Бастапқы дайындамалар

Бастапқы материалдар

1.1

Соғуды және ыстықтай көлемдік қалыптауды қолданып алған соғылманың белгілеуіне, жауаптылығына, габариттік өлшеміне және жұмыс істеу шартына байланысты келесі деформацияланатын металдар мен қорытпалар қолданылады:

Дағдылы сапасы бар көміртекті болаттар;

Сапалы құрылымдық көміртекті болаттар;

Қоспаланған құрылымдық болаттар;

Жоғары қоспалы, тотқа тұрақты, отқа шыдамды және төзімді болаттар мен қорытпалар;

Түсті қорытпалар (алюминий, магний, титан, мыс және басқалар).

Осы заманға машинажасау таза металдардан (молибден, вольфрам, ниобий, кобальт және т.б.) жасалған соғылмаларға мұқтажданады.

Таза металдарда ең жоғарғы илемділік қасиеті бар. Осыған сәйкесті қоспалау элементтерінің және қоспаның мөлшерін көбейту қорытпалардың илемділік қасиетін азайтуға алып келеді.

Осы себептен жоғарғы көміртегілі болатты және жоғары қоспалы болатты қалыптау арнайы режимді қолдануды талап етеді.

Соғылманы жасауға қолданылатын ең көп таралған болаттардың таңбасы, олардың механикалық қасиеті және жуықты белгілеуі оқулықтарда келтірілген [1, 6].

Болаттың таңбасын таңдағанда экономикалық болжауды ескеру керек. Сөйтіп болаттың сапасы жоғары болған сайын қоспалаушы элементтің мөлшері көп болады. Бұндай жағдайда таңдалған қорытпаның бағасы жоғары болады. Жоғары беріктікті және қоспаланған болатты қолдану ауыр күштер түсетін және жауапты тетіктер үшін пайдалы.

 

Бастапқы дайындамалар

Соққанда және қалыптағанда дайындама ретінде келесі болаттан жасалған илемнің түрлері қолданылады:

Құймакесек. Сұйық болатты немесе қорытпаны сауытқорамға құйып құймекесекті алады. Оны ірі соғылманы жасау үшін қолданады.

Жаншылған кеспелтек (блюм). Жаншылған кеспелтекті жаншитын илемдеу орнағанда құймакесектен алады. Ол ірі қалыпталған соғылманы жасау үшін қолданылады. Кеспелтектің көлденең қимасы қабырғасында ойыс бар және бұрыштары дөңгелектелген квадрат. Квадраттың қабырғасы өлшемінен мм дейін, ал кеспелтектің ұзындығы 1-ден 6-м дейін өзгереді.

Сұрыпталған илем. Осы илем қалыпталатын соғылманың көпшілігі үшін дайындама болады. Шыбықтың ұзындығы 2-ден 6-м дейін. Көлденең қимасы дөңгелек немесе квадратты. Осы дөңгелек көлденең қима әдеттегі дәлдікпен (диаметрлері өлшемінен мм дейін) және жоғарғы дәлдікпен (диаметрлері өлшемінен мм дейін) жасалынады. Квадратты көлденең қима әдеттегі және жоғарғы дәлдікпен (қабырғалары 5-тен 250 мм дейін) илемдеу орнағанда алынады.

Мөлшерленген болат (сымдаумен өңделген). Дөңгелек көлденең қимасы бар шыбық мынандай өлшеммен жасалынады: 2-5-ші кластар бойынша дәлдікпен диаметрі 3÷30 мм; 3-5 кластар бойынша дәлдікпен диаметрі 31÷65 мм; 4-5-ші кластар бойынша дәлдікпен диаметрі 67÷100 мм. Мөлшерленген болат қалыптаушы автоматта қалыптанған кезде дайындама ретінде қолданылады. Бұдан басқа, жаппай өндірісте көлемдік қалыптау үшін периодты илем және арнайы пішінді илем қолданылады.

Қалыптауға қолданылатын илемделген болаттағы ақауларды (жегіде, жарық, тілік, қабаттану, тырнақіз, сызықіз, қылшық, қылау, бетақауы) тауып, содан кейін алып тастау керек (көбінесе газжалындық өңдеуді, пневматикалық тоқпақпен шағуды және қажақ құралмен қайрауды қолданады). Болаттық дайындамада беттік ақауларды алып тастау үшін бакалитті байланыстары бар, түйіршіктігі 12÷60 болатын электкорунды ажарлау дөңгелектері қолданылады. Ажарлау дөңгелектерінің айналу жылдамдығы 30÷50 м/с болады.

Ақаулардың саны көп болған жағдайда, бастапқы металдың түрі және пішініне байланысты, сыдыра-ажарлайтын, жоңғылайтын немесе сүргілейтін білдектерде сыдыруды жүргізеді. Егер көміртекті сапалы құрылымдық болаттардан жасалған илемде ақаулардың тереңдігі үлкен болса онда металды жарамсыз деп санап кайтадан балқытуға жібереді.

Илемнің бетін жегіде және отқабыршықтан шыққан заттан тазалауды механикалық және химиялық (уландыру) тәсілдерімен жүргізуге болады. Механикалық тазалауды қолданбай металдың бетін уландыру отқабыршықты сенімді жоюды қамтамасыз етпейді. Сондықтан алдын ала механикалық өңдеуді (бетті тазартуды) қолданады, яғни сыдыру, ажарлау, металл қылшығымен тазалау, бытыратазартқышпен тазалау.

Тазалау тәсілін таңдау бастапқы металдың түрінен (соғылма, илем, құйма), оның белгіленуінен, металл таңбасынан, ақау түрінен және оның даму дәрежесінен, дайындаманың көлденең қимасының өлшемінен тәуелді болады. Экономикалық көрсеткіштер бойынша пневматикалық тоқпақпен тазалау ажарлау дөңгелегімен тазалауға қарағанда 2,5 – 3 есе арзан. Қыздырусыз қолмен газжалындық тазалау пневматикалық тоқпакпен өңдеп тазалауға қарағанда 30÷40 % арзан, ал қыздырып тазалағанда жуықты бірдей болады.

Ашық қалыпта қалыптау үшін қолданылатын ыстық илемделген шыбықтар, кейбір өндірісте диаметр бойынша дәлдікті жоғарлату үшін және көміртексізденген қабатты алып тастау мақсатында жону білдегінде жонуға тартылады.

Ақауларды алмаған жағдайда беттік ақаудың бар болуы соғылманың материалында жарықтың пайда болуына алып келеді.








Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 970;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.