Этиологиясы. 50–70% жағдайда органикалық бұзылыстар эректильды дисфункцияның себебі болып табылады

50–70% жағдайда органикалық бұзылыстар эректильды дисфункцияның себебі болып табылады. Эректильды дисфункцияның басты себептері төмендегі 6.8 кестеде көрсетілген.

 

6.8 кесте.Эректильді дисфункцияның себептері

 

Психологиялық Күйзеліс, қорқыныш, психикалық бұзылыстар
Дәрілік заттар, интоксикациялар Алкоголь, гипотензивті дәрілер (диуретиктер, α-адреноблокаторлар), циметидин, марихуана, героин, метадон, трициклдік антидепрессанттар, бензодиазепиндер, дигоксин, эстрогендер
Эндокринді аурулар Гипогонадизм, гиперпролактинемия, қант диабеті, қалқанша без қызметінің бұзылыстары
Неврологиялық аурулар Жұлынның патологиясы, шеткі және автономды нейропатия, шашыранды склероз
Қантамырлық патология Қантамырлардың окклюзиялы аурулары, жарақаттар, қант диабеті, көктамыр жеткіліксіздігі
Басқа да себептер Сырқаттың дамуын нашарлататын гемохроматоз, еркек жыныс мүшесінің ақаулары, простатэктомия

 

Патогенезі

Эрекция бұзылыстарының біріншілік психогенді себептері әлеуметтік ортада және тәрбиеде жатыр. Екіншілік бұзылыстар жедел дамып, нақты бір жағдаймен, қорқынышпен, сәтсіз аяқталған тәжірибені еске түсірумен байланысты дамиды. Органикалық генезді эректильды дисфункцияның 50–80% жыныс мүшесінің қан айналымының бұзылуынан дамиды. Ол артериялық қанайналымның (атеросклероз) немесе кавернозды дене окклюзиясының бұзылысынан туындауы мүмкін. Эректильды дисфункциямен көптеген неврологиялық сырқаттар ұштасады. Эрекция жұлынның жоғарғы бөліктері зақымданған науқастардың 95%-да және кұйымшақ бөлігі зақымдалған науқастардың 25%-да ғана сақталады. Эректильды дисфункцияның 5% эндокринді аурулар әсерінен дамиды, яғни эндокринді патология көрініс берген ер адамдар арасында эректильды дисфункцияның жиілігі өте жоғары. 6 жылдан көп қант диабетімен сырқаттанған науқастардың 50 %-да эректильды дисфункция көрініс береді.

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 984;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.