Электр желіге тікелей қосу.

Электр желіге тікелей қосу ең жеңіл және ең арзан (жіберу аппаратураның жоқтығынан) асинхронды қозғалтқыштың орнынан жіберу әдісі. Қазіргі уақытта осы жіберу әдісі ең кең қолданады. Бірақ та, бұл жағдайда токтың ырғуы үлкен болады да (6-7 ) желінің жұмысына кедергі жасайды (кернеу төмендейді).

 

7.7.2 Желінің кернеуін төмендету арқылы асинхронды қозғалтқышты орнынан жіберу:

а) статордың орамасын «жұлдызша» қосу сұлбасынан «ұшбұрыш» қосу сұлбасына ауыстыру арқылы қозғалтқышты орнынан жіберу.

 

Жіберген кезде аударғы 2 «У» қалпында тұрады да статордың орамасы «жұлдызша» сұлба бойынша қосылады. Бұл жағдайда статордың фазалы кернеуі үш есе төмендейді. Сондықтан, жіберу ток электр желіге тік қосқанға қарағанда үш есе азаяды. Ротордың айналу жиілігі номиналға жақындағанда аударғышты «Д» қалпына ауыстырады, яғни «ұшбұрыш» қосу сұлбаға келтіреді. Көрсетілген әдістің кемшілігі фазалы кернеуді үш есе төмендеуі жіберу иінкүшті -ке төмендетеді, себебі ол кернеудің квадратына пропорционалды.

7.8-сурет. АҚ-ты «жұлдызша» сұлбадан «ұшбұрыш» сұлбаға ауыстыру арқылы орнынан жіберу;

 

б) реактор (реактивтік кедергі) арқылы қозғалтқышты орнынан жіберу.

Электр желімен статордың арасына қосылған реактор индуктивтік кедергі арқылы жіберу токты азайтады. Формула көрсетіп тұр: жіберу иінкүш токтың квадратына пропорционалды, яғни төмендейді.

7.9-сурет. АҚ-ты реактор арқылы орнынан жіберу.

Жіберудің тәртібі: Аударғыш А2 ажырап тұрған кезде аударғыш А1-ді бекітеміз. Электр желіден статор орамасына ток реактор Р арқылы өтеді. Статорға жететін кернеу , мұнда - реактордың индуктивтік кедергісі. Ротор айналғаннан кейін ток азаяды. Енді аударғыш А2-ні бекітсек статор желінің толық кернеуіне қосылады (реактор Р тұйықталып қалады).

Көрсетілген әдістің кемшілігі: қозғалтқыштың жіберу иінкүші есе азаяды.

Реактордың индуктивтік кедергісі мына формула арқылы табылады

мұнда - реактор арқылы жібергенде статордың жіберу тоғы; .

 








Дата добавления: 2017-01-29; просмотров: 1362;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.