Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің каржысы - бірынғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің айтарлықтай бөлігі қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін көзі - қоғамдық өнім жа-салатьш материалдық өндіріс сферасыңца жұмыс істейтіңціктен бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болыл табылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекетгің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатьшастарының өмір сүруімен және экономикалық зандардьщ іс-әрекетімен байланысты.

Шаруашылық жүргізуші субъекгілердщ қаржысы ақша ныса-нында ұлғаймалы үдайы ендіріс процесінің негізгі жақтарын бідціреді және экономикалық заңцардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлпық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетгі ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қодданылады. Мұндай даму үлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта қүрудың қуатгы қүралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердщ берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында үлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғам-дық-пайдалы қызметгің сан алуан сфераларыңдағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қүрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда (делдалдық), дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа түрмыстық қызмет керсетуді, байланысты, түрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, несие, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетанг және басқа қызметгі жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.

Меншік нысандарьшьщ дамуы кәсіпорындардың жаңа тұрпат-тарының: жекеше, кооперативтік (тауарлар, өнім өндіру және кызметтер көрсету бойынша), акционерлік, аралас, шетедцердің кәсіпорындарымен және фирмаларымен бірлескен кәсіпорыңцардың пайда болуына жеткізді. Шетелдік жөне отандық инвесторлардың басқаруына мемлекетгік кәсіпорындарды беру жолымен мемлекетгік меншікті пайдаланудың тәртібі өзгерді: меншікті басқару мен пай-даланудың аз жетіддірілген нысандарынан жаңа меншіктенушілердің уақытша иелігіне көшірілді. Келесі саты мемлекетгік кәсіпорын-дарды сатып алу, оның жаңа иелікке кешуі және жекешеге немесе бірлескенге айналуы болып табылады.

Экономикалық реформалар барысында пайда болған мемле-кеттік меншіктің республикалық, коммуналдық меншікке бөлінуі де мемлекеттік кәсіпорындардың, олардың бірлестіктерінің, ком-мерциялық негіздегі бірлесіп басқару органдарының — қоғамдар-дьщ, ассоциациялардың, концерндердің, консорциумдардың және т.с.с. көптеген нысаңдарына мүмкіндік туғызады. Бүл процеске коммерциялық есептің дамуы, аймақтарды өзін өзі басқару мен өзін өзі қаржыландыруға көшіруге мүмкіндік береді.

Үлпық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бүл сала-ның техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашьшықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының мәні мен оны үйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруа-шылық жүргізудің ортақ қағидатгарына жөне бірыңғай экономи-калық заңцарға байланысты.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржы-лар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының балгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы ай-налымының процесінде өндірілген өнімнің қүны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардьщ нормалары, несие үшін пайыз) негізівде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржьіньщ үдайы өндіріс процесіңде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай Қорлар мен қорланымдардьі экономикалық түрғьщан негіздеп бөлу ұдайы өндірістік қосалқы функциясын да іске асыру-шарты болып табылады. Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы буын.

Шаруашылық жүргізуші субъекгілердің қаржысы сонымен бірге бөлгіштік функция шеңберінде ұдайы өндірістік функцияны орындайды. Оның мазмүны жай және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражатгарының ауыспалы айналымы процесіңце олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікгі қамтамасыз етуде болып табылады. Бүл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізіңце, белгілен-ген экономикалық нормативтер негізінде уақытгаң белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы ресурстары, басқа үйымдар мен өз қызметкерлерінің уақьшиа тартылған қаражатгары, банк несиелері есебінен, ал айырықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражатгар есебінен жабылатыньш анықтайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысыньщ бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Қар-жы басқа экономикалық түтқалармен бірге экономиканы басқару, өндірістің өсуін ынталандыру және еңбек, материал, табиғи және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажетгі бақылауды қамтамасыз ету процесіңде маңызды рөл атқарады. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, со-нымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-несие мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер ара-сындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, кврсетілген қызметтерге және орындалған жүмыстарға ақы төлеу кезіңде болады. Қаржы-несие оргавдарымен өзара іс-әрекет кезівде бақылау бюджет алдындағы міндетгемелердің орындалуы кезіиде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардың айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынас-тарымен тоқайласуы, олардың өндірісгік капитадцардьщ ауыспальі айналымымен өте тығыз байланысы, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінін жалпымемлекеттік қаржылардан олардың ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бүл буынға кәсіпорындардьщ ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның - кәсіпорындар мен ұйымдарлың ақша шаруашылығының бар екендігі (бар болуы) жөніндегі мәселені қоюға болады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасьш-дағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен болатын мы-надай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды:

басқа әр турлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, матери-алдық шығындарды төлеу, шарт міндетгерін бүзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражатгарды инвестициялау, олар бойьгаша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);

өзінің еңбек ұжымымен (бүл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кэсіпорьшның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;

өз ішіндегі бөлімдермен (олардьщ арасында қаржы ресурстарын бөлу кезінде);

мемлекетпен - бюджетке салықтар төлеу, бюджетген қаржы-ландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кез-е, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарды қальштастырғанда;

банктермен (кдржы қатьшастарыньщ бүл тобы банк несиегерін алу, оларды қайтару, несиегер бойынша пайыздар төлеу, банктер-ге уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатьш операциялар нысаны түрівде іске асады);

сақтық органдармен - мүлікгі, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;

жоғары ұйымдармен - ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша және басқалары);

құрылтайшылармен (бұл қатынастар қүрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын (салымдарын) телеу кезінде, соңцай-ақ кәсіпорынның пайдасьш белгеңце және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кез-де қалыптасады) және т.с.с.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жа-ғынан, жалпы қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттай-тын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сфера-сындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бүл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:

1) қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;

2) өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капитаддар - бүл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар қүн нысандарының түрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез келген мезетінде өңдірістік қүралдар материалдық-заттық және ақша нысанында болуы мүмкін;

3) жоғары белсенділік, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;

4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.

Сөшіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс, қызмет көрсету) өндіріп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, белумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды атайды.








Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 7046;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.011 сек.