Аржының мәні.

Қаржының мәні құнды бағытты мақсаттары бойынша бөлу болып табылады. Қаржы дегеніміз экономикалық қатынастар процесінде ақшалай қатынастардың пайда болуын, бөлінуін және тұтынуын көрсететін экономикалық категория.

"Қаржы" ұғымы мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның таптарға жіктелуі кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатып экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын - ақша агынын бейнелеп көрсетеді. Мемлекет қаржы арқылы өзінің міндеттері мен мақсаттарын орындайды.

Қаржы ғылыми ұғым ретінде, әдетте, қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.

Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы “Республика туралы алты кітап” деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.

Қаржы туралы жұмыстың (“Афин республикасының кірістері туралы”) алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) бодды.

Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяңдалған.

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өңдіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы мына себептерге байланысты:

- әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына кайта бөлуді үйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;

- кез келген коғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;

- өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады. Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;

- егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік қатынастардьщ ұдайы өңдірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.

Қаржыны өндірістік қатынастар ретінде қарастырғанда құнның бір бөлігін бөлумен және қайта бөлумен салыстырады. Қаржылардың пайда болуы және олардың тұтынуы екі шеңберде өтеді: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорлар.

Алғашқы бөлу процесі қаржылардың табысқа немесе пайдаға бөлуі. Сол арқылы амортизациялық және басқа да әлеуметтік қорлар қалыптасады.

Одан кейінгі процестер табысты шаруашылық субъектімен мемлекетке бөлу. Мұндай төлемдер арқылы мемлекет орталықтандырылған қорларды құрайды. Құрылған орталықтандырылған қаражаттарды мемлекеттің қойған мақсаттарына сәйкес және қажеттіктеріне сәйкес бөлу қайта бөлу процесі болып табылады.








Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 1140;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.