Эолдық құмдар

Желдің геологиялық әрекеттері. Тасымалдау, аккумуляция және эолдық түзілімдер. Жербеті және ағынды сулардың геологиялық әрекеттері.

Желдің геологиялық әрекеттері

Жел әрекетінен жаралған бедер түзілімдері және пішіндері эолдық (Эол - бог ветров в греческой мифологии) деп аталады (грек мифологиясында Эол – желдердің құдайы).

Эолдық процестердің даму жағдайлары:

´ 1) өсімдік жабынының жоғы немесе аз болуы, аумақтағы таужыныстардың атмосфера ауасының ағындарымен түйісуінің барлығын көрсетеді;

´ 2) жиі желдер;

´ 3) жел мен жылжылатын қопсық материалдардың көлемі көп болуы қажет.

Желдің қиратушы әрекеті

Дефляция (лат. «deflatio» - үрлеп кетіру) – қопсық таужыныстардың бөлшектерін үрлеп кетіру және желкілде у процесі.

Корразия (лат. «corrado» — қырып алу) – жел мен тасмалданған сынықты материалдармен таужыныстарды қажау процесі. Ол таухыныстарды қажау және бұрғылап тесу.

Эолдық тасымалдау

Материалды желмен тасуы келесідей өтеді: домалату, секіртпелі қозғалыстармен және қалыпты ұшыру жағдайда.

Желдің аккумулятивтік әрекеті

Желдің аккумулятивтік әрекеті эолдық түзілімдердің жиниқталуында болады, олардың ішінен екі генетикалық типтер бөлінеді – эолдық құмдар және эолдық лёстар.

Эолдық лёсс (атауынем. Loss — тік жар), таужыныстың арнаулы рельеф пішіндерін қалыптастыру қабілеттігімен байланысты аталған, олар — төзімді тік жарлар, тік қабырғалы терең құз (каньон). Синоним — алеврит ( грек. Алеврос — ұн).

Морфологиялық белгілер.Көзбенбайқалмайтын сынықты бөлшектерінің өлшемі 0,1-0,05 мм тозанды таужыныс (ұсақ топырақ).

Эолдық лёсс ыстық климат жағдайында көптеген мыңжылдықтар бойынша жинақталған, желдермен ауаға көтеріліп және шөл желдермен және құмды дауыл нәтижесінде зор қашықтыққа тасымалдаңған тозанды материал.

Эолдық құмдар

Басымырақ аридтік климатты аудандарда, теңіздер, көлдер және өзендер жағалауларында жел жұмысының нәтижесіндеқалыптасқан рельефтің (бедердің) эолдық пішіндері.Оларжел денудациясы мен жел аккумуляциясының әрекеттер нәтижесі болады.

Дюналар (құмды дөңдер)құмды дөңдержелдіңқандай болмасын кедергілердің (бұталар, бедер кедір-бұдырлылықтары, ғимараттар) айналасында құмды желпілдетуден өзендер, көлдер жағалауларында жаралған. Олар биіктігі 20-40 м- дейін және оданда биік төбелер тәрізді құм жинақтары. Дюналардың қозғалуының сипатты ерекшеліктері құм қиыршықтарын дөңнің бір бетінен екіншісіне желмен домалатуы болады. Құрлықтың ішіне қарай дюналардың жылжу жылдамдығы осы жерде басымды болатын желдердің күшімен 0,5-1- ден 20-22 м/жыл – дейін деп анықталады. Дюналар тізбектер қалыптастырады.

Барқандар пішіні орақ тәрізді төбелер, оның ұшқырланған шеттері осы аудандағы басым желдердің жағына бағытталған боп табылады. Оның көлденең профилінің пішіні асимметриялық: беткейлері, басым желдерге қарсы айналған (жел жақ), жайпақ (5-12 0); қарама-қарсы (ық жақты) беткейлер тіп-тік (28-35 0). Барқандар құмды рельефтің жылжымалы пішіндері болады және баяу жылжыйды жылына 50-60 м жүық.

Барқандар белдемділіктері:

1) Шығарылым белдемділігі

2) Әкету белдемділігі

3) Жинақталу белдемділігі

4) Бейтарап белдемділігі

5) Жел жақ беткейі

6) Түсу беткейі

7) Жота

8) Барқан биіктігі

9) Жел құмды ағынның, құммен шекті қанығу бағыты

Барқанның көлбеу профилі

Эолдық бұлдырлар (рябь) -жел жақты беткейіасимметриялық бұлдырлар белгілері болады. Білікшелер (валики) әдетте доға тәрізді майысқан, олардың жоспарда орналасуы параллельге жуық болып орналасқан. Сулы алаптардың жағалауларында және шөлдер құмдарының құмды түзілімдерінің ашық беттерінде қалыптасады.

Ярдангтар(тюрк. тік жар, тіп-тік тау тізбегі (гряда)-шөлдердегіөзендермен көлдердіңтүзілімдеріндегі басым желдер бойына созылған жіңішке параллель таулар тізбектері және үрлеу жыралары (желоба). Ярдангтар биіктері бірнеше метрлерге жетеді. Ярдангтар Орта Азия шөлдеріне тән болады.

Иранда жел эрозиясының әрекетінен қалыптасқан әлемдегі ең ірі жартастар (ярдангтар) алаңы бар. Саньлуншта елесті рельефі – саяхатшылар үшін сынақ болады.

Эолдық қалалар– жел қүшімен қаланған қалалар, жел таужыныстардың құрам, құрылыс және басқа ерекшеліктерін пайдаланып, ыстық және аяз, жанбыз тамшылары, су бұлақтарын және жаралу жағдайларын қолданып осындай қалаға ұқсас пішіндер қалыптастырады.








Дата добавления: 2017-03-29; просмотров: 2226;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.