Аржының басқа да экономикалық категориялармен байланысы.

Қаржыны экономикалық категориялардың қатарынан бөліп алу үшін қаржы құбылысын қарастырудан оның мәнін - зат болмысының барлық ер алуан нысандарының бірлігін білдіретін оның ішкі мазмұнын зерттеуге көшу қажет.

Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатьшастар өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқыңцаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді (1.2 сызбаны қараңыз). Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі деуге болады, яғни олар базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады.

1.3 сызба. Қоғамдық жүйедегі катынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)

 
 

 

 


Қаржы қатынастары
Салық Бюджет Мем-лекеттік несие Ішкі шаруа-шылық Үй шаруа-шылығы Сыртқы экономи-калық

 

Қатынастардың иерархиялық субординациясын ескере отырьш, "жалпыдан - жекеге" қағидаты бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады: жалпықоғамдық қатынастар, өндірістік қатынастар, ақша қатынастары және қаржы қатынастары (салық, бюджет, мемлекеттік несие, сыртқы экономикалық қатынастар және т.т.)

Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша қатынастарын әлдеқайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.

Тауар өндірісінің негізіне тауар өндірушілердің экономикалық аддын ала келісіп алушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі қойылған. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттық факторларының саралануы олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақты және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан қажырлы еңбек пен жұмсалынған күш-жігерге баламалы болып келетін тұтынудың өлшемін объективті түрде ескере алатын шығындар мен еңбек нәтижелері өлшемінің айрықша механизмінін объективті қажеттігі туады. Бүған ақша және оның туынды экономикалық категорияларының, соның ішінде қаржының да көмегімен қол жетеді. Каржы тауар катынастарынан тыс өмір сүре алмайды. Тек өндірілген тауарлар, көрсетілген кызметтер, адам еңбегінің өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі жасалады.

Нарықтық экономика жағдайындағы қаржылық қатынастар 3 субъектінің арасында пайда болады. Олар: 1) мемлекет; 2) Шаруашылық қызмет көрсету субъектілері; 3) халық.

Осыған орай қаржылық қатынастарды екі тұрғыдан жіктеуге болады:

1. Мемлекет пен шаруашылық субъектілері арасындағы қатынастар;

2. Шаруашылық субъектілерінің өзара қатынастары.

 








Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 1647;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.