Б. 150-мм пайдалану құбыры арқылы фонтандау кезінде.

Ұңғыма өнімі және түптік қысымы өзгеріссіз, тек 150-мм пайдалану құбыры арқылы фонтандау кезінде гидравликалық кедергісі төмендейді және буфердегі қысым жоғарылайды.

Мұнай қозғалысының орташа жылдамдығы

Vн= = 0,226 м/сек.

Рейнольдс параметрі

Re= = 3390.

Режим турбулентті. Гидравликалық кедергі коэффициенті

λ= = 0,041

Буферлік қысым

Рбуф= рзаб - рст –ртр = 375,6 – 244 – ≈131 ат.

150-мм көтергіш құбыр арқылы фонтандаған кездегі ПӘК (штуцердегі энергия шығынын есептемегенде)

η= = 0,999.

Осы мысалдан көрініп тұрғандай, пайдалану құбырлары арқылы ұңғыма фонтандау кезінде гидравликалық кедергі төмендеген кезде буфердегі қысым 11 ат. жоғарылайды, нәтижесінде фонтандаудың мерзімі ұзарады да, ұңғыманың өнімі мен депрессиясының жоғарылауына мүмкіндік болады. Дегенмен бұл тек жекелеген жағдайларда, яғни ұңғыманы меңгеру кезінде фонтанды құбырларды түсіру қажет болмағанда (суарынды режим кезінде қабат қысымының жоғары болуы), құмды шығару болмайды және түптік қысым мұнайдың газбен қанығу қысымынан жоғары болғанда.

 

9.8. Фонтанды пайдалану кезінде өнімді қабаттарды жеке-жеке өндіру

 

Екі өнімді қабат фонтандауы кезінде мұнай өндіру, шегендеуші құбыр және СКҚ тізбегі арқылы (жер бетіне сұйықтарды жеке-жеке көтеру), СКҚ тізбегі арқылы (жер бетіне сұйықтарды бірге көтеру) параллель немесе концентрлі орналасқан екі құбыр арқылы жүргізілуі мүмкін [1].

Бір СКҚ тізбегінде және шегендеуші құбырлар арасындағы кеңістікті пайдалануда екі қабат арасына бір пакер орнатылады. Төменгі қабаттан сұйық СКҚ тізбегі арқылы өндіріледі, ал жоғарғы қабаттан – құбыр аралық кеңістікпен. Бұл жағдайда фонтанды арматураның қарапайым схемасының бірі қолданылады.

Екі қабаттан сұйықты жеке-жеке көтеру үшін екі концентрлі орналасқан СКҚ тізбегін қолдану ұңғыманың батырмалы жабдықтарын жеңілдетеді (екі пакер немесе пакер және дроссельсіз СКҚ тізбегінде нығыздағыш) және фонтанды арматураның стандартты схемаларын қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай қондырғылар 1УФК және 2УФК шифры бойынша дайындалады. Шифрда келесі белгілер қолданылған: 1 және 2 саны СКҚ тізбегінің қатарын білдіреді; У – установка (қондырғы); Ф – фонтанды; К – тізбектердің концентрлі ілінуі. Олар диаметрі 146 және 148 мм шегендеуші құбырлар тізбегіне арналған. Екі паралелль СКҚ тізбектерін түсіруде жабдықтар дәл сондай болып қалады, бірақ жер бетіндегі арматура біршама күрделі болады. Мұндай схемалардың концентрлі орналасқан құбырларға қарағанда ерекшеліктері – парафин шөгуде екі каналды бірдей скребок арқылы тазалау мүмкіндігі. Құбырлардың орналасуының мұндай схемасында кейбір жағдайларда қабат сипаттамасы бойынша тізбектің сыртқы диаметрі оңай таңдалады. Бірақ құбырлар диаметрі 60 немесе 48 мм шектелген. Бұл қондырғылар УФЭ шифрымен белгілінеді.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Көтергіш құбырдағы арынның жоғалу шығынын қалай анықтайды?

2. Көтергіш құбыр арқылы мұнай фонтандаған кездегі ПӘК қалай

анықталады?

3. Екі өнімді қабаттан сұйықты жеке-жеке қалай өндіруге болады?

10. Ұңғымаларды газлифті әдісімен пайдалану








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 2092;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.