Ядролық энергетика нысаналарындағы авария кезінде радиациялық жағдай бағалауын өткізу

Радиобелсенділік жаңа құбылыс деп кейбір адамдар осылай түсінеді: олар осы үғымды АЭС-лар құрылуымен және ядролық қарудың пайда болуымен байланыстырады. Алайда, радиобелсенділік, сондай-ақ осы құбылысқа серіктес болатын иондаушы сәулелену бұрыннан, жер бетінде әлі өмірдің өзі туындамаған кезде де болғанды. Ал радиацияны құбылыс ретінде адамзат осыдан көп болса жүз жыл бұрын ашты. І89б ж. француз ғалымы Анри Беккерель үстел бетінде жатқан бірнеше фотоқағаз үстіне бір минерал қойған, ал оның құрамында уран элементі бар еді; қағаздарды айқындағанда ол минералдың таңбасын көрді. Сәл кейінірек бұл құбылыс жас химик-ғалым Мария Кюри-Склодовскаяны қызықтырды, ол «радиобелсенділік» сөзді бірінші боп атап өтті. Ал неміс физигі Вильгельм Рентген І895 жылы белгілі сәулелерді ашты; олар ғалымның атымен "рентген" сәулелері деп аталып кетті.Ғалымдардың көпшілігі материяның құпясын ашу үшін ғажайып жұмбақты табуға күш салысты. Өкінішке орай, жүмыстардың нәтижесі АҚШ-де және КСРО-да атом бомбаларының пайда болуына әкелді (І945-І947 ж.ж.). Тек 1954 жылы КРСО-да атом электростанциясы тұрғызылған. Үш жыл өткен соң атомдық энергетикалық қондырғысы бар мұзжарғыш "Ленин" кемесі дүние жүзінде бірінші болып су бетіне түсірілді. Бүгінде ядролық қондырғылары бар көптеген нысаналар бүкіл жерде іске қосылып тұр. Олар электр және жылу энергиясын өндіруде, кемелерді және сүңгір қайықтарды жылжытуда, ғылыми мақсатында жұмыс істеуде.

 

 

Ядролық энергетиканың даму тарихы жарты ғасырға жетпей жатып-ақ АЭС-ларында үш ірі авария орын алып өтті, салдары ауыр болды. Біріншісі - І957 ж., екіншісі - І979 ж., үшіншісі-І986 ж. Ал, барлық, түрлі дәрежедегі күрделілігі мен қауіптілігін ескерсе, авариялар мен оқиғалардың саны 150-ден асты; олар 14 мемлекет территориясында болды.1957 жылы қазан айының 8 күнінде Уинскейлде (Ұлы Британия) АЭС-ның реакторларының бірінде сақтандыру жүмыстары кезінде өрт шығып жылу бөлетін элементтері зақым алды. Содан бері реактор түбінде күні бүгінге дейін І700 т ядролық отын жатыр. Атмосфераға радионуклидтер ытқып шықты, құралған бұлттың бір бөлігі Норвегияға, әл екіншісі Венаға қарай жылжып отырды. Атом энергетикасында болған бұл авария тұрғындарға әсер еткендердің біріншісі болды. Оқиғаның болған салдары құпия түрінде жасырылып ұсталды. Тек 30 жыл өткенде ғана кейбір деректер жарияланды.1979 жылы наурыз айының 28 күнінде «Три Майл Айленд» АЭС-ның (Гаррисберг, АҚШ) екінші блогі аварияга үшырады, қоршаған ортаға радиобелсенді заттар шашылды. Ыдырауыш материалдың 100 тоннасы шектелген аймақтың сыртына жайылды; атмосфера ластанды.Чернобыль апаты (1986 ж, 26 сәуір) ғасыр оқиғасы болып саналады; оның әсерін Ресейде, Украинада, Белорусияда, сондай-ақ басқа да мемлекеттерде көрді. 1990 жылғы КСРО жоғары кеңесінің Қаулысының өзінде былай деп айтылған: "Чернобыль АЭС-ндағы авария, оның салдарының бәрін қосып санағанда заманымыздың ең ірі апаты болды, бүкіл халық ауыртпалығы; ол кең аумаққа ораласқан миллиондаған адамдардың тағдырына тиіп өтті". Зарарланған территорияда (11 облыс) 17 млн. адам, соның ішінде 5 жасқа дейінгі балалар тұратын. Тағы халық шаруашылығынан егін алқаптары, жем-шөш өрістері тыс қалғанын, бірталай кәсіпорындар тоқтағанын үмытпау керек. Чернобыль айналасындағы 30 километрлік зонадан ел көшірілді. Шын мәнінде бұл кеңістік қаңырап қалды. Адамдар бір жағынан радиациялық пәленің әсерін сезді, екіншіден үй-жайын тастауға мәжбүр болғанынан зардап тартты. Аварияны жою мақсатында қатысқан адамдардың саны бірнеше жүз мыңдай болса, едәуір үлесіндегілер үшін бұл қатпау оңайға тимеді.Жергілікті радиобелсенді ластануы екі жағдайда орын алады: ядролық оқ-дәрі жарылғанда немесе ядролық қондырғылар авариясы кезінде. Ядролық жарылыста жартылай ыдырау кезеңі қысқа радионуклидтер басымырақ келеді. Сондықтан радиобелсенді бұлттың ізінде радиация деңгейі тез арада төмендей береді. АЭС авариясына тән келетіні, біріншіден, жер мен атмосфера жеңіл ұшқыш радионуклидтермен (иод, цезий, стронций) ластанады, ал екіншіден, цезий мен стронцийдің жартылай ыдырау кезеңі ұзақ - 30 жыл. Сондықтан, радиация деңгейінің күрт төмендеуі байқалмайды.

 








Дата добавления: 2017-06-02; просмотров: 647;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.