Алдықсыз және жартылай қалдықсыз технологиялар, тау техникалық және биологиялық рекуьтивация.

Қазіргі кезде бұрыннан салынған өндірістердің технология жағынан тозып ескіруі себебінен өндірістердің төңірегінде қөптеген қатты қалдықтар жинақталады. Көптеген сұйық қалдықтар тазалаусыз суға жіберіледі. Сонымен қатар көптеген улы заттар мен газдар атмосфералық ауаға тарайды. Сол себепті ауаға, суға, топыраққа шығып жатқан лас зиянды заттектерді азайту үшін осы заманғы ғылыми жетістіктерді пайдаланып және технологияларды қолданып, өндіріс орындарында жаңа технологияларды кіргізе бастады. Яғни, қалдықсыз,жартылай қалдықсыз,тау техникалық және биологиялық технологиялар т.б.

Қалдықсыз технология -табиғаттан шығатын табиғи ресурыстарды,энергияны тиімді пайдалану және қалдықсыз игеру технологиясы болып табылады.

Жартылай қалдықсыз технология - өндірістік үрдіс кезінде қатты қалдықтар, сүйық қалдықтар, газдық қалдықтар аз қалтын технология болып табылады.

Қалдығы аз өндірістегі міндетті шарттың бірі - алынатын өнімнің экологиялық тазалығын ғана сақтап коймай, қоршаған ортаны қорғау мен оның сапасын жақсартуға баса назар аудару болып табылады. Сонымен қатар, өндіріс жұмысының нәтижесінде өндіріске, халыққа зиян келтірмей, табиғаттаты экологиялық тепе-теңдікті бұзбауы керек. Бұл принциптерді түбегейлі орындау қалдығы аз өндірістегі маңызды шаралардың бірі болып саналады. Сонымен, қалдықтардың қоршаған ортаға әсері ешқандай да рұқсат етілген санитарлық-гигиеналық молшердің деңгейінен аспауы қажет.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің әлемдегі әдісі – төменгі температурада жағу.Жағудың осындай әдісі кезінде шығатын газдармен қоса көптеген бөлінбейтін зиянды қосылыстар мен өзара байланыстағы өнімдер шығарылады. Сондықтан, қалдықтарды жағатын зауыттар атмосфераны қосымша ластаушы ошақ көздері болуда.Қатты тұрмыстық қалдықтардың бастапқы массасының 25% көсуге жататын қалдықтар деп есептеледі.

Қалдықтарды жол-жөнекей кәдеге асыру ісінде құрамдастырылған технологияның үлкен болашағы бар. Қазіргі кезде темірді сұйық фазалық қалпына келтірудің металлургиялық агрегат базасында- қалдықтарды жоғары температурады жағудың технологиясы жасалған. Ең бастысы бұл технология кез келген көмірсутегі отынында жұмыс істей алады. Сонымен қатар, өнеркәсіп жәен органикалық тұрмыстағы қатты қалдықтарды жағу үшін табысты түрде қолданылады.

Қалдығы аз технология бойынша жұмыс істейтін жаңа кезеңнің кәсіпорындары қаланы қоқсықтан тазалап және құтқарып қоймай, құрылыс материалдары мен металдарды алып, жылумен қамтамасыз ету үшін ыстық су мен өнеркәсіптік буды өндіруге мүмкіндіктері бар.

Қоршаған ортаға қалдығы аз өндірістің зиянды әсерін шектеу критерийінің негізіне рұқсат етілген шоғырланбалы шектеу мөлшері тиісті (ПДК). Олардың негізінде рұқсат етілген шығарынды мөлшерінің (ПДВ) атмосфераға және су қоймаларын ластаушы заттектің рұқсат етілген төгінді мөлшері (ПДС) есептеледі. Рұқсат етілген шығарынды мөлшерін уақытында өлшеу ұйымдастырылып әрбір шығарынды жағдайына қарай белгіленеді.

Қазіргі кезде қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды дамытуда өндірісті экологияландырудың маңызды бағыттарының бірі- тірі организімдер және пайдалы өнімдер алу мен қоршаған ортаны тазарту үшін биолониялық үрдістердің жұмысының негізінде биотехнологияны барынша қолдануда.

Өнеркәсіптік биотехнолоагия мал азығын және тамақ өнімдерін өндіруде,оны көбейтуге, топырақтың құнарлылығын арттыруда, ауыл шаруашылыға зиянкестерімен күресуде айтарлықтай үлес қосуда.

3.Биологиялық технология - өндірісте тірі ағзаларды қолдана отырып өңдеу. Яғти, микроорганизімдер және бактериялар арқалы өндірістегі заттарды өңдеу технологиясы.

Билогиялық технологиялар мен тазалау әдістері төмендегідей :

· ауыз судың қатты базасында утилдеу және қатты тұрмыстық қалдықтарды аэроттық микробтар арқылы таратып, ыдырату;

· ауыз су мен табиғи суларды органиклық заттрдан биологиялық тазарту;

· ластанған топырақтарды микробтар арқылы қалпына келтіру;

· ауыз судағы ауыр металдары кейбір микробтар арқылы айырып тазалайды;

· биологиялық сарбинттермен ауаны тазалайды.

Жалпы алғанда қазіргі таңда жасалған технологиялар мен әдістер өнеркәсіп қалдықтарының барлық түрінің түгелге жуығын пайдаға асыруға мүмкіндік беруде. Оларды сол жиналып қалған жерде өңдеу жұмысы орынды болады.








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 4266;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.