Пәрмен беру, командалық әдістемені меңгеру

Қозғалысты тоқтату үшін «ТОҚТА» командасы беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов - Тоқта».

Оң немесе сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін орындалатын команда бойынша тағы бір адым жасау және аяқты жерге қоя отырып, саптық калыпты қабылдау керек.

Қозғалыс жылдамдығын өзгерту үшін мынадай командалар беріледі: «КЕҢ АДЫМ», «ҚЫСҚА АДЫМ», «ЖИІ АДЫМ», «СИРЕК АДЫМ», «ЖАРТЫ АДЫМ», «ТОЛЫҚ АДЫМ».

Жеке әскери қызметшілердің орнын жанына бірнеше адымға ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімбеков. Екі адым оңға (солға), адым - БАС».

Осы команда бойынша әр адымнан кейін аяқты жерге қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.

Бірнеше адымға алға немесе артқа ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: «Екі адым алға (артқа), адым — БАС».

Осы команда бойынша екі адым алға (артқа) жасау және аяқты жерге қою керек.

Оңға, солға және артқа ауыстырған кезде қолмен қозғалыс жасалмайды.

Қозғалыста бұрылулар мынадай командалар бойынша орындалады: «Оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Артқа бұрыла - БАС».

Оңға (солға) бұрылу үшін орындалатын команда оң (сол) аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасап, сол (оң) аяқтың ұшымен бұрылу керек, бұрылумен бір уақытта оң (сол) аяқты алға созу және қозғалысты жаңа бағытта жалғастыру керек.

Артқа бұрылу үшін орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі, осы команда бойынша сол аяқпен тағы бір адым жасап, оң аяқты алға қарай жарты адым шығару және біршама солға, сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрыла отырып, қозғалысты сол аяқпен кері бағытта жалғастыру керек.

Бұрылулар кезінде қолмен қозғалыс адым ырғағымен жасалады.

Жүгіре қозғалыс жасау кезінде оңға және солға бұрылулар адыммен қозғалыс жасау кезіндегі командалар бойынша жүгіру ырғағында екі деп санағанда бір орында бұрылумен орындалады. Жүгіру кезінде артқа бұрылу бір орында жүгіру ырғағымен төрт деп санағанда сол қол жаққа қарай жасалады.

Бақылау сұрақтары:

1. Бір орында бұрылыстар.

2. Саптық адым.

3. Қозғалыста бұрылыс іс-қимылдары

4. Ізет білдіру (бір орында тұрып).

5. Қозғалыста сәлемдесу ережелері.

№ 5. Лекция сабағының тақырыбы: " Саптық тәсілдер және қарумен қозғалыс жасау."

Жоспары:

1 Қарумен саптық тұрыс тәсілдерді қарумен орында тұрып орындау

2 Қарумен жасалатын бұрылыстар және қозғалыстар

Сабақтың мақсаты:Студенттердің қарумен саптық қалыпты дағдысын қалыптастыру.

Қысқаша мәтіні: Қарумен саптық қалып қарусыз сияқты тәсілдерді орындау.

Арумен саптық тұрыс тәсілдерді қарумен орында тұрып орындау.

Қарумен саптық тәсілдерді оқыту қарусыз күйіндегі әдістермен жүргізіледі. Осыған орай, әр сабақтың басында бөлімше командирі қаруды түгендеп, олардың оқталу, оқталмауын тексеруі міндетті.

Қарумен саптық тәсілдерді орындаудың алдында, ол алдын–ала (яғни, қару) тежегішке қойылады.








Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 2124;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.