Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурс.

Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар. Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, сондай-ақ тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн, өз өкiлеттiгiн доғарған және ұсынылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, мәслихат депутаттарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасуға құқығы бар. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер мен тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн Парламент депутаттарының, мәслихат депутаттарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде жынысына, нәсiлiне, қай ұлтқа жататынына, тiлiне, әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге қатынасына, сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай қандай да болсын тiкелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берiлмейдi.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымдарға орналасуға арналған кадрлар резервiн уәкiлеттi орган мен оның аймақтық бөлiмшелерi қалыптастырады. Кадрлар резервi: конкурстық iрiктеуге қатысқан және конкурстық комиссия кадрлар резервiне тiркеу үшiн ұсынған азаматтардан; мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау мен қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша мемлекеттiк тапсырыс негізiнде оқудан өткен азаматтар; мемлекеттiк органдар кәсiби деңгейiн көтеру мақсатында халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтардан; аттестаттаудан өткен және аттестаттау комиссиясы кадрлар резервіне есепке алуға ұсынған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерден жасақталады. Кадрлар резервiне тiркелген азаматтар бiр жыл iшiнде конкурстан өтпестен мемлекеттiк органдардағы тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға тағайындалуы мүмкiн. Кадрлар резервiн қалыптастыру және олармен жұмысты ұйымдастыру тәртiбi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резервi туралы ережемен реттеледi.

Бақылау сұрақтары:

1 Мемлекеттiк қызметке кiрудiң қандай тәртiбi, ережесi бар?

2 Конкурс пен тағайындау арасындағы айырмашылық неде?

3 Мемлекеттiк қызметтiң неше түрi бар?








Дата добавления: 2017-04-20; просмотров: 977;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.