Кесте. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің сызбасы.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.

Республикалық бюджет - бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырьшатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.

Жергілікті бюджеттер(әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджетгері) - облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқасы), аудандардың (қаладағы аудаңцарды қоспағавда) бюджетгері.

Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.

Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікгі бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтылығы, нақтылығы және жариялығы қағидаттарына негізделеді.

Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық орталықтандырудың дәрежесін бідіреді. Бірлік қағидаты КСРО-ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат әлсіреді. Бюджеттердің бірлігі ел аумағында қодданылып жүрген мемлекет кірістерінің жалпы жүйесінің өмір сүруінде, мемлекет шығыстарының біркелкілігінде көрінеді. Бұл қағидат бюджеттік жоспарлаудың әдіснамасы мен ұйымдастырылуының бірлігіне, оның әлеуметгік-экономикалық болжаумен өзара байланысына кепілдік береді. Бюджет бірлігі қағидатының міндеті Парламент тарапының бюджеттік қаражаттардың қозғалысына тиімді бақылауды белгілеу болып табылады. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына, төменгі деңгейдегі бюджеттердің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, соңцай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.

Бюджеттердің бірлігі бірыңғай құқықтық негізбен, Қаржы министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттарымен, ақша жүйесінің бірлігімен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады.

Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттің дербестігі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасыңдағы кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін орнықтыру жөне бюджет қаражатының жұмсалу бағьттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі.

Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың (аймақтың) әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті оргаңдарының нақты функцияларымен, құзырымен анықталады.

Бюджеттің толықтылығы (толымдылығы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтьш шығыстарын шоғырландыруды, әрбір бап бойынша мемлекеттің барлық түсімдері мен шығыстары ескерілетін бюджетті жасауды білдіреді. Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің, соның ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік көсіпорыңдардан альшатын түсімдердің толық тізбесінің және шығыстарыньщ бюджеттерде міндетті және толық көрсегілуімен қамтамасыз етіледі. Сөшіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.

Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпы мемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет. Дуниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жыддан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың - зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, жол, халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу қорларының қаражаттары енгізілген.

Бюджеттің нақтылығына ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметгік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келгіру арқьшы қол жеткізіледі. Сондықтан оның көрсеткіштері көпнұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс, бюджетгердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезендегі қаржы жоспарларына жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын ағымдағы жылға, анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады. Нақтылық қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын, сметаларды және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.

Нақтылық қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және бүзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының шыншыл көрсетілуін, бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың атқарылуына сәйкестігін алдын ала қарастырады. Нақтылық дамудың болжамдары мен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік резервтердің болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздері мен шығыстар бағыттарының есеп-қисаптарының негізділігімен анықталады.

Бюджеттердің жариялығы бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.

Жариялылық елдегі адам құқығын, демократиялық өзгерістерді сақтаудың маңызды шарты болып табылады. Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен салықтар, алымдар арқылы) бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашьшық жүргізу субъектілерінің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмүны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады. Заң, өткен кезендегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оны жабудың әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, қарыздар, ақша эмиссиясы) жария етіледі.

Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және “Бюджет жүйесі туралы”, “Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы”, “Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы” арнайы зандарда және басқа да заң актілерінде қамтып көрсетілген.

Төменгі - жергілікті бюджеттердің қалыпты және тиімді жұмыс істеуінің шарттары дербестікпен қатар теңгерімділік болып табылады.

Барлық деңгейлер бюджеттерінің теңгерімділігі бюджет-қаржы саясатынъщ қажетті талабы болып табылуы мүмкін. Бюджеттерді қарау және бекіту кезіңде билік пен басқарудың тиісті органдары бюджеттердің белгілі бір мөлшерлерін белгілеуі мүмкін.

Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтындығы заңмен белгіленген. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар болып табылады:

мемлекетгік қарыздар шығару;

несие ресурстарын пайдалану.

Тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу - ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша (қорғалатындарынан басқа) белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету - пайдаланылады.

Бюджеттердің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтьш бюджеттік бағдарламалардың тізбесін республика Парламенті мен биліктің жергілікті органдары анықтап, бекітеді.

Бюджеттің шығыстары мен кірістерінің құрылымын, сондай-ақ нарықтық экономикадағы оның жеке баптарын келесі түрде көрсетуге болады.

Шығыс бөлігі:

- әлеуметтік қызметтерге жұмсалатын шығындар: денсаулық сақтау, әлеуметтік жәрдемақы, жергілікті үкіметтің бюджетіне субсидиялар - 40-50%;

- шаруашылық мұқтаждарына жұмсалатын шығындар: инфрақұрылымдарға капитал жұмсау, мемлекеттік кәсіпорындарға дотациялар, ауыл шаруашылығына субсидиялар, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмсалатын шығындар - 10-20%;

- қарулануға және сыртқы саясатты материалдық қамтамасыз етуге, дипломатиялық, ішкі, қызметтік штаттарды ұстауға жұмсалатын шығындар, шетел мемлекеттеріне берілетін займдар - 10-20%;

- әкімшілік-басқару шығындары, үкімет органдарын, әділет органдарын және басқаларды ұстап тұру - 5-10%;

- мемлекет берешегі бойынша төлемдер - 7-8%.

Кіріс бөлігі:

- салықтар (оның ішінде акциздік алымдар мен кедендік баж салықтары) - 75-85%;

- салықтық емес түсімдер: мемлекеттік меншіктен, мемлекеттік саудадан түсетін кірістер - 5-8%;

- әлеуметтік сақтандырудың, зейнеткерлік, жұмыссыздықтан сақтандырудың мемлекеттік қорларына түсетін жарналар – 10-12 %.

Мақсатты дамыту мен экономиканы реттеуге бағыт­талатын бюджеттің шығыс бөлігі бюджеттік қаржыланды­ру деп аталады. Бюджеттік шығындар жұмыссыздық қағидалары негізінде саяси, әлеуметтік және шаруашылық реттеу қызметтерін орындайды. Бюджет шығыстарындағы бірінші орынды: білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік жәрдемақылар алады. Бұл шығыстар адам капиталының дамуына, жұмыскердің біліктілігіне, денсаулықты нығай­ту­ға ықпалын тигізеді.

Аграрлық өндіріс, оның әлеуметтік мәртебесінің өзге­руі және шаруашылықты шикізатпен және азық - түлікпен қамтамасыз етудегі рөлі айрықша маңызға ие. Бұл өтеусіз көмектің сипаты әртүрлі елдерде әрқилы (кейбір ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді қысқартуға фермерлерге мемлекеттік сыйақылар).

Қазақстанның өтпелі экономикасындағы мемлекеттің аграрлық субсидиялары фермерлік шаруашылықтарды ұстап тұруға, олардың техникалық жарақтандыру мен қорғауға бағытталған.

Бюджет шығыстары, сондай-ақ қарулануға, сыртқы саяси байланыстарды, басқару аппаратын ұстап тұруға, ішкі және сыртқы мемлекет берешекын жабуға, экспортқа несие беруге, экспорттық несиелер мен шетел инвестиция­ларын сақтандыруға жұмсалады.

Бюджет шығыстарының көмегімен экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР), біріншіден, жұмсалатын сома­лардың салыстырмалы мөлшеріне (ҰЖӨ-гі оның үлесі); екіншіден, осы шығыстардың құрылымына; үшіншіден, жұмсалатын қаржылардың әрбір бірлігін тиімді пайдалануға қатысты болады.

Тұтастай алғанда, экономиканы мемлекеттік реттеудегі бюджет шығыстарының өз рөлін атқаратынын атап өту көзделеді.

Мемлекеттік бюджет кірістерінің 85%-і салық түсім­дерінен, қазыналық өнеркәсіптің табыстарынан, меншікті жеке­­шелендіруден түскен түсімдерден және т.б. қалып­та­сады.

Салықтар мемлекеттік және жергілікті бюджет кірісінің негізгі бөлігін құра отырып, салық жүйесі мен салық саясатын қалыптастыруда, кез келген мемлекеттің айрықша назарын талап етеді, өйткені салық ресурс­тарының жалпы көлемі қоғамның әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық даму серпініне (динамикасына) тікелей әсерін тигізеді.

 








Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 2447;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.