Тақырып 37. Автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысы

Жолаушы тасымалын тиімді ұйымдастыру және қалалық жол қатынастарында жолаушыларға жоғарғы дәрежеде қызмет көрсету үшін қала және аудан орталықтарында заманға лайық құрал-жабдықтармен жабдықталған автовокзалдар мен автостанцияларды оңтайлы жерге дер кезінде салудың, оның технологиялық жұмыс үрдісін жүйелі ұйымдастыра білудің маңыздылығы өте зор.

Автовокзалдар мен жолаушы автостанциялары біртұтас көліктік кешенде жұмыс істей отырып жолуашыларды тасымалдау, басқару қызметтерін атқарады. Оларға жол билетін толтыру, сату және жолақысын жинау, автобустардың кезекті жол сапарына шығуы мен келуін, барлық маршруттардың үздіксіз жүруін қадағалау, сонымен қатар жүргізушілер мен кондукторлардың және жолаушылардың демалысын ұйымдастыру жұмыстары жатады.

Автовокзалдардың ғимараттық және аумақтық кешені:

- жолаушылар мен қызметкерлерге арналған ғимарат (автовокзал);

- жол сапарына шығатын және келетін автобустардың ыңғайлы орналасуына жолаушылардың

мінгізіп, түсіруге, оқшауланған аумақтар;

- жол сапардан келген автобустарды тазалауға, жууға, техникалық бақылауға және шағын жөндеу

жұмыстарын жасауға арналаған арнайы орындар;

- материалдарды, жанармай мен әртүрлі заттарды сақтайтын қоймалар тұратын шаруашылық

аймақтары;

- жолаушылардың қалаішілік көлікке отыруына арнайы автобус аялдамалары және такси

тұрақтары орналысатын арнайы вокзал алды алаңдары.

 

Қалааралық және халықаралық жолаушы тасымалдарына арналған автовокзалдар бір сағатта қабылдап-жөнелте алатын автобус санына байланысты 4 класқа бөлінеді:

I класс- 20 автобустан жоғары;

II класс - 11-20 автобус;

III класс- 7-10 автобус;

IV класс - 6 автобусқа дейін.

Қалааралық және халықаралық автовокзалдарда болуы тиіс қызмет түрлері мен қызмет көрсету нысандары және жабдықтары:

- жолаушы ағынын билетпен өз уақытында қамтамасыз етіп үлгеретін билет кассалары;

- күту залдары;

- кәдімгі және автоматтандырылған анықтама орындары;

- жүк сақтау қоймасы;

- демалыс бөлмелері мен қонақ үйлер;

- дәмханалар мен мейрамханалар;

- қалааралық және халықаралық байланыс жүйесі;

- тұрмыстық және жеке басының қажеттіліктерін өтуге арналған қажетті қызмет түрлері;

- қызметкерлердің, жүргізушілердің демалуына арналған орындар;

- диспетчерлік байланыс орталықтары;

- ішкі телефон байланысы мен жолаушыларға хабарлама жасауға арналған дыбыс күшейткіш

құралдар;

- дәрігерлік көмек көрсету орыны мен дәріхана;

- қауіпсіздік пен тәртіпті бақылаушы милиция қызметкерінің бекеті;

- автобустардың жүріс кестесі мен маршруттардың схемасы, жол ақысы көрсетілген ақпараттық

жазбалар;

- автобустарды пайдалану тәртібі мен жол жүру ережелері жазылған нұсқаулар;

 

Автоматтандырылған басқару жүйесінің анықтамалық құрылғысы арқылы жол бағыты бойынша автобустың жүру уақытын, бос орын санын және жол жүру құны мен тосу құнын, сонымен қатар қажетті аялдамаға жету уақытын білуге болады. Қазір интернет жүйесі арқылы билетті сатып алу жүйесі енгізілу үстінде.

Жол сапарға шығатын автобусты кезекші бақылаушы тексереді. Ол автобустың ақпараттық жапсырмасына, ішкі-сыртқа тазалығына және жүргізушінің құжаттық анықтамасына, көліктің техникалық жағдайына тексеріс жүргізіп, болған соң автобустың жол жүру парақшасын толтыруына рұқсат береді, диспетчерге баяндайды. Диспетчер келген автобусты тіркеп, билеттерді сату параған ашып, кассаға жөнелтеді. Кассир орын санына сәйкес билетті сатып, билеттік тізім парағын жабады. Автобустың жүруін хабарлап, жолаушылар билеттері бойынша отырып жол сапарына жөнелтіледі.








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2478;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.