Мейірбикелік кірісу жоспарын енгізу

 

Жоспардың жұмыс істеуіне мынадай қызметтердің жүйелі орындалуын талап етеді:

1. Көзделген іс- әрекеттерді орындау, және оларды тіркеу, үйлестіру.

2. Жоспарланған, бірақ күтім жасалынбағаны туралы тіркеу.

3. Пациентті және оның отбасы мүшелерін көмек көрсету процессіне қатыстыру

4. Емдеу процессіне мейірбикелік күтім жоспарын іске асыру, үйлестіру және интеграциялау. Бұл жұмыстарды жоғары деңгелі білімі бар немесе жоғарғы білімді мейірбикелер орындайды.

Жоспарды енгізуге қойылатын талаптар:

1. Жоспарды үнемі орындау

2. Көзделген іс- әрекеттерді үйлесімді орындау

3. Пациентті және оның жанұя мүшелерін көмек көрсету процессіне қатыстыру

4. Көрсетілген күтімдіерді тіркеу

5. Егер жағдайы өзгерсе, онда жоспарланған күтім орындалмауы мүмкін

6. Алғашқы көмек пациенттік жекелік қасиеттеріне қарай мейірбикелік стандарттар бойынша көрсетіледі.

7. Мейірбикелік манипуляциялар кәсіби қызымет алгоритмдері (стандарттары) бойынша жүзеге асырылады.

8. Мейірбике кірісулері үш түрде өтеді.

 

Мейірбикелік үрдістің бесінші кезеңі –

Мейірбикелік күтімге баға беру

 

Қорытынды баға қоюдың мақсаты мейірбикелік көмектің нәтижесін анықтау.

Мейірбике мағұлматтарды үнемі алып, оны сынап талдайды және сонымен қатар пациенттің көрсетілген күтімдерге деген көз қарасын ескеріп, жаңадан туындайтын мәселелерге назар аударып отырады.

Сондықтан бағалаудың негізгі аспектілерін белгілеуге болады:

- Мақсатқа жету, күтім сапасын анықтау

- Пациенттің мейірбикелік кірісуіне деген әсері

- Пациенттің күтім бойынша қажеттілігін ашудағы жаңа мәселелерді белсенді іздестіру және оларды бағалау

Егер қойылған мақсаттар орындалып мәселелер шешілсе, онда мейірбике өзінің жоспарында берілген мәселе бойынша мақсатқа жеткендігі туралы белгілейді (күні, сағаты, минуты және қолы қойылады).

Егер қойылған мақсаттары орындалмаса, онда себебін анықтап, әрі қарай қайта бағалау жүргізіледі, жаңа жұмыс жоспары құрылады.

 

Бақылау сұрақтыры

1. Мейірбике үрдісінің кезеңдерін атап, оларға сипаттама беріңіз.

2. Пациенттің физиологиялық қажеттіліктерін атап шығыңыз.

3. Мейірбикелік кірісулерге сипаттама беріңіз.

 

ІІ – ТАРАУ

АУРУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

 

Ауру дегеніміз – ол ағзаның зақымдануға қарсы беретін қатысты серпілісі. Ауру тек бір жеке мүшені ғана зақымдамайды, ол тұтас адамға әсер етеді. Аурулардың пайда болуына әкеліп соғатын мәнбірлерді аурудың этиологиясы деп атайды. Олар экзогенді және эндогенді деп екі топқа бөлінеді. Экзогенді түрлері: механикалық, физикалық және жұқпалы мәнбірлер. Механикалық зақымдануға тамырлардың жарақаттанып қансырауға әкеліп соғуы, кеуде қуысының жарақаттанып дем алу дәрісінің бұзылуы, ауырсынуда дамитын шок т.б. жатады. Физикалық мәнбірлер: жоғары немесе төменгі температура, электр тоғы, күн сәулесінің әсері, рентген сәулесі. Химиялық мәнбірлер: тұрмыста немесе кәсіби жұмыс барысында қолданатын әртүрлі химиялық заттардың теріге, ағзаға патологиялық әсер етуі. Жұқпалық мәнбірлер: организмге сырттан келіп түскен бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар бір талай ішкі аурулардың себебі болып табылады. Дұрыс тамақтанбауда ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Бұл жағдайда зат алмасу дәрісі бұзылып семіздік немесе ашығу дамиды. Эндогенді – ішкі этиологиялық мәнбірлер. Кейбір ішкі ағзалардың бұзылуы нәтижесінде болатын улану жағдайларды этиологиялық агенттер ретінде қарауға болады. Витаминдердің жетіспеушілігі де бір қатар ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Ішкі сөлденіс бездер қызметінің бұзылуы аурулардың дамуына себепті болуы ықтимал. Мысалы, ұйқы безі қызметінің бұзылуы қант сусамырының дамуына әсер етеді. Орталық және шеткі жүйке жүйесінің функционалдық және органикалық бұзылуы этиологиялық мәнбірлер рөлін атқаруы мүмкін. Тамырлардың қызметінің және органикалық өзгеруі нәтижесінде қан айналымының бұзылуы көптеген ішкі ағзалар ауруларының себебі болуы мүмкін. Мысалы, жүрек тамырларының өзгеруінен жүрек бұлшық етіндегі зат алмасу дәрісі бұзылып жүрек ауруларының дамуына бейімділік туғызады. Бір қатар ішкі ауруларында нейро-гуморальдық механизмдер арқылы жүзеге асады. Ағзадағы аллергиялық аурулардың дамуына себепші көптеген аллергендер болып келеді. Аллергиялық серпілістердің жылдам және баяу қарқынды дамитын түрлері болады. Жылдам аллергиялық серпіліс аллерген әсер еткеннен соң 15-20 минуттан кейін дамиды. Ал баяу аллергиялық серпілістер аллергеннің әсерінен бірнеше сағат, тәулік өткен соң дами бастайды. Әр аурудың биологиялық даму механизмін патогенез деп атайды. Мысалы, өкпе қабынуында патогенді жұқпаның әсерінен өкпе ұлпасы зақымданып, өкпе альвеоларына сары судың жиналуы. Сөйтіп дем алу дәрісі бұзылады. Ауру ағымын төрт кезеңге бөлуге болады: жасырынды немесе латентті кезең (аурудың белгілері болмайды); бастапқы кезең; аурудың негізгі айқындалу кезеңі; аурудың соңғы кезеңі.

Жалпы адам ағзасындағы сырқат ағымдары жедел (жіті) және созылмалы түрде болып өтеді. Аурудың ағымында ремиссия (науқас жағдайының уақытша оңалуы) және рецидив (аурудың қайталануы) білінеді. Кейбір ауруларда асқынулар дамиды. Әр ауру симптомдарменсипатталады. Симптом – аурудың негізгі клиникалық белгісі, ауру әйгіленісі. Мысалы, лоқсу, құсу асқазан ауруларында, жөтел – тыныс алу мүшелерінің ауруларында кездеседі. Симптомдар субъективтік және объективтік түрге бөлінеді. Субъективтік деп науқастың өзінің сезген сезім шағымдарын айтады, ал объективтік деп дәрігердің науқасты қарағанда анықтаған белгілерін айтады (мысалы, жүрек, бауыр көлемінің үлкеюі, қан қысымының, дене қызуының көтерілуі т.б.) Синдром деп әр патологиялық жағдайға сәйкес келетін бірнеше симптомның жиынын айтады. Мысалы, уыттану синдромына әлсіздену, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, бас айналуы, тамаққа тәбетінің тартпауы жатады. Аурудың нәтижесі жазылу, созылмалы түріне ауысу, мүгедектікке ұшырау немесе өлімге ұшырау. Ағзаның функционалдық жағдайына байланысты мүгедектік 3 топқа бөлінеді. І топ – науқас функционалдық қабілетінен толығымен айырылады. Науқас өзін-өзі күте алмайды. ІІ топ – науқас функционалдық қабілетінен жартылай айырылады, бірақ өзін-өзі күте алып, өздеріне сәйкес тұрмыс істей алады. ІІІ топ - науқас жұмыс жағдайын толығымен істей алмайды, жеңіл жұмыс жасауға рұқсат беріледі. Дерт анықтамасын сырқатқа диагноз қою үшін қолданады (қандай ауру екенін анықтау үшін). Диагноз – аурудың анықтамасы, оны медицина терминологиясымен жазу. Диагноз болжамды, нақтылы (дифференциалды), қорытынды болады. Болжамды диагнозды науқастың шағымдарына, субъективтік, объективтік тексеру мәліметтеріне сүйеніп қояды. Дифференциалды – көп аурулардың белгілері бір біріне ұқсас келеді, сондықтан қосымша тексерістерді жүргізіп, клиникалық белгілерін салыстырып, қай ауруға тән екендігін анықтап сырқат түрін бір - бірінен ажыратады. Қорытынды диагнозды субъективтік, объективтік және қосымша тексеру нәтижелер көрсеткіші бойынша қояды. Егер науқаста бір неше ауру болса, онда ең басты және қосалқы диагноз қойылады. Диагноз қойылған соң науқасқа емханада немесе ауруханада арнаулы емжүргізіледі. Консервативтік ем: дәрі – дәрмектермен емдеу; симптомдық ем – белгілі симптомға ғана жүргізілетін ем; алдын –алу емі. Сырқатты емдеудегі алдын алу шараларының үш түрі болады. Алғашқы (бірінші) алдын алу – ауруды болғызбау үшін көрсетілетін шаралар. Екінші алдын алу – қауіпті мәнбірлерді болдырмау, қайталанып келіп отыратын аурудың алдын алу шаралары. Мысалы, созылмалы ауруларда көктем мен күзде науқастар ауру қозбас үшін алдын алу ретінде ем алып отырады. Үшінші алдын алу (синонимі - реабилитация) – ағзаның қызметін қалпына келтіру, физиологиялық жағдайын жақсарту.








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 3435;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.