Сызба. Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы

 

 

Қаржылық бақылау
Мемлекеттік Қоғамдық
Жалпы-мемлекетгік Ведомстволық Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақтардың, партиялардың, жастардың, бұқаралық қозғалыстардың, ғьшыми-техникалық, мәдени-ағартушылық, спорт, шығармашылық, ардагерлердің, түрлі қорлардың бақылауы
  Ішкі-шаруашылық
Парламентік (депутаттық) бақылау
Аудиторлық бақылау

Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпымемлекетгік жөне ве-домстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.

Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объекгісше қолданылады. Бақылаудьщ бұл түрін мемлекетгік билік пен басқару оргаңдары жүргізеді.

Мемлекетгік қаржылар жүйесівде бақылау салықтық, бюджетгік бақылау, сақтық және банкгік қадағалау, кедендік бақылау және т.т. болып ажыратылады.

Салықтық бақылау салық заңнамасыньщ атқарылуы, бюджетке салық және басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорла-рына мщдетгі зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді. Салықтық бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші субъектшер, сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.

Бюджеттік бақылау тексеріегік және талдамалық (аналитикалық) қызметтің мынандай түрлерін қамтиды: елдің негізгі қаржы жоспарының - мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орьшдалуьш бақылау; қаржылық ақпаратты, соның ішіңце салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл ақпаратгы талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде үсыныстар жасау; шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттзрьшың тиімді, ұтым-ды жүмсалуын қамтамасыз ету; өңцірістік емес, мақсатгсыз шы-ғындарды, иесіздікті, ысыраптар мен үрлықтарды жою және одан сақтандыру. Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржыланатьш мемле-кеттік кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда, совдай-ақ мемлекеттік емес сектордың жүмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар жүргізетін кәсіпорыңдарыңда жүзеге асырылады.

Банктік қадағалау несие ресурстарын қалыптастыру және олардың қозғалысы барысында, күрделі қүрылыс процесінде, кәсшорындардың кассалық тәртшті сақтауьш тексеру кезівде, нақ-ты ақшасыз есеп айырысқанда және басқа жағдайларда жүргізіледі. Башсгік қадағалаумен (бақылаумен) несие-есеп-қисап қатьшаста-рьша қатысты барлық шаруашылық субъектілер камтылған.

Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау (қадағалау) сақтық қорлар қаражаттарының дер кезінде, толық қалыптасуын, мақсатты жұмсалуын, сақтық операцияларының дүрыс жүргізілуін, сақтандыру туралы заңнаманың талаптарьін сақтық қатынастарға қатынасушылардың барлығының орыңдалуын жүзеге асырады.

Кеден оргаңцары тауарлар мен көлік құращщрын, оларды есепке алуды кедендік ресімдеу кезінде де, сондай-ақ кедендік тексермеде де қүжаттар мен мәліметгерді тексеру нысанында кедендік бақылауды жүргізеді; олардың тауарлар мен көлік қүралдарын кеден шекарасы арқылы орналастыратын субъекгілердің қаржы және сыртқы экономикалық қызметін тексеруді белгілеуге немесе жүргізуге құқы бар.

Барлық өкілетті органдар қаржылық бақылауды тиісті бюджеттің жобасын және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда қараған кезде жүзеге асырады. Өкілетті органдардың жоспар-бюджет және салалық түрақты комиссиялары маңызды бақылау функцияларьш орындайды, олар алдын ала, сессияға дейін бюджетгің жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті қарайды.

Үкімет, жергілікгі әкімшіліктің аппараты оларға қарасты орган-дардың бақылаушылық, соның ішінде қаржы-несиетік қызметгі ғана бағалап қоймайды, сонымен бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Республика үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуьш бақылап отырады, мемлекетгің қаржылық саясатын жүзеге асырады. Өздерінің өкілеттіктеріне қарай бақылау функцияларын жергіліюі жердегі атқарушы органдар орындайды.

Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведом-ствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашы-лық жүргізуші субъектілердің каржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міңцеттеріне мьшалар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материал және қаржы ресурстарын үнемді пайдалануын, меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс қойылулығын, бақылау-тексеріс жүмысыньщ мән-жайын бақылау, қырсыздық, ысырапқорлық жөне нысапсыздық фактілерін бүлтартпау.

Ведомстволық бақылау шеңберінде ішкішаруашылық бақы-лау яғни нақтылы шаруашылық жүргізуші субъектілерде (фирмаларда, компанияларда, үйымдар мен мекемелерде) жүзеге асыры-латын бақылау жүргізіледі. Бақылау функциялары бүл жағдайда қаржы-шаруашылық қызметінің қажетгі шарты ретіңцегі оның күн сайынғы процесімен байланысты. Бақылаудьщ бұл түрі өңцірістің бастапқы буындарының өндірістік капиталды, қаржы ресурстарын таімді пайдалануға жауаптылығын артгыруға жердемдеседі, ысы-раптарды, қаржы тәртібінің әр түрлі бүзылуларын азайтуға бағыт-талған.

Ішкішаруашшық бақылаудың мақсаты есеп саясатьш да қоса алғаңда, субъектінің экономикалық саясатьшьщ сақталуына сарап-шылық баға беру, оның барлық қүрылымдары жүзеге асырып келген ішкі бақылаудың жұмысына баға беру болып табылады. Таза бақылау сипатындағы міндеттерден өзге ішкішаруашылық бақылау қаржы стратегиясын талдап жасау, экономикалық диагностика, маркетинггік зертгеулер, басқарушылық кеңестер міндетгерін және басқаларын шешеді.

Нарықтық қатьшастар жағдайыңда ішкішаруашылық бақылау оның бұрынғы үғынысындағы өзінің мағынасын жоғалтьш бара-ды: оның орнын мемлекеттік кәсілорындарда шаруашылық есеп ынталавдырмалары және меншіктің басқа нысандарының кәсіп-орыңдарьшда коммерциялық ынталаңдырмалар басуы тиіс. Шару-ашылық есеп, коммерциялық есеп өр түрлі бүзулардан сақтануға көбірек кепілдік береді, өйткені жетістіктердегі қызметкердің, кәсіпкердің жеке ынталылығы өзін-өзі бақылаудың қажеттііін керек қылмайды.

Жүргізу нысандары мен уақытьша қарай қаржылық бақылау: алдын ала бақылау, ағымдағы және кейінгі бақылау болып бөлінеді.

Бақылаудың мұндай нысаңцары бақылаушы органдардың көбісінің қызметіне тән.

Қаржылық алдын ала бақылау ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі операциялар істелінгенге дейін жүргі-зіледі, сондықтан оның қаржы тәртібін бұзуды аддьш-ала ескерту-де зор маңызы бар. Бұл жағдайда бекітуге жөне орындауға жата-тын қаржы қызметін жүзеге асырудың негізі болып табылатьш қүжатгар - бюджетгердің, қаржы жоспарлары мен сметалардың жобалары, несие және касса өтінімдеріжәне т.т. тексеріледі.

Ағымдағы қаржылық бақылау қаржы жоспарларының атқарылу процесінде, шаруашылық-қаржы операцияларын жүзеге асыру барысында тауар-материал қүңдылықтары мен ақша қаражаттарын жұмсаудың нормалары мен нормативтерінің сақталуын қадағалайды, қаражаттарды жіберу шығындарының орындалуына, бұрын берілген ресурстардың пайдаланылуына сай келетінін тексереді. Сөйтіп, бұл бақылау шаруашылық-қаржы операцияларының жасалу процесінде жүзеге асырылады.

Кейінгі (келесі) қаржылық бақылау - қаржы операцияларын жасағаннан кейін (бюджетгің кіріс және шығыс бөліктерінің орьш-далуынан кейін, шаруашьшық органдардың ақша қаражаттарьш пайдаланғаннан кейін жөне т.т.) жүргізілетін бақылау жөне алдын ала бақылау мен ағымдағы бақылау кезіңце анықталмаған бүзу-шылықтарды ашуға жетелейді.

 

Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объекті мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда болуының негізі си-яқты бірқатар факторларға байланысты болады.

Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайца-ланылады: тексеріс, тексеру (қүжаттаманы, есепке алу мен есептемені, шоттық тексеру), карап шығу, қаржы жоспарларының жо-баларын, отінімдерді, қаржы-шаруашылық қызметі Іуралы есептерді қарау, баяндамаларды тындау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бүл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген өдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте қүжаттарды ыңғайласпа тексеру, ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында салыстыру және басқалары.

Қаржылық бақылаудың нысандары мен әдістері үнемі жетіл-діріліп отырады, оларға есептеу техникасы негізіңцегі ақпарат жүйесі белгілі түрде әсер етеді.

Аталынған жалпы әдістер түрлі объекгілерге бақылау жүргізудің әдістемелеріңце, ережелеріңце нақтыланады.

Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен шолып (визуалды) тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер, анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тиым салу және тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бүйрық беруге саяды.

Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындары: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс (ревизия). Тексеру шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін.

Шоттық тексеру - бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салық есеп-қисаптарының ақиқаттығьш тексеру.

Тақырыптық тексеру - бүл бақылауға жататын объектінің ша-руашылық-қаржы жүмысының жеке жақтары мен учаскелерін зер-делеу, мысалы, жалақыдан үстап қалудың дүрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік қүнына жатқызудың дүрыстығын тексеру жөне т.т.

Экономикалық талдау - бүл объектінің шаруашылық-қаржы кызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу.

Экономикалық талдауды шаруашылық оргаңдардын өздері де, сонымен бірге бақылаудың сыртқы органдары - банктер, қаржы, аудит фирмалары да жүргізеді.

Тексерулер мен қарап шығуды бақылау органдары шаруашылық жүргізу субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінщ белгілі бір мәселелері бойынша немесе жүмыс орныңца қаржылық қызметгің жеке жағымен (учаскесімен) танысу жолымен бір мәселе (тақы-рып) бойынша жүргізеді. Сондықтан тексерулер негізінен тақы-рыптық болып келеді.

Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі - тексеріс - кейінгі (келесі) бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезендегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінщ барлық жақтары мен учаскелерін мүқият зерделеу, терең тексеру, оны неғурлым толық қарап шығу. Тексерісті әртүрлі органдар жүргізеді. Тексеріс бүл органдардың жоспары бойынша да, сон-дай-ақ басқа құзырлы органдар - жоғарғы, тергеу органдарының нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.

Тексеру объектісі бойынша құжаттық, нақтылы, толық (жаппай), іріктемелі (ішінара) тексеріс болып ажыратылады. Ұйымдық белгісі бойынша олар жоспарлы және жоспардан тыс, кешенді болуы мүмкін.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өзінің жүмысын жоспарлар бойынша жүргізді. Жоспарлар тексерулер мен тексерістердің белгшенген мезгілділігін ескере отырып құрылады. Жоспарларда бақылаудың объектілері, тексерудің немесе тексерістің тақырыбы, бастау мен аяқтаудың уақыты, атқарушылардың саны мен олардың құрамы және т.т. белгіленеді. Аудит органдары өзінің жүмысын келісімшартгар негізінде жүргізеді.

Құжаттық тексерісті жүргізген кезде есептер, сметалар ғана емес, сондай-ақ құжаттар, әсіресе бастапқы ақша күжатгары (шот-тар, төлем тізімдемелері, ордерлер, чектер, бағалы қағаздар) тексеріледі.

Нақтылы тексеріс қүжаттарды ғана емес, сонымен бірге қолда бар ақшаны, материалдық қүндылықтарды да тексереді.

Толық тексеріс деп белгілі бір кезеңцегі шаруашылық жүргізуші субъектілерің бүкіл қызметін тексеруді айтады.

Іріктемелі тексеріс кезінде бақылау қаржы-шаруашылық қьізметінің әйтеуір бір жағьша (мысалы, іссалардьщ шығыңцарын, әр түрлі нысаналы шығывдар мен шығыстарды тексеру) бағытталады.

Тақырыптық тексерістер бір үлгідегі бірнеше көсіпорындарда, мекемелерде немесе бірнеше министрліктер мен ведомстволарда қаржы-шаруашылық қызметінің жеке мәселелері бойынша жүргі-зіледі. Олар сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір учаскелерінің мән-жайын тексеруге және бұл мәселе бойынша көлемді материал алуға, оны талдауға, тұжырым жасауға, жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Тексерістердің тәсілдері: материадцық құндылықтарды түген-деу, кассадағы нақты ақша қаражатгарын тексеру, тексерілегін объекг қызметінің жоспарлы, нормативтік және есептік көрсеткіштерін салыстыру, қүжатгық және ыңғайласпа тексерулер.

Әрбір тексеріс пен тексеру мұқият әзірленуі тиіс, өйткені олар-дьщ сапасы осыған байланысты болады. Бүл үшін қажетгі зандар-ды, қаулыларды, жарлықтарды оқып біліп, зерделейді; бүларға тексеріс пен тексерудің материадцарымен, анықгалган бұзушылықты жоюдың нәтежиелерімен танысады; ақпарат органдарының сын материадцарын, өндірісгік қызметтердің ерекшеліктерін зерделейді және т.т.

Әзірлік жүмысының негізіңце тексеріс немесе тексерудің бағдарламасы, оның негізінде тексеріс пен тексерудің жұмыс жоспары жасалады.

Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің бүкіл процесі бірнеше кезеңцерден түрады: өкщціліктерді көрсету; тексерілетін объектінің жауапты қызметкерлерімен үйымдық кеңес еткізу; түгендеуді жүргізу; тексерілетін объекгімен, оның қызметінің технологиясы-мен жеке өзінің танысуы; шаруашылық қызметгі алдын ала талдау; тікелей қүжаттық тексеріс немесе тексеру; тексеріс немесе тексерудің материалдарын жүйеге келтіру; акт немесе анықтама жасау; ашылған кемшіліктердің жойылуын тексеру.

Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің нәтежиелігі көбінесе жасалынған актінің сапасына байланысты болады. Тексеріс актісі (анықтамасы) - бұл қаржы-шаруашылық қызметінде жіберілген бүзушылықтың жай тізбесі емес, бүл тексерлетін объекті жұмысының сапасы, зандылығы, мақсаты, сәйкестігі туралы дұрыс түйіндердің жинағы больш табылатын қүжат. Оның негізівде ашыл-ған бүзушылықты жою мақсатындат нақтылы ұсыныстар, ұйғарымдар жасалынады, кінәлі адамдарға шара қолданылады.

 

 


§8. Қаржылардың Әр түрлі салаларда қызмет атқаруы.

1). Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны.

2). Әр түрлі құқықтық ұйымдастыру формаларының, кәсіпорындар мен мекемелердің қаржылық ерекшеліктері..

 








Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 2370;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.014 сек.