топта-масы бюджеттік сыныптамамен айқьшдалады. Қаржы Министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптама - фунщионалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын белгілейтін нормативтік құқықтық акт. Ол кірістердің сыныптамасынан, шығыстардың функционаддық және экономикалық сыныптамаларынан түрады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджетгің мемлекетгің экономикалық және өлеуметгік дамуыныңжоспарларымен, болжамдарымен және бағдарламалары-мен, министрліктер мен ведомостволардың, үйымдар мен мекеме-лердің қаржы жоспарларымен тығыз байланысын қамтамасыз етеді; жеке (дара) сметалар мен қаржы жоспарларын қүрама сметалар мен жоспарларға біріктіруге мүмкіңцік береді, құрама жоспарлар мен бюджеттің жазбаша тізбесі арасындағы үйлесуді қамтамасыз етеді.

1996 жылға дейінгі бюджеттік сыныптама мынадай бөліктерді қамтьщы: бөлім, параграф, бап, тарау. Алайда үзақ уақыт қолда-нылып келген сыныптама бюджет қаражатгарын жобалаудың, оган есеп жүргізудің және бақылаудың, сондай-ақ бюджет процесін жүзеге асырудың қазіргі заман талаптарына сай болудан қадцы. Сондықтан 1996 жыддан бастап ол жаңа, халықаралық стандартқа сәйкес келетін сыныптамамен ауыстырылдьі.

Жаңа бюджетгік сыныіггамаға сөйкес кірістер енді төрт бөлікке жіктелетін болды, олар: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Мысалы, бюджеттің кірістері мына санаттарды қамтиды: салық түсімдері; салыққа жатпайтын түсімдер; капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер; алынған ресми трансфертгер (гранттар); бюджетген берілген несиетерді өтеу; жалпы қаржы-ландыру; бюджепің қаражатгары қалдықтарьшың қозғалысы. Қал-ған бөліктер кірістерді кіріс көздерін неғүрлым тәптіштеу ретінде сипатгайды. Мысалы, салық түсімцеріндегі сынып - салық тобын, ішкі сынып - салық түрін, ерекшелік - нақты салық төлеушіні немесе салық объекгісін білдіреді.

Шығыстарда функционалдық, экономикалық және ведомстволық сыныптама қарастырылған. Функционалдық сыныптама қызмет түрлерінің, шаралардың және бюджет қатынастары қатысу-шыларының кең көлемді сипатгамасы болып табылады. Функционалдық сыныптамаға байланысты шығыстар бес бөлімге бөлінеді: функционаддық топ, ішкі функция, мемлекетгік мекеме-бағдарламалардың әкімшісі, бағдарлама, ішкі бағдарлама. Аталган деңгейлердің үштастьфылуы шығыстардың функционаддық сы-ныптамасының кодын қүрайды.

Шығыстардың экономикалық сыныптамасы оларды экономи-калық белгілері бойьшша төрт бөлімге бөледі: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Санат мыналарды қамтиды: ағымдағы шығыстар, күрделі шығыстар, несие беру, қаржыландыру. Сынып, ішкі сынып және ерекшелік шығыстардың арналымы мен сипатын нақ-тылай түседі, мысалы, ағымдағы шығыстарда: тауарлар мен қызметтер көрсетуге жүмсалатын шығыстар - жүмысшылар мен қыз-метшілердің жалақысы - жүмысшылар мен қызметшілердің негізгі жалақысы.

Бюджетгің атқарылуы кезівде екі сыныптаманың негізгі бөлімшелерін қамтитын тоғыспалы сыныптама түріндегі функционалдық және экономикалық сыныптамалардың ұштастырылуы пай-даланылады.

Ведомстволық сыныптама бойынша шығыстардың атқарылуы мен бюджетгік несиелендіру әкімшілер бойынша бюджет бағдарламаларын, мысалы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Парламенттің шаруашылық басқармасы, Премьер-министрдің Кеңсесі, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері, министрліктер, комитеттер, агенттікгер, Қазақстан Республикасының басқа ведомстволары мен службалары бойынша топтастыруды бідціреді.

Бюджетгік сыныптама автоматтандыру қүралдарын қодцанатын басқарудың жоғары жеделдігіне жету үшін түсімдер мен шы-ғывдарды жан-жақты, айқын және арнаулы етіп жүйелеуге мүм-кіндік береді.

Бюджеттік жоспарлау - мемлекетгің қаржы саясатының та-лаптарына бағындырылған қаржылық жоспарлаудың маңызды қүрамды бөлігі. Мүндай жоспарлаудың экономикалық мәні елдің жалпыүлттық әлеуметтік-экономикалық дамуы негізінде түрлі деңгейдегі бюджеттерді жасау мен олардың атқарылуы процесінде бюджет жүйесінің буындары арасында қоғамдық өнімнің қүны мен үлтгық табысты бөлу және қайта бөлуде болып отыр. Бюджетгік жоспарлау барысында қаржы елдің дамуының мемлекетгік бағдар-ламасының экономикалық және сапалық керсеткіштеріне және табиғи, материал* еңбек жөне қаржы ресурстарына белсеңді ықпал жасайды.

Бюджеттік жоспарлаудың бірлігі мыналарға негізделеді:

1) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың тізбесін қалыптастыруға;

2) заңнамалық актілер мен кірістерді республикалық және жергілікті бюджетгер арасында бөлу нормативтерін, облыстық өкілді органдардың шешімдерімен - кірісті облыстық бюджет пен аудандар (қалалар) бюджеттерінің арасында бөлудің түрақты норматив-терін белгілеуге;

3) заңнамалық актілермен республикалық бюджеттен облыс-тық бюджеттерге берілетін субвенциялардың және облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке берілетін бюджеттік алынымдардың үзақ мерзімді мөлшерін, облыстық өкідді органдардың щешімдерімен - облыстық бюджетген аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне берілетін субвенциялардың және аудандардың (қалалардың) бюджетгерінен облыстық бюджетке берілетін бюджетгік алыным-дардың үзақ мерзімді мөлшерін белгілеуге;

4) Қаржы министрлігімен келісе отырып, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бюджетгеріне түсетін түсімдер сомасын анықтауға;

5) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет ту-ралы завда және жергілікті бюджет туралы жергілікті екілді орган-дардың шешімдеріне облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының тиісті қаржы жылының аяғындағы борышының лимитін белгілеуге;

6) Үкімет белгілейтін тәртіп пен жергілікті атқарушы орган-дар тартатын қарыздар жөніңцегі сыйақының (мүдденің) шекгі мөлшерін белгілеуге.

Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмүнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның шығыстарының абсолютті және относителді тез өсуі оған тән сипат болып отыр. Бүл инфляция-лық процестерден және егеменді мемлекеттің функцияларының кеңеюінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі қам-тамасыз ету қажеттігінен туып отыр.

Бюджеттіқ кірістері - бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндепі төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатаайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі.

Қазақстан Республикасының “Бюджет жүйесі туралы” заңьша сәйкес республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қам-тиды:

1) республикалық бюджеттің кірістерін, олар мыналардан тү-рады:

а) салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдердің түсімдерінен (корпорациялық табыс салығы; қосылған қүнға са-лынатын салық; импортқа салынатын акциздер; жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары; әке-лінетін тауарларға салынатын кеден бажы, әкетілетін тауарларға салынатын баж салығы және басқа салықтар, алымдар мен тө-лемдер);

ә) салыққа жатпайтын түсімдерден (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар пайдасының үлесі; Үлтгық банк кірісінен алынатын түсім; Үкіметтің депозиттері бойынша алынған сыйақылар (мүдделер); республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеггік мекемелерге тиесілі мүліктерді сатудан түсетін түсімдер; республикалық меншік болып табылатын акциялар бумаларына түсетін дивидеңдтер; мемлекетгік лотереялардан алынатын кірістер (жергілікті өкілді органдарьшың шешімдері бойынша өткізілетін лотереялардан алынатын кірістерді қоспағанда); жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін төлемдер; республикалық бюджетген несиетер берілуі үшін алынған сыйақылар (мүдцелер); республикалық меншікті мүлікті жалға беруден альшатын түсімдер; тәркіленген мүлікгі, белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті сатудан алынатын түсімдер, соның ішіңце мемлекеттің пайдасына бас тартудан кеден режімінде ресімделген тауарлар мен көлік қүраддары; Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқүжаттары мен жеке куәліктер бергені үшін төлем; мемлекетке өткен мүлікті, заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе оны өндіріп алудан немесе мемлекетгік функцияларды орындауға уәкілетгі түлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз көрсетілетін қызметгердің қүнын өндіріп алудан алынатын сомалардың түсімдері; өнімдерді лицензиясыз әкеткені үшін төленетін айыппүл сомаларының түсімдері; лицензйялық тәртіп белгіленген казино, тотализаторлар мен ойын бизнесі қызметтерінен алынған кірістерді қоспағанда, өзіне лицензиялық тәртіп белгшенген лицензиясыз қызметтен алынған кірістерден түсетін түсімдер; атқарушы санкция; басқа да салыққа жатаайтын түсімдер);

б) капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістерден: мемлекеттік резервтерден алынған тауарлар үшін берешекті өтеуден және мемлекеттік қордан астық сатудан алынатын түсімдерден;

2) мьша төмендегшерден алынган ресми трансферттерді (гранттарды):

занды және жеке түлғалардан немесе шет мемлекетгерден;

бюджетгік алынымдардан;

3) республикалық бюджеттен бұрын берілген несиетер бойынша негізгі борышты етеуден.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы мемлекеттік бюджет кірістерінің қүрамы мен құрылымы мына мәліметгермен сипатталады (12,13.4 кесте).









Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 4106;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.012 сек.