Сұйықтың тығыздығы мен тұтқырлығын анықтау.

Сұйықтың тығыздығын ареометрдің көмегімен өлшеу сұйыққа ендірілген денеге (ареометрге) әсер етуші итеріп шығарғыш күшті анықтауда негізделген. Итеріп шығарылған сұйықтың көлемі мен сұйыққа ендірілген ареометрдің массасы бойынша зерттелетін сұйықтың тығыздығы анықталады. Практикада массасы тұрақты болып табылатын ареометрлер және көлемі тұрақты ареометрлер кездеседі. Егер массасы тұрақты ареометрдің шкаласы тығыздық бірліктерімен градуирленген болса, бұндай ареометр денсиметр деп аталады. Қант ерітіндісінің тығыздығын анықтауға арналған денсиметр сахариметр деп аталады, сүттің тығыздығын анықтауға арналған денсиметр лактоденсиметр (лактометр) деп аталады. Спирттің тығыздығын анықтауға арналған денсиметрді спиртометр дейді.

Тұтқырлық сұйықтың көрші жатқан қабаттарының бір-біріне қатысты қозғалысы кезінде білінетін физикалық қасиеті болып табылады. Тұтқырлықты өлшеу үшін Пуазейль заңы көмегімен капиллярлардағы ламинарлық ағын үшін тұтқырлық коэффициенті анықталады (динамикалық тұтқырлық). Динамикалық тұтқырлықтың тығыздыққа қатынасын кинематикалық тұтқырлық деп атайды. Тұтқырлық вискозиметрдің көмегімен өлшенеді.

Кондуктометриялық зерттеу әдістері.Тағам өнімдерінің сапасын автоматты түрде бақылау мүмкіндігі болу үшін заттардың әр түрлі еріткіштердегі электр тогын өткізу қабілетін (электр өткізгіштігін) зерттейді.

Кондуктометриялық әдістің 2 түрі кездеседі.

1. Ерітіндідегі заттың сандық мөлшерін анықтау үшін ерітіндінің электр өткізгіштігі мен оның концентрациясы арасындағы тәуелділік пайдаланылады;

2. Электр өткізгіштікті өлшеу жүйеде (ерітіндіде) өтетін химиялық процестерді бақылау үшін қолданылады.

Кондуктометриялық әдіс технохимиялық бақылауда төмендегі екі түрде қолданылады: тура кондуктометрия түрінде және колориметриялық титрлеу түрінде.

Колориметриялық әдіс жоғары дәлдікпен өлшеу мүмкіндігін ьереді. Сондықтан бұл әдісті сүт, ет және т.б. тамақ өнеркәсібі салаларында тағам өнімдерінің сапасын бақылаудың және технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінде қолдануға болады. Колориметриялық титрлеу үшін тұнбаға түсіру, бейтараптау (нейтрализация), комплекстүзеу (комплексообразование) және т.б. реакцияларді қолдануға болады. Бұл реакциялардың барысында эквиваленттік нүктеге жеткеннен кейін ерітінділердің электр өткізгіштігі елеулі түрде өзгереді. Эквиваленттік нүкте графикалық әдіспен анықталады.

Кондуктометрияның тағы бір түрі болып хронокондуктометриялық титрлеу әдісі табылады. Бұл әдісте жұмыстық титрленген ерітінді титрлеу жүргізілетін ыдысқа біртіндеп құйылады және электр өткізгіштік пен уақыт арасындағы тәуелділік график түрінде тіркеледі. Графиктердегі сызықтардың сынған нүктелері эквиваленттік нүктелерді көрсетеді.

Рефрактометриялық зерттеу әдістері.Рефрактометриялық зерттеу әдістері тамақ өнеркәсібінде әр түрлі технологиялық процестерді және тағам өнімдерінің сапасын бақылау үшін қолданылады. Рефракция немесе сызық сындыру құбылысы бір ортадан екінші ортаға көшу кезінде орын алады. Сыну коэффициентін өлшеу екі компонетті ерітінділердің концентрациясын тікелей табуға мүмкіндік береді. Бұл үшін есептік формулалар немесе графиктер қолданылады. Ерітіндінің сыну коэффициенті мен онда ерітілген заттардың концентрациясы арасындағы тәуелділік анықталады. Салыстырмалы сыну коэффициентін өлшеу үшін рефрактоматрлер қолданылады.

Жарық интерференциясы –жарық сәулелерінің бірінің үстіне бірі түсуі кезінде олардың кейбіреуі бір-бірін басады (күшін төмендетеді), ал кейбіреуі бір-біріне күш береді (көтереді). Жарық интерференциясымен байланысты өлшеу үшін интерферометрлер қолданылады. Интерферометрлер тамақ өнімдерінде ферменттік препараттардың активтігін анықтау үшін қолданылады.

 








Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 9692;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.