саты. Жалпы орта білім бер (11-12 сыныптар). Оқыту ұзақтығы – 2 жыл.

Үшінші сатының бағдары жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сәйкес әлеуметтендіру бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау.

Бейіндік оқыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық немесе технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Бейіндеу формалары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның сұранысын ескере отырып анықталуы тиіс.

Бүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол – 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер: «Баланы оқуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр. 12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдына негізгі екі бағытты басшылыққа алады.

Олар:

ü оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту;

ü ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.

12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар:

Инварианттық компонент – мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру.

Профильдік компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру.

Тұлғалық компонент – оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру .

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшудегі білім берудің ерекшелігі:

- ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына;

- өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне;

- адамға табиғатынан берілген шығармашылық қабілетін толық іске асыруына;

- әр елдің экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беру.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшудегі орта білім берудің мақсаттары:

- қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;

- өзін-өзі дамытуға;

- жоғары білімді шығармашыл, ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру;

- жеке тұлға интеллектісін байыту;

- бала тұлғасындағы рухани және дене мүмкіндіктерін ашу.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшудегі білім берудің басты мақсаты – қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшудегі білім берудің басты мақсаты -өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсендіруге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшудегі білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары:

- білім беру мазмұнын қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық талабына сәйкестендіру;

- білім беру мазмұнын ізгілендіруді, оның вариативтілігін қамтамасыз ету;

- өз бетімен білім алуға, оны практикада қолдана білуге және қажеттілікке тәрбиелеуге бағытталған, негізгі құзырлылық қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнымен қамтамасыз ету;

- танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын таңдау;

- білім мазмұнын оқушының ғылыми тәсілмен тануына, өз бетімен ізденуіне мақсатты және жүйелі тартуға бағдарлау;

- білім мазмұнын ұлттық мәдениетті құрметтеуге, өзге мәдени бастамаларға ашық болуға тәрбиелеуге бағдарлау.

12 жылдық мектепте оқытуды ұйымдастыруда жалпы дидактикалық ұстанымдармен бірге төмендегілердің шешуші мәні бар:

- жеке тұлғаның жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі;

- бағдарланған нәтижеге жетуге бағдарлығы,ашықтығы, интерактивтілігі.

Нәтижеге бағдарланған білім беру моделінде оқушы (үйрену) мен мұғалімнің (оқыту) өзара байланыс әрекетіне мақсатты ұйымдастырылған оқыту оқу процесінің компоненттерінің мақсаттарын шектеуді талап етеді.

12 жылдық білім беру жүйесіндегі мұғалім қызметінің мақсаты (оқыту):

- білім беру облысының пәндік және негізгі мақсаттарын ескере отырып, оқу процесінің нақты мақсаттарын жобалау;

- оқу процесін оқу материалдарын игеруді ұйымдастыру бойынша міндеттер кешенін шешуге бағдарланған білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жобалау;

- оқу материалдарын даярлау және оқу мақсаттарына сәйкес оқытуды ұйымдастыру;

- оқу процесін жобалауға және іс жүзінде іске асыруда ақпараттық ортаның әлеуетін пайдалану;

- оқушының оқу материалын игеруінің тұлғалық-әрекеттік бағыттылығын реттеу;

- оқушының дамуын ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай жасау (дамудың жақын зонасына жетуі);

- құзыреттілік түрінде жеке қол жеткізген нәтижелеріне жағымды эмоция туғызу, қолдау, көрсету және психологиялық жағымды орта құру;

- оқушының өзінің алған білімін қолдана білудегі жеке тәжірибесі мен өзін-өзі анықтау, өзін таныту, өзіндік білімін көтеруге дайындығы бойынша білім алу кеңістігін кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру;

- ағымдағы нәтижелерді бағалау, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытуды уақытында түзету .

 








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 2263;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.011 сек.