Жараның жазылу кезеңі

 

Нейропатиялық түрінде науқастың аяғы жылы, терісі боз, бірақ сезімталдығы өте төмен. Соның әсерінен науқастар ыстықты сезбей, жиі күйіктерге ұшырайды. Зертханалық және құрал - жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері.Қант сусамырын айқындау үшін қандағы және зәрмен бөлінетін глюкозаның тәуліктік мөлшерін анықтау қажет. Аш қарында сау адамның қанында 3,3 – 5,5 ммоль/л (60 – 100мг %) глюкоза болады. Қалыпты түрде ол зәрмен бөлінбейді. Қант сусамырына шалдыққан адамдардың қанында глюкоза тым көбейіп 7,7 ммол/л артады (гипергликемия), зәрмен бірге шығады (глюкозурия). Осы себептен зәрдің салмағы жоғарлайды. Қант сусамырының асқынған кезінде кетонемия мен кетонурия байқалады, тіндерде қышқыл заттар көбейіп, ацидоз дамиды. Қант сусамырының латентті жасырынды түрін анықтау үшін глюкозаға толеранттылық сынағы қолданылады. Аш қарында глюкозаның мөлшерін анықтап алып, науқасқа 75 гр глюкоза ішкізу керек. арнаулы уақыттан кейін қандағы глюкозаның мөлшері анықталады. Сау адамның қанындағы глюкозаның мөлшері 1 сағаттан кейін 9,9 ммольден, ал 2 сағаттан кейін 7,3 ммоль/л – ден артпауға тиісті. Егер глюкозаның мөлшері бұдан жоғары болса, зерттелген адам қант сусамырының жасырынды түрімен сырқат болғаны. Тағайындалған инсулиннің мөлшерін анықтау үшін науқастың бір тәулік бойы қандағы (гликемиялық сынақ) және зәрдегі (глюкозуриялық сынақ) көрсеткіштерін табады. Сканерлеу және ультрадыбыс әдістерін жүргізе отырып, ұйқы безінің көлемін, Лангерганс аралшасындағы торшалардың жағдайын, қабыну дәрісінің айқындығын байқауға болады. Қан тамырларының зақымданып, қан айналысының бұзылғанын электрофизиологиялық тәсілдермен (электрокардиограмма, реовазограмма) анықтауға болады.

Емі. Қант сусамырының бірнеше емдік қағидалары бар. Негізгі қағидасының бірі емдәм тәртібін сақтау. Егер науқас адам өзін - өзі тежеп, қажетті емдәмді ұстамаса, басқа қолданған дәрілердің әсері дұрыс болмайды. Емдәмнің басты шарты – ішетін тағамның құрамында сіңімді көмірсулардың аз немесе мүлде болмауы. Оның есесіне тамақтың құрамында көкөністер, витаминге мол жидектер болғаны жөн. Науқас адам аз – аздан, күніне 4 – 5 рет тамақтанғаны жөн. Науқастың тәуліктік қорегінің құрамындағы ақуыз, май және көмірсуларының ара қатынасы физиологиялық талапқа сай болуы тиісті. Қант сусамырында тағамдардың құрамында өте сіңімді көмірсулар (бал, қант, қантты шырындар, тәтті нандар, картоп т.б.) болмағаны жөн. Емдәмнің әсері болмағанда қант сусамырының негізгі ем қағидасы қандағы глюкозаны азайтатын дәрілерді қолдану. Оларға бигуанидтер мен сульфаниламидтер тобының дәрі-дәрмектері жатады. Бигуанидтер глюкозаның ішекте сіңірілуін азайтып, адамның тәбетін кемітеді, глюкогенез дәрісін бәсеңдетеді. Бигуанид дәрілеріне адебит, силубинретард, глюкофаг, диформен жатады. Сульфаниламид дәрілері ұйқы безіндегі В – торшалардың инсулин түзі қабілетін күшейтеді. Сонымен қатар олар бауырда гликоген түзілуіне әсер етеді. Сульфаниламид дәрілеріне бутамид, букарбан, манинил, глюреном жатады. Қант сусамырының инсулинге тәуелді түрінде міндетті түрде инсулинмен қолданады. Инсулин қолданылатын жағдайлар: инсулин тәуелді қант сусамыры, кетоацидозды жағдай, басқа ауру қосарланғанда, науқасқа ота жасағанда, басқа дәрілердің әсері болмағанда. Инсулин емі үш басты қағидаға негізделеді: инсулин жеткіліксіздігін реттеу, зат алмасу дәрісінің өзгерістерін қалпына келтіру, аурудың асқынуларының алдын алу. Бұл жұмыс нәтижелі болу үшін сырқатқа ұшыраған науқас өз ауруын, емдәм, қимыл жағдай тәртібін біліп, өзін - өзі бақылай алу керек. Қандағы қанттың мөлшерін кемітетін дәрі – дәрмектермен қолдану ережелерін жақсы білгені жөн. Сонымен қатар шұғыл жағдайларда науқас және оның туыстары дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсете білу керек. Инсулиннің тәуліктік мөлшерін анықтау үшін қандағы және зәрдегі глюкозаның шамасын білу қажет. Кейінгі кезде қанттың қандағы деңгейін жедел анықтау үшін әртүрлі түсті жолақтарға негізделінген глюкомер құралы, ал аурулардың инсулинді өздері дұрыс мөлшермен берілуіне шприц - қаламсап қолданылады. Керекті инсулиннің мөлшері былайша есептеледі: қандағы 8,33 ммоль / л – ден жоғары глюкозаның әрбір 0,28 ммоль/л инсулиннің 1 бірлігі қажет. Инсулиннің 1 бірлігі қандағы қанттың мөлшерін 2,2 ммоль/л азайтады. Инсулиннің күндізгі және түнгі мөлшерінің ара қатынасы 2:1 шамасында болуы қажет. Науқастың инсулинді неше рет қабылдауы тағайындалған инсулиннің түріне байланысты: әсері қысқа мерзімді инсулин күніне тері астына 3 – 4 рет беріледі, орташа әсерлі инсулин күніне 2 рет беріледі. Оны қысқа немесе ұзақ әсерлі инсулинмен бірге қолданылады. Ұзақ әсерлі инсулинді тәулігіне 1 рет беріп, оған қоса тамақ ішер алдында қысқа әсерлі инсулинді берген жөн. Кейінгі кезде бір шпирцке қысқа мерзімді және ұзақ әсерлі инсулинді қосып сорып алып енгізеді. Инсулин қабылдайтын науқастардың қанындағы қант мөлшерін бақылап отырған жөн. Сонымен қатар қант сусамырына шалдыққан науқастар тұрмыс тәртібін сақтау тиіс.Қазіргі кезде бұл сырқаттармен және олардың туыстарымен “Диабет мектептерінде” ақпараттық жұмыс жүргізіледі. Инсулин терапиясының ережелері ұсынылады(егу уақытының тәртібі, керекті мөлшерін анықтау, егу технологиясы).

Болжамы. Сырқат қозып отыруға бейімделген. Дұрыс емделмеген жағдайда, тұрмыс, тамақтану тәртібін сақтамаған науқастарда әр түрлі асқынулар дамып өміріне кедергі болуы мүмкін.

Алдын алуы. Біріншілік алдын алуға рационды тамақтану, дене шынықтыру, семіздіктің алдын алуы жатады. Жануар майын көп қолдануға болмайды. Сонымен бірге тамақтануды шектеу жасы үлкен және қарт адамдарға сақтау керек. Тұрғындарға бір қанды некенің және диабетпен ауратын адамдар араындағы некенің генетикалық қауіптілігін түсіндіру қажет. Қант сусамырымен сырқаттанған пациенттер диспансерлік тізімге алынып эндокринологпен қаралып отырады.Қаралудың жиілігі сырқаттың ауырлығына байланысты. Қант сусамырының жеңіл түрінде жылына 1 рет, орташа түрінде 3 айда 1 рет, ал сырқаттың ауыр түрінде науқастар аптасында 1 рет қаралып отырады. Әр кез қарағанда көз көру аймағын анықтайды. Науқастар қант сусамырына арналған мектептерге барып, керекті мәліметтер алады. Өз өзін бақылау ережелерімен танысады. Тамақтануды жоспарлайды. Физикалық күшті шектейді. Қандағы қанттың мөлшерін азайтатын дәрі-дәрмектерді қабылдайтын ережелерімен танысады. Жеке басына арналған жұмыс және демалу тәртібімен танысады. Үшіншілік алдын алу ағзаның физиологиялық жағдайын күшейту болып табылады.

 








Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 1556;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.