Л және ЛН типті газлифтілі қондырғының техникалық сипаттамасы

Пайдалану бағанасының шартты 146,168

СКҚ-ның шартты диаметрі 60, 73, 89

Жұмысшы қысым 21, 35

Ұңғымалық жабдықтың максималды түсірілу тереңдігі 3500 м

Жұмысшы ортаның температурасы 100-1200С

Газлифтілі клапандар – газлифтілі өндіріс кезінде құбыр сыртындағы кеңістіктен көтергіш құбырлар бағанасына айдалатын газдың кіруін автоматты түрде реттеп отырады.

Клапандардың шартты белгіленуінде:

Г – сильфон типті газлифтілі клапан

Р – жұмысшы газлифтілі клапан

П – іске қосушы

Г типті газлифтілі клапан зарядтауға арналған құрылғыдан, сильфонды камерадан, шток жұбынан – седлодан, кері клапан мен ұңғымалық камерада клапанды бекітетін құралдан тұрады.

2Г-25-21.

Ұңғымалық камералар – ұңғыманы газлифтілі немесе фонтанды пайдалану кезінде газлифтілі клапандарды, тұйық немесе айналымды тығындарды орнату үшін арналған.

Мысалы, КТ-73-21. К типті камера наконечниктерден, рубашка мен карманнан тұрады. Клапанды карманда тығындау үшін d1 және d2 орнату беттері қарастырылған. Камера карманында қайта жіберу саңылаулары бар, осы саңылаулар арқылы газ газлифтілі клапанға түседі және оны ашып, көтергіш құбырлардағы сұйықтықты газдайды.

Жұмыстық агенттің ұңғыға берілуі бойынша газлифт компрессорлы және компрессорсыз болып бөлінеді. Жоғары қысымды газдың көзі ретінде жоғары қысымды газ мұнай өндіретін ұңғыдағы қабаттан алынатын болса, онда газлифт ішкіұңғылы компрессорсыз болып табылады (1.19-сурет).

1.19-сурет. Компрессорсыз лифт кезіндегі қондырғының сұлбасы

 

Ұңғыдағы (1) газ үлкен қысымда (15-20 МПа) тазарту орнына (құрғату) (2) жеткізіледі де, сонан соң ол гидроциклонды сепаратор және конденсат жинағыш арқылы өтеді. Тазарту пунктінен кейін газ жалынсыз қыздырғыштарға (3) түседі де, ары қарай газ үлестіргіш батареяға (4) беріледі. Газ 80-90 0С градусқа дейін қыздырылады. Газды қыздыру – тасымалдау және редуциялау кезіндегі гидрат құрылуынан сақтайтын өте тиімді әдіс. Батареядан кейін газ реттеуші штуцер (5) арқылы пайдаланушы мұнай ұңғыларына (6) бағытталады. Сұйық көтерілген соң газ газайырғышқа (7) түсіп тазаланып, сонан соң отын желілеріне және газ - бензин зауыттарына бағытталады. Газайырғаштардан алынған сұйықты ыдысқа (8) жібереді.

Мұнайды компрессорлы әдіспен өндірген кезде қондырғының жалпы үлгісі 1.20-суретте көрсетілген (пунктирмен компрессорлы станцияның қондырғысы көрсетілген).

1.20-сурет. Ұңғыларға газды дайындаудың және берілуінің үлгісі

 

Газ құбыры (3) арқылы түсетін газ компрессор станциясындағы газ дайындайтын торабқа (4) келіп түседі, бұл жерде газ механикалық қоспалардан, ылғалдан тазартылып қажетті бастапқы қысымды алады. Одан кейін газдың бір бөлігі қысым реттеушіден (5) компрессор қозғалтқышына түседі (әдетте, 8 ГК немесе 10 ГК). Газдың негізгі бөлігі компрессордың (6) бірінші сатысының цилиндріне барады. Бірінші сатыда сығылған газ майбөлгіштерге (7) және тоңазытқыштарға (8) түседі, ол жерден ылғалды бөліп алуға арналған сепаратор (9) арқылы екінші сатыдағы сығу цилиндріне түседі. Бұдан кейін газ тағы да бірінші сатыдағыдай өңдеуден өтеді. Бөлінген ылғал конденсатқа арналған ыдысқа (10) түседі де, ары қарай сораптық бөлмеге (11) түседі. Екінші сатыда сығылғаннан кейін тазартылған газ компрессор станциясының (12) үлестіру аймағына түседі, ол жерде оның қысымы мен мөлшері тіркеледі. Компрессор станциясының аумағында суды салқындату жүйесі болады (13) (әдетте бұл градирня). Газды және қозалтқышты суыту үшін су өте көп мөлшерде қолданылады. Одан басқа компрессор үлкен май қорын қажет етеді (2), бұл жерде компрессорды майлап жағуға жұмсалынатын май сақталып тазартылады. Қуаты үлкен компрессорларды іске қосу үшін алдын ала сығылған ауа керек, ол қосалқы компрессорлардан (1) келеді. Компрессордан кейін газ кәсіпшілік торапқа түседі, ары қарай қажеттіліктерге байланысты қыздырғыштардан (14), ылғалбөлгіштерден (15), газүлестіруші батареядан өтіп пайдалану ұңғыларына (17) жіберіледі.

Барлық белгілі газлифтті клапандарды келесі түрде классификациялуға болады:

- қызметі бойынша – іске қосатын және жұмыстық;

- басқару принципі бойынша – айдалатын газдың қысымымен басқарылатындар;

- көтергіш құбырларда сұйық-газды қоспаның қысымымен басқаралатындар және де құбырмен құбыр сыртындағы қысыммен түсіріп-көтерілу арқылы басқарылу;

- тізбекте көтергіш құбырлардың орналасуына байланысты – эксцентрлі және орталықта орналасқан;

- клапанның сезімтал элементінің типіне байланысты – сильфонды, серпімді, мембранды және комбинацияланған;

- қондыру тәсілі бойынша – стационарлы және шешімді.

Клапандарға қажетті маңызды талаптар мынадай: олардың сипаттамаларының тұрақтылығы және ұзақ уақыт бойы пайдалану кезіндегі беріктілігін сақтау. Газлифтті клапандар габаритінің шағын болуы және де қоршаған ортаның аггресивттілігі бұл клапандардың жасалу мәселесін шамадан тыс қиындатады. Клапандардың конструктивтік және технологиялық қасиеттерінің ерекшеліктеріне қарамастан клапандардың істен шығуы салыстырмалы түрде жиі болып келеді. Қарапайым конструкциялы клапанды ауыстыру үшін СКҚ тізбегі жоғары көтеріліп қайтадан түсірілуі қажет, бұл өте қиын және көп жұмыс пен уақытты талап етеді, әрі операция қымбатқа түседі және ұңғының жұмысын тоқтатуды қажет етеді.

Бұл қиындықты жеңу үшін клапандардың жаңа конструкциясы ұсынылды. Онда СКҚ тізбегінің көтерілуінсіз арнайы сыммен лебедка арқылы клапандарды ауыстыру үшін СКҚ ішінде көтеріп-түсіретін арнайы қондырғы жасалынды. Осымен бірге клапандарды отырғызылған ұядан шешу мүмкіндігі немесе осы ұяға СКҚ тізбегінің осінен салыстырмалы түрде эксцентрикалық ауытқып кеткен құрылғыларды клапандық камераға орналастырылуы қамтамасыз етіледі.

Клапанды автоматты басқару СКҚ-да құбыр сырты мен газды құбыр арасынан СКҚ-ға жеткізетін камера арасындағы қысымның көтеріп-түсуі арқылы жүзеге асырылады. Клапандарда оларды басқаратын тиекті құрылғылар және жүйе болады. Тиекті құрылғы ретінде тарелкалы немесе конусты клапан, ал кейде формасы шарикті болуы мүмкін. Басқару жүйесінің сильфонды, серпімді немесе осы екі түрі араласқан жетегі болады. Басқару жүйесі жоғары жақта клапанның ұңғыда анықталған жұмыс режиміне орайластырып түзетіледі. Түзету кезінде СКҚ-ға орнатылған клапандар аралығы, көтерілетін сұйықтың қасиеттері, ұңғының ішіндегі температура мәні (осы температураға сильфонды толтыратын газдың сығылу күші тәуелді) ескеріледі. Ең қарапайым түрдегі сильфонды клапанның үлгісі 1.21-суретте көрсетілген.

Сурет 1.21 Іске қосқыш сильфонды клапан үлгісі

 

Клапан көтергіш құбырға (1) бекітіледі. Сильфонда (2) газ анықтамалы жоғарлатылған қысымда болады. Сильфон мен клапан арасындағы камера құбыр сыртындағы кеңістікпен арнайы тесік (4) арқылы байланысады. Сильфон клапанмен (5) шток (3) арқылы қосылған. Құбыр сыртындағы сұйық клапанға сорылып және соған сәйкес газ қысымының өсуі кезінде сильфон ішіндегі газ сығылып клапанды ашады.

 








Дата добавления: 2016-05-16; просмотров: 1639;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.