Этиологиясы. Семіздік алиментарлы-конституционалды және симптоматикалық (11.2 кесте) болып жіктеледі.

Семіздік алиментарлы-конституционалды және симптоматикалық (11.2 кесте) болып жіктеледі.

 

11.2 кесте.Семіздіктің жіктелуі

1. Алиментарлы-конституциональды (экзогенді-конституциональды) 1.1. Гиноидты (төменгі тип, сан-бөкселік) 1.2. Андроидты (жоғарғы тип, абдоминальды, висцеральды) 1.2.1. Метаболикалық синдромның жеке компоненттерімен 1.2.2. Айқын метаболикалық синдром симптоматикасымен 1.2.3. Пиквик синдромымен (ұйқы кезіндегі апноэ) 1.3. Тамақтану тәртібінің айқын бұзылыстарымен 1.3.1. Түнгі тамақ синдромы 1.3.2. Стресске гиперфагиялық реакция ретіндегі дамитын мерзімдік аффектілік толқындар 1.4. Пубертатты-жасөспірімдік семіздік
2. Cимптоматикалық семіздік 2.1. Орныққан генетикалық ақаумен 2.1.1. Белгілі генетикалық синдромдар құрамында 2.1.2. Май алмасу реттелуі құрылымының генетикалық ақаулары 2.2. Церебральды (адипозогенитальды дистрофия, Бабинский-Пехкранц-Фрелих синдромы) 2.2.1. Бас миы мен басқа церебральды құрылымдардың ісіктері 2.2.2. Жүйелік зақымданулардың диссеминациясы, инфекциялық аурулар 2.2.3. Гормональды-белсенді емес гипофиз ісіктері, «бос» түрік ершігі синдромы, «жалған ісік» синдромы» 2.3. Психикалық аурулар көрінісінде 2.4. Эндокринді аурулар (гипотиреоз, гипогонадизм, Кушинг синдромы және т.б.).

 

Патогенезі

1. Генетикалық бейімділіктің маңыздылығы 25–70%-ды құрайды. Бейімділік МС бірнеше компоненттеріне және қант диабетінің 2 типінде тұқым қуалайды (7.6 бөлімді қараңыз).

2. Алиментарлы түрткілер: тағамның жоғары құндылығы (майлы, алкоголь), кешкі уақытта көп мөлшерде тағам қабылдау. Көптеген үлт өкілдерінде дәстүрлі тамақтанудың индустриальды тамақтануға (батыс) ауысқанда дамиды.

3. Тамақтану тәртібі бұзылғанда. Бұл кезде ұрпақтан ұрпаққа берілетін отбасылық және тамақтанудың дәстүрлік стереотиптері маңызды орын алады. Себебі тамақтану тәртібі психикалық белсенділікпен тығыз байланысты, сондықтан тамақтану тәрітібінде дамитын өзгерістер серотонин мен эндорфин рецепцияларының бұзылуымен байланысты болуы мүмкін. Көмірсуларды қабылдау допинг секілді әсер береді, ал семіздік алкоголизм, наркомания секілді аурулармен ұқсастығы бар. Көптеген адамдар өмірдің қиын кездерінде тағамды өздерін тыныштандыру үшін қабылдайды (стресске гиперфагиялық реакция).

4. Физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі.

5. Метаболикалық синдром кезінде басты патогенетикалық түрткісі болып, инсулинорезистенттіліктің маркері абдоминальді семіздік пен атерогенді дислипидемия болып табылады. Басқа компоненттерінің өзара қарым/қатынасы қантты диабеттің 2 типіне ұқсас (7.6 бөлімді қараңыз).

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 1648;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.