Маятник математикалық– созылмайтын салмақсыз жіпке ілінген және вертикаль жазықтықта тербелетін материалдық нүкте.
Маятник физикалық– ауырлық күшінің әсерінен ауырлық центрден өтпейтін қозғалмайтын горизонталь өске қатысты тербелетін материалдық қатты дене.
Механизм – бір немесе бірнеше қатты дененің қозғалысын керекті қозғалысқа түрлендіретін денелер жүйесі.
Ықтимал орын ауыстыру (мүмкін) – жүйенің байланыстар әсерінен ойша шексіз кіші орын ауыстыруы.
Радиус-вектор – қозғалыстағы нүктенің кез келген уақыттағы орнын көрсететін, шамасы мен бағыты уақытқа тәуелді өзгеретін бағытталған кесінді.
Сырғақ (поршень) – бағыттаушылар бойымен қозғалатын буын.
Табиғи өстер (табиғи үшжақтық) – бас нүктесі қозғалыстағы нүктемен дәл келетін, ал өстерінің біреуі траектория
ға жанама, екіншісі бас нормаль, үшіншісі бинормаль бойынша бағытталған тікбұрышты қозғалатын координаталар жүйесі.
Тербелістердің декременті – тербелістердің өшу процесін сипаттайтын шама.
Тербелістің логарифмдік декременті– тербеліс декрементінің өрнегіндегі санының дәреже көрсеткіші.
Дата добавления: 2015-06-17; просмотров: 1400;