Инфекциялық аурулар байқалу себептерін анықтау шараларының ұйымдастырылуы

 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында елді Бүкіл әлемдік сауда ұйымына енгізуге қатысты жұмыстар өткізіліп келеді. Қолданыстағы халықаралық заңға сәйкес экспорттаушы елдегі мониторинглеу жүйесінің титімділігін Бүкіл әлемдік сауда ұйымыне мүше елдер ветеринариялық инфрақұрылымдардың тиімділігін талдау негізінде анықтайды. Талдау жұмыстары жөніндегі мәліметтер экспорттаушы елге ұсынылып көрсетіледі. Қандай да бір ауруды мониторинглеу жүйесінің тиімсіз деп танылуы экспорттаушы ел аумағының аталған ауруға қатысты статусы анықталынбағынан білдіреді, ал ауру жоқтығы дәлелденбеген деп саналады.

Антропозооноздар кезінде эпизоотологиялық-эпидемиологиялық мониторинг өткізіледі.

Эпизоотологиялық-эпидемиологиялық мониторинглеудің басты принциптері келесі міндеттер орындалуын қарастырады:

- мониторинглеуді ұйымдастыру үшін кешендік тұрғыдан келу (медициналык-ветеринариялық);

- бақылауға алынған әрбір нозологиялық форманың эпизоотологиялық, сондай-ақ, эпидемиологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру;

- аурудың статистикалық мониторигі, микробиологиялық және серологиялық мониторингнлеуін құрайтын эпизоотологиялық және эпидемиологиялық ақпараттарды белсенді түрде жүйелі әрі динамикалық тұрғыда жинау, талдау және бағалау;

- ветеринариялық, медициналық және өзге қызығушылық танытатын тараптар арасында үнемі және оперативті түрде ақпарат алмасу;

- барлық қызығушылық танытатын қызметтер мен ведомстволар қабылдайтын барлық басқарымдық шешімдердің кешенділігі.

Үй және ауылшаруашылық жануарларына жұқтырылатын зоонозды-инфекциялары кезінде эпизоотологиялық мониторинглеуді ұйымдастыру ісімен ветеринариялық қызмет айналысады, зооантропоноздар кезіндегі мониторинглеу ісін ветеринария және денсаулықсақтау қызметтері бірлесіп өткізеді, өйткені эпизоотологиялық мониторинглеу эпидемиологиялық зерттеулермен тығыз байланысқан.

Сонымен, инфекциялық аурулардың алуан түрлері кезіндегі эпизоотологиялық мониторингтің өзіндік ерекшеліктері бар, олар кешендік-мақсаттық бағдарламаларды құру кездерінде ескерілетін болады. Мұнымен қатар, эпидемиялық үдерістің түрлі деңгейлерінде эпизоотологиялық мониторинг өткізу қажеттігі ескерілетін болады.

Қазақстан Республикасында жануарлардың инфекциялық ауруларын мониторинглеу ісімен келесі ұйымдар айналысады:

- Ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган – ҚР АШМ Мемлекеттік инспекциялау Комитеті мен оның облыстар мен аудандардағы аумақтық инспекциялардағы бөлімдері;

- ҚР АШМ «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМҚК мен оның облыстар мен аудандардағы филиалдары;

- ҚР АШМ «Ветеринариядағы Ұлттық референттік орталығы» ММ мен оның Алматы қ. филиалы;

- «Республикалық эпизоотияға қарсы бөлім» РМҚК мен оның облыстардағы филиалдары. Инфекциялық аурулардың пайда болу себебін анықтау бойынша эпизоотологиялық мониторинглеу жүйесі төмендегі 38 суретте келтірілген жұмыстардың өткізілуін қарастырады.








Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 1957;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.