Лекция 3 Өндірістік қалдықтар.

Мақсаты: өндірістік және улы қалдықтардың қоршаған ортаға әсері және оны жою жолдарымен танысу

Лекцияның қысқаша мазмұны:

Қалдықтар- адам баласының кез келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі қалдықтар мен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортаға тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты. Оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған. Сондықтан бұларды сақтауға,жоюға,тасуға, көмуге,зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия жұмсалып жатыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауылшаруашылығы,үй-жай шаруашылығы жатады. Осыған байланысты қалдықтар үш топқа- өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, тұрмыстық болып бөлінеді. Өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді.

Тұрмыстық қалдықтар- тұрмыстық жағдайда пайда болатын әр текті қатты қалдықтар мен қоқыстар жиынтығы. Олар қағазды, шыныны, металды, азықтық қоқысты және т.б енгізуі мүмкін. Ірі қалаларда тұрғынға шаққанда жылына 300-350 кг. Тк пайда болады. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш жоғары; Америка-744, Австралия-681, Канада-653, Нидерланд-599 кг\жыл. Т.қ-дың алып кету және жою табиғатты қорғаумен, қала ортасының тазалығын және халықтың денсаулығын сақтау мен байланысты шар-ның маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.

Энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін қарастыратын болсақ, оның зиянды әсері отынды жер қойнауынан шығарғаннан бастап электр энергиясына айналдырған және тұтынушыларға берген кезеңдердің бәрінде орын алады. Ластаушы компонеттердің түрі мен мөлшері қолданылған отынның табиғатына, химиялық құрамына және жағу технологиясына байланысты.

Қатты отынды (көмір,жертезек,ағаш,қамыс, т.б) жаққанда күл, смола, күкірт пен көміртек оксидтері, шаң бөлінеді. Екібастұз көмірін қолданғанда шығатын күлдің мөлшері Қарағандының шығатын күл көлемінен анағұрлым жоғары, оның себебі сапасының төмендігінде. Орта есеппен ЖЭО сағатына 5 тоннадай күкіртті ангидридпен және 16-17 т күлмен ауаны ластап отырады.

Сұйық отынды (мұнай мен оның өңделген өнімдерін) қолданғанда ауаға бөлінетін заттар күкірт пен көміртектің қосылыстары. Ал газды отынды (табиғи немесе сұйылтылған газ) жаққанда қоршаған орта тек азот оксиді мен ластанады.

Отынның химялық құрамында қандай элементтердің қосылыстары болса, жаққанда солардың оксидтері мен басқа да қосылыстары қоршаған ортаға таралады. Отын жаққанда табиғи ортаның ластануын азайту үшін шаң-газ ұстайтын қондырғыларды қолданған орынды. Осындай қондырғылар зиянды заттардың 90-95% ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады. Оттықтан алынған күл мен шлактардың үйінділердің сақтау біраз жер көлемін қажет етумен қатар желмен ұшып литосфераның аумақты көлемін ластайды.

Қоршаған ортаға қош пен күлдің тигізетін әсері оларды оттықтан алуға қолданылған әдіске де тәуелді келеді. Шаң мен қатар қоршаған ортаны ластайтын заттардың бірі отынды тасығанда, жинағанда оның тотығу салдарынан пайда болған қосылыстар.

Атмосфераға тасталған зиянды заттардың таралуы сол жердің адыр-бұдырлы бедеріне, желдің жылдамдығына, ауаның температурасына, бұлттылықтың биіктілігіне байланысты болады. Мысалы; ЖЭС конденсаторларының салқындату жүйесіндегі ірі сусалқындатқыштар станция аймағының микроклиматындағы судың мөлшерін жоғарлатып, тұманның пайда болуына, кейде сіркіреп жаңбыр жаууына, ал қысты күні қырау мен көк мұздың болуына себебін тигізеді. Ауаға тасталған зиянды компоненттер және тұман бір-бірімен әрекеттесу нәтижесінде тұрақты қатты ластанған ұсақ дисперсті бұлт, яғни тұмша (смог) түзіледі. Тұмшаның адам денсаулығына тигізетін залалы айтарлықтай.

Энергетика салқын судың көп мөлшерін жұмсайтын салаға жатады, судың 99% электр мен жылу энергиясын өндіруге жұмсалады. Негізінде ЖЭС мен АЭС-ларында суды көп мөлшерде пайдаланушы турбина конденсаторлары. Конденсаторларды салқындатуға ЖЭС-да 1 кВт\сағат энергия алу үшін 120 кг, ал АЭС-на 220 кг су қажет. Судың біразы басқа да әртүрлі агрегаттарды салқындатуға қолданылады,осыған байланысты жылу электростанциялары қоршаған ортаны жылумен ластандыратын көзге жатады.

Электростанциялардың ақаба сулары арқылы суаттар мұнай өнімдерімен, әртүрлі қалқыған бөлшектермен, хлоридтермен, сульфаттармен, ауыр металдардың тұздарымен, күкірт сутекпен, т.б заттар мен ластанып отырады.

Атом электростанцияларына келетін болсақ, оны дұрыс қолданса, атмосфераға тигізетін әсері органикалық отынмен жұмыс істейтін ЖЭС-ның әсерінен анағұрлым зиянсыз. Себебі АЭС жұмыс істегенде атмосферадағы оттек пен көмір қышқыл газының мөлшерін өзгертпейді, оның басқа химиялық құрамына да әсері жоқ. Қоршаған ортаны ластайтын негізгі фактор болып радиация көрсеткіші саналады. Радиацияны қоршаған ортаға шығару үшін ядролық реакция жүретін реактор көп жүйелі қорғау жүйесімен қамтамасызданады. Ең қауіпті жағдай АЭС апатқа ұшыраған сәтте орын алады, себебі қоршаған ортаға бақылауға көнбейтін радация таралады.

Кәсiпорындардың және тұтынудың қалдықтар

Облыста қатты қалдықтардың көбіне кәсiпорындардың қалдықтары құрайды, 2009 ж. І ж/ж күтілудегі көлемі 552,801 мың тонна, оның ішінде 469,633 мың тонна (85% қалдықтардың жалпы санынан) «СолтҚазЭнерго Петропавл» ЖШС күл-қожат құрайды, 77,336 мың тонна (14 %) ашылған тұқымдар. Өндіріс қалдықтардың 2009 жылы қайта өндеуі өткізілген жоқ. Облыста қатты қалдықтардың көбіне кәсiпорындардың қалдықтары құрайды, 2009 ж. І ж/ж күтілудегі көлемі 552,801 мың тонна, оның ішінде 469,633 мың тонна (85% қалдықтардың жалпы санынан) «СолтҚазЭнерго Петропавл» ЖШС күл-қожат құрайды, 77,336 мың тонна (14 %) ашылған тұқымдар. Коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар 2009 ж. І ж/ж –76,229*мың тонна құрайды, ал 2008 ж. І ж/ж –76,545 мың тонна, тұрғындардың кетуіне байланысты 0,316 мың тоннағаазайды. ҚТҚ негізгі массасы компоненттерге бөлмей ашылып тұрған үйінділерге шығарылады, олардың көбі ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді. Сонымен, ҚТҚ баланысты басты мәселе оларды елдімекендерден шығарып жою (қайта өндеу, кәдеге жарату) немесе қауіпсаздандыру керек. «2005-2007 ж.ж. арналған СҚО бойынша қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасына сәйкес облыс орталығында қалдықтарды басқару бағдарламасы әзiрленді. Бағдарламада ҚТҚ реттеп жинауды көздейді. Қазіргі уақытта қоқысты бөліп жинау жүйесін енгізу бойынша жұмыс өткізіліп жатыр. Оны үш түрге бөледі: әртүрлі ыдыстар, астың қалдықтары мен қалған қоқыстар. 2005 жылдың аяғынан бастап Петропавл қ. өтелген сынабы бар шамдарды жинап демеркуризацияға Лисаковск қ. апаратын пункт бар. Есепті кезенде кәсіпорындар мен ұйымдардан 4601 шам және 126 градусник қабылданды, демеркуризацияға (2008 ж. қалдықтарын есептегенде) 6513 шам, 2 градусник апарылды. Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша кәдегежаратылған медициналық қалдықтардың көлемі 85146,62* килограмм құрады, соның ішінде Петропавл қ. бойынша – 55392,64* кг, облыс аудандары бойынша – 29753,98* кг. Биоорганикалық және медициналық қалдықтарды жинап кәдеге жарататын ұйымдар: «Экомедзертхана» ЖШС, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында орналасқан; «3-і қалалық аурухана» КМК, Петропавл қ. 2008 ж. жергілікті бюджеттен медициналық қалдықтарды кәдеге жарату үшін «NEWSTER – 10» қондырғы сатып алынды; «Урал-К-Тред» ЖШС, Петропавл қ., бекітілген келісім шарттарға сәйкес облыс және қаланың медициналық ұйымдардан қалдықтарды жинап кәдеге жаратуға «Металлқұрылыс базасы» ЖШС, Ақмола облысы көкшетау қаласында орналасқан, апарады. 01.07.09ж. жағдай бойынша қауіпті қалдықтар дың 5981 паспортытіркелді. Паспорттарды 594 кәсіпорынұсынды, соның ішінде Петропавл қ. бойынша – 150 кәсіпорын.

Қоршаған ортаны ластау учаскелерінің 548 паспортытіркелді, 18 – Петропавл қ. бойынша.

Қалдықтар туралы ақпарат 2009 ж. І ж/ж 2008 ж. І ж/ж
ЖЭО қалдықтары (есептiк кезенде), мың тонна 469,633* 449,898
ЖЭО қалдықтары (бүкiл қызмет уақытында), мың тонна 38800,83 37933,689
Екiншi рет шiкi зат ретiнде қолданылды, мың тонна - -

 

Есепті кезеңде тұрмыстық және тұтыну қалдықтарды басқару мәселесі бойынша 41 бұзушылық анықталды, 41 жазбаша өкім берілді, айыппұл түрінде әкімшілік шаралар қолданылды. 43 айыппұл 1163,727 мың теңгеге салынды, 23 айыппұл 588,874 мың теңгеге өтелді, 3 талап 61835,195 мың теңгеге қойылды.

Біздің міндетіміз- экологиялық жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Бұл үшін:

Аймақтық деңгейде мемлекеттік басқарманың табиғатты қорғау жұмысын жүзеге асыру ауқымында:

1. Өндіріс қалдықтарымен оны тұтынуды басқару жүйесін енгізу, бұрыннан келе жатқан ластануды жоюды жалғастыру;

2. Келешекте аймағымыздың экологиясы мен қоршаған ортаны қорғау облысында ғылыми жұмыстар жүргізу; Табиғи ресурстарды қолданудың рациональдық сызбасын әзірлеу.

3. Экологиялық мәліметтердің сараптамасы мен жинақтау үрдістерін автоматтандырудың аймақтық мониторингтік жүйесін жүзеге асыру. Қоршаған орта компоненттерінің жай-күйі мониторингінің автоматтық бекеттері мен бақылаудың телеметриялық жүйесін дамыту.

4. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың қаржыландырылуы ұлғайса, экологиялық мәселелердің шешілуіне қаражат бөлінсе.

Аймақтың экономикасының экологиялануы бойынша:

1. Өндіріс облысындағы энергиялық - ресурстық тиімділікті арттыру, қуаттың альтернативті көздерінің дамуына ерекше көңіл бөлу;

2. Қоршаған ортаны қорғау облысындағы кәсіпорындардың экологиялық қарқындылығына шаралар әзірлеу, өндірістің экологиялық сенімділігінің деңгейін арттыру, экологиялық аудит процедураларын енгізу;

3. Экологиялық нейтральды өндіріс пен жергілікті экологиялық бағдарланған және қорғау айналасындағы технологияларды дамыту, шағын және орта бизнес жұмысына экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

4. Экологиялық туризмнің дамуына белсенді түрде қолдау жасау.

 








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 14512;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.