Глоссарий. Абсолют қатты дене– кез келген екі нүктесінің аралығы (ешқандай жағдайда) өзгермейтін дене.

Абсолют қатты дене– кез келген екі нүктесінің аралығы (ешқандай жағдайда) өзгермейтін дене.

Автотербелістер – периодты мәжбүр тербелістер. Жүйенің өз қозғалысымен реттелетін тербеліссіз энергия көзінен туындайды.

Айналу жиілігі – дененің айналмалы қозғалысын сипаттайтын бірлік. Дененің бір минуттағы толық айналым санын анықтайды.

Айналшақ– механизмнің айналмалы қозғалыс жасайтын буыны.

Айналшақты-сырғақты механизм – айналшақ пен сырғақтан тұратын механизм. Айналмалы қозғалысты ілгерілемеліге немесе ілгерілемелі қозғалысты айналмалыға түрлендіру үшін қызмет етеді.

Апериодты қозғалыс – тербелмелі жүйенің үлкен кедергілі ортадағы қозғалысы; гиперболалық функциялармен сипатталады.

Байланыс голономдық – нүктенің шекті координаталары арасындағы қатынаспен немесе интегралданатын дифференциалдық теңдеумен өрнектелетін байланыс.

Байланыс идеалдық– ықтимал орын ауыстыруда реакция күшінің жұмысы нөлге тең байланыс.

Байланыс реакциясы– байланыс тарапынан денеге әсер ететін күш.

Байланыс стационарлық – уақыт айқын кірмейтін теңдеумен сипатталатын байланыс.

Бастапқы шарттар – дене қозғалысының бастапқы кездегі көрсеткіштері (уақыт, координаталар, жылдамдық).

Винт динамикалық (динама) – күш пен оған перпендикуляр жазықтықта жатқан қос күштің жиынтығы.

Винт кинематикалық – бұрыштық жылдамдықтың (векторы) және ілгерілемелі қозғалыстың оған параллель жылдамдығының жиынтығы.

Гироскоп – бір нүктесі қозғалмайтын симметрия өсіне қатысты айналатын қатты дене.

Гироскоптық момент – сан шамасы гироскоптың тірек шеңберіне түсірілген реакция-қос күшінің моментіне тең, ал бағыты оған қарама қарсы қос күштің моменті.

Девиация –материалдық нүктенің қозғалыс траекториясынан ауытқуы.

Деформация абсолюттік – сыртқы күштердің әсерінен болатын деформацияға дейінгі және деформациядан кейінгі дене мөлшерінің айырмасы.

Деформация салыстырмалы – абсолюттік деформация мәнінің дененің бастапқы мөлшеріне қатынасымен анықталатын шама.

Жалпыланған координаталар – жүйенің орнын анықтайтын тәуелсіз шамалар.

Жалпыланған күш – жалпыланған координатаға сәйкес қозғалысқа келтіретін күш немесе күш моменті.

Жалпыланған жылдамдық – жалпыланған координатадан уақыт бойынша алынған туынды.

Инерция радиусы –дененің өстік инерция моментін анықтағанда оның массасы шоғырланатын нүктеден өске дейінгі қашықтықты білдіретін шартты шама.

Кинетика – құрамына статика мен динамика кіретін механиканың жалпы бөлімінің атауы.

Кинетостатика әдісі (Даламбер принципі) – статика теңдеулері түрінде жазылған теңдеулер арқылы динамикалық құбылыстарды зерттейтін әдіс.

Күш – денелердің өзара әсерлесуінің қарқыны мен бағытын анықтайтын өлшем.

Күш ілінісу – кедір-бұдырлы беттегі қатты дене сыртқы күштер әсерінен тепе теңдікте болғандағы үйкеліс күшінің мәні.

Қатты дененің өске қатысты инерция моменті(өстік инерция моменті) – айналмалы қозғалыстағы қатты дененің инерттілік өлшемі. Дене нүктелері массаларының олардан өске дейінгі ара қашықтық квадратының көбейтіндісінің қосындысы ретінде анықталады.

Қозғалысты қайтару әдісі (Виллис әдісі) – механизмнің барлық буындарының салыстырмалы қозғалысы сақталғанда, қозғалмалы буынды ойша тоқтату арқылы механизмдерді зерттеу әдісі.

Үйкеліс бұрышы– тангенсі үйкеліс коэффициентіне тең бұрыш.

Үйкеліс конусы – конустың симметрия өсімен үйкеліс бұрышына тең бұрыш құрайтын бағыттаушы арқылы тұрғызылған конус.








Дата добавления: 2015-06-17; просмотров: 2702;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.013 сек.