Тыныс алу мүшелерінің ауруларын алдын алу

Тыныс алу жолдары ауруларының біріншілік алдын алуы жедел респираторлық аурулардың алдын алуы болып табылады. Ал ол үшін ағзаны шынықтырып, ағзаның иммунитетін көтеру керек. Шынықтырудың тәсілдері өте көп.

Таза ауа - әрқашан әсер ететін шынықтыру. Жылы болған кезде көп уақыт таза ауада жүру жағымды. Ғылыммен тексерілген, қыс мезгілінде ауада жаз мезгіліне қарағанда оттегі көп және суық қанға оттегінің жақсы сіңуіне қатысады, жылы оның тіндерге берілуіне әсер етеді. Осы себептен шаңғы тепкеннен кейін адам өзін үйде жақсы сезінеді. Тек қана суық және салқын ауа ағзада қозғалыс шақырады. Суық ауа жұту тамырлардан холестеринді шайып, өкпеден дем арқылы шығарады.

Ауа ваннасын жалаңаш түрде немесе ауа жақсы өткізетін киімде қабылдайды. Сезіну бойынша ауа ваннасын бөледі: суық (0-80), сәл суық (9-160), салқын (17-200), индифферентік (21-240).

Медицина ғылымының кандидаты В.Н.Сергеевтің шынықтыру кестесін мысалға келтірейік. Ең алғашта ваннаны 5-8 минут 18-200 қабылдау керек. Ауа ваннасын 1 минутқа әр 3-4 күнде созады, сөйтіп оны 10-15 минутке жеткізу керек. 2-3 жұмадан кейін ақырындап салқын ваннаға ауысады, мысалы ашық терезенің алдында тұрып. Егер температура 10-140 төмен болса, шынықпаған адамға 2-3 минуттен көп туруға болмайды. Бірақ бұндай қысқа уақытта ағзада биологиялық қозғалыстар болмайды, сондықтан ем шара мақсатына жетпейді.

Ауа душы – бұл шынықтыру тәсілінің әсері ауаның қозғалысына байланысты. Егерде ауа қозғалыссыз болса, жылу беру минутына 0,85 килокалорий болады. Секундына 0,5 метр жылдамдықта жылу беру екі есе көбейеді, секундына 2 метр жылдамдықта – 3,2 рет, 10 метр жылдамдықта – 6,5 рет және т.с.с. Ауаның тез жылдам қозғалысында ағза бұған қорғаныш серпілісін беруге үлгермейді. Сондықтан жуынғаннан кейін жел бар жерде отыруға болмайды. Желдетуге ақырындап үйрену керек.

Шынықтыру демі – тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартады. Бұл үшін мынындай жаттығулар жасау керек:

1. 10 дем алып, кезекпен үлкен бармақпен оң және сол танауды жауып, ауаны шығарады (4-6 секундтан);

2. дем жұтқан кезде мұрынның қанаттарын жауып ауаға қарсыласады;

3. демді ауыз арқылы шығармау. Ол үшін тілді жоғары таңдайға көтеріп, демді мұрын арқылы атқарады;

4. жәй дем жұту. Ал дем шығарған кезде мұрын қанаттарын саусақтармен соға отырып, “ба-бо-бу” деп айту керек.

Су процедуралары

Су – ағзаға өте күшті және жанжақты әсер етеді. Сумен емдеудің негізі оның ұзақтығы емес, судың температурасы болып табылады. Ол үшін келесі ережені орындау керек: неғұрлым су суық, соғұрлым уақыт аз болу керек. Неғұрлым судың температурасы суық, соғұрлым шынықтыру әсері көп болады. Су процедураларының түрлері: ыстық - 400 жоғары, жылы –34-400, орташа – 34-350, салқын –20-330, суық –200 төмен. Барлық сулық жаттығуларды тітіркену туғызбау үшін бөлмелік температурадан бастайды. Су процедураларын жазда немесе күздің басында бастаған дұрыс, көктемде ағза жүдеу болады.

Сүртіну – ең оңай су жаттығуы. Оны тіпті кәрі адамдар мен жағдайы нашар адамдар таңертеңгілік жаттығу ретінде өткізуге болады. Орамалдың шетін сулап, дененің жоғарғы жағын сүртіп, қан және лимфа ағысымен шеттен ортаға қарай сүртеді. Бетті, мойынды, қолды саусақтан иыққа дейін, кеудені, арқаны кепкенше сүртіп және жақсылап ысқылайды. Содан кейін дененің төменгі бөліктерін кепкенше суртіп ысқылайды. Сүртуді 3-5 минут 32-340 сумен бастайды. Әр бір 4-7 күн сайын судың температурасы төмендетіп 16-180 дейін жеткізу керек. Жаттығу денені ысқылап, терісі қызарғанша өтеді.

Су құю– шынықтырудың күрделі түрі. Суды 300 бастап, ақырындап 150 дейін жеткізеді. Су құю 20 секундтан және одан да аз уақытқа қысқартылады. Барлық жаттығу денені уқалау мен бірге 3-4 минут созылады. Суық суды кеудеге, табанға, содан кейін барлық денеге құйяды. Жазда су құюды ашық далада, ал күзде денесі толық шыныққан адамдарға ғана болады.

Табанға су құю – бұл жергілікті шынығу, яғни артық уақыт қажет етпейді. Күнделікті түнге жатар алдындағы аяқ жуудан кейін табанға салқын су құю. Судың алғашқы температурасы 27-280 , шеткелі 100 төмен болмау керек, әр бір 10 күн сайын 1-20 төмендету керек. Табанды құрғағанша сүрту керек.

Таңертең және кешке тамақты суық сумен шаю – бұл мұрын мен жұтқыншақты шынықтыруға ең қолайлы жағдай. Алғашқы судың температурасы 23-280 . Әр апта сайын судың температурасы 1-20 төмендетіп, соңында біртіндеп ағынды судың температурасына дейін жеткізеді. Жиі баспа, тонзиллиттер, бронхиттер және басқа тыныс алу жолдарының ауруларымен сырқаттанатындар тамақты бактерицидті әсері бар шөп бұқтырмаларымен шаяды. Бұрыннан осы мақсатпен қайын сөлін, таңқұрай бұқтырмасын т.б. қолданған. Бастапқы кезде тамақты күніне 3-5 рет шаяды, содан кейін 2 рет (таңертең тамақтан кейін және кешке ұйқы алдында). Кең қолданатын құрам: 1 стакан суға ас тұзын, ас содасын және 1-2 тамшы йод қосып пайдалану.

Сөйтіп, шынығу – бұл қиын процедура емес, ол денсаулыққа көптеген көмек әкеледі, және бұның ең бастысы – жанұядан қымбат дәрі-дәрмектерге шығынын азайтады. Шыныққан ағза тыныс алу мүшелерінің ауруларына қарсы тұралады.

Тыныс алу жолдары ауруларының екіншілік алдын алуы қауіпті мәнбірлерді жойып, ауруды қоздырмай, асқынуларды алдын алу болып табылады. Осы мақсатпен жалпы тәжірибедегі дәрігер науқастарды диспансерлік нұсқау бойынша бақылап, тексеріп, асқынуларға қарсы ем жүргізеді. Көбнесе ол көктем мен күзде антибактериалды, тыныс алу жолдарының қызметін жақсартатын ем шараларын қолдану.

Үшіншілік алдын алу денсаулықты қалпына келтіру –- психологиялық, педогогикалық әлеуметтік іс шаралар кешені, тыныс алу жолдарының қызметін компенсациялауға және нығайтуға, жөнелтілген функцияны қалпына келтіруге бағытталған. Дем алу процессін физиологиялық жағдайға келтіру мақсатымен әр түрлі дем алу жаттығулар өткізген жөн.

ІҮ -ТАРАУ








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 8354;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.