Дәріс тақырыбы. Полистиролды бетондар

Дәрістің мақсаты: Білім алушыларға полистиролды бетондар туралы жалпылама мәлімет беру

Негізгі терминдер: полистиролбетон, жылу және дауыс оқшаулағыш қабырғалар, шатырлар, едендер, плиталар

1.ПБ қолданылуы

2.ПБ артықшылығы

3.ПБ кемшілігі

4.Полистиролдыбетонның жалпы құрылымы мен бұйым түрлері

5.Өндіру жалпылама блок-схемасы

6.Полистиролдыбетонның негізгі техникалық сипаттамалары

Полистиролбетон — бұл құрамына портландцемент, көбіктенген түйіршікті полистиролдың кеуекті толтырғыштары, су, және де суда еритін толтырғыштары бар, композициялық материал болып саналатын жеңіл бетондардың бір түрі. Қажет болған жағдайда полистиролбетонның тығыз құрамын алу үшін, оның құрамына минералды толтырғыштарды (құм) қосулуы мүмкін. Өнімнің құрамында полистиролды түйіршіктер мен бетондар бар,жылуоқшаулағыш материалдардың үйлесуінің арқасында, құрылыс материалдарына қажетті қасиеттерді алуға болады: шіруге төзімділігі, сутепкіштігі, жылуоқшаулағыш, оттан қорғану, дауысоқшаулағыш, аязғатөзімділігі және т.б.

Полистиролбетондарды құрылыс блоктарын, қасбетті әрлеу панельдерін өңдіруде қолданылады. Олар жақсы конструктивті тығыздыққа ие.Полистиролбетонды блоктар өзіне бетонның (беріктігі),ағаштың (өңдеу жеңілдігі) және көбікполистиролдың (жоғарғы жылу және дауыс оқшаулағыш) қасиеттерін үйлестіреді. Полистиролбетон құрылысты жылу өткізбейтін материал ретінде кеңінен қолданылады.(жылуөткізгіштігі 0,055 — 0,145 Вт/(м•K)). Жылу және дауыс оқшаулағыш қабырғалар, шатырлар, едендер, плиталар Полистиролбетон қолданылады:Қарапайым үй құрылыстарында;тұтас үй құрылыстарында. Жылу және дауыс оқшаулағыш қабырғалар, шатырлар, едендер, плиталар және жабындарда.Полистиролбетонды блоктарды 200 ден-600 кг/м3 тығыздықпен өңдіреді:

D 200-300 – жылытқыш ретінде;

D 350-450 – салмақ түспейтін конструкция ретінде;

D 450-600 – азқабатты құрылыста салмақ түсіретін және қоршау конструкциялар ретінде.








Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 1858;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.